Көжектер серуенде ұйқыдан кейінгі жаттығу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көжектер серуенде


Мақсаты:

Балалардың денсаулығын нығайту, дене бітімін жақсарту. Ұйқыашар жаттығуларына қызығушылықтарын арттыру. Қимылдың іскерліктерін жақсартуға тырысу оларды дұрыс және дәл орындауға үйрету.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру.

Көрнекіліктер: денсаулық кілемшелері, ілгектер, моншақтар, қарындаштар үстімен жүру, бақша, сәбіз, жаңғақ, жапырақ, көжеткре киімдері.

Шаттық шеңбері:

Жайнап өскен гүлдейміз,

Жарқыраған күндейміз.

Біз бақытты баламыз,

Амандасып аламыз.

  • Сәлеметсіздерме?

Жарайсыңдар, балалар! Әрқашан дендерің сау, күшті, әдемі болып өсіңдер. Дені сау, күшті балалардың жүрегінің соғысы қалай соғып тұр екен? (тук - тук). Балалар, осы жүрегіміздің жылуын келген қонақтарымызға, достарымызға сыйлайықшы?! (алақандағы жүрек жылуын үрлейді).

1.Ояну

Ояну үшін тезірек

Бойымызды созамыз

Күнге қарап күлімдеп

Көзімізді ашамыз.

Бойды түзе, көтер басты

Сергіп оян сен енді.

2. Гимнастикалық жолмен жүру.

Көжектерім тұрыңдар,

Жаттығуды бастайық

Шынығайық тұрайық.

Бір - көтер кәне тұмсықты

Екі - төмен ұста құйрықты

Үш, төрт - жаныңа соз қолыңды

Бес дегенде секір көрсет бойыңды.

3. Жүгіру

4. Жалпы дамыту жаттығулары.

а) «Қане қайсы алақан» жаңғақпен жаттығу. Кілемшеде отырып алақандарына жаңғақпен жаттығу жасайды.

ә) «Әдемі саусақтар» жаттығуы.(қол,аяқ саусақтарына арналған)

б) «Тербелу» жаттығуы. (тізені құшақтап отыру)

в) «Көңілді көжектер»жаттығуы.(арқаға массаж)

г) «Ұзын - қысқа аяқтар» жаттығуы.(аяқ бұлшық еттеріне арналған)

Көжектер серуенге шықты.

Бір - екі, бір - екі

Аяғымыз жүреді

Ілгектермен, тастармен

Әдемі ирек жолдармен

Табанға массаж жасаумен

Бух - бух

Бақшаға келдік.

«Шөп шабамыз» тыныс алу жаттығуы.

Көжектер сәбізді бір - бірден алып музыка әуенімен әртүрлі жаттығулар жасайды.

Денсаулығым керемет

Жаттығуға рақмет.

Көжектер қазір жылдың күз мезгілі болғандықтан ағаш жапырақтары сарғайып жерге ұшып түсіп жатыр екен. Біздерде ағаш жапырақтарын үрлеп ұшырайықшы. Үф - үф - үф

Ғажайып сәт.

Қасқыр келеді.

«Қасқыр мен көжектер» қимыл - қозғалыс ойыны.

Қасқыр көжектермен бірге желді шариктерді үрлеп ұшырады.

Психо жаттығу: «Ыстық - суық»

Міне, бүгін ойнадық

Ойнадық та, ойладық.

Көжктре боп жүгіріп,

Сәбіздерді жинадық.

Бүгін жаттығу жаңаша

Қалмадық біз оңаша

Біздің балабақшада

Күнде осындай тамаша!


© 2010-2022