Қош келдің, әз Наурыз!

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Жүргізуші: - Армысыздар, ұстаздар, ата - аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз - «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн - біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Наурыз - көктем мерекесі.
Наурыз - жыл басы.
Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.

Наурыз - қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.

Наурыз - шаруаның мерекесі.
Наурыз - еңбек мерекесі.

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Хор: «Наурыз той»

Фатима: Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!

Ислам: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.

Ілдияс: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы - жыр - аңыз.

Жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық. (Жұптарды ортаға шақырамыз)


1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 6 байқаудан тұрады.
1.Кел, танысайық

2.Өнерлі өрге жүзер

3.Ою ойғанның ойы ұшқыр

4.Ұлттық тағам

5.Сұрақ-жауап

6.Ұлттық киім үлгісі


2 - жүргізуші: Әділ - қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтеді.


1 - жүргізуші: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем - сөздің анасы,»
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу - ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? - деп «Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

2 - жүргізуші: Бауырласқан тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр менен салтымыз- дей отырып келесі кезеңге бастайық. Келесі кезең ұлттық тағам.

1 - жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді. Би сайысы)


2 - жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.


1 - жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ - қазы әділ баға - деп, әділ - қазыларға сөз кезегін береміз.

2 - жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Хормен: Наурыз!
1 - жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл - көсір!

2 - жүргізуші: Қашанда құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Құттықтау ата - аналарға беріледі.

© 2010-2022