Ертеңгілік Жаңа жылдық маскарад

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жаңа жылдық маскарад»

Зал жаңа жылдық шыршамен безендіріледі. Музыка ойнап тұрады.

Қоян:

Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,

Басталады Жаңа жылдық маскарад,

Маска да бар, би де бар, асығыңдар,

Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.

Тигр шығып, екеуі шыршаны әдемілеп, әндетіп жүреді.

Осы кезде Маша ақ қарды домалатып келеді.

  • Мен аққала жасай алмай жүрмін. Көмектесесіңдер ме?

Қоян: Солай ма, сенің Миша досың бар емес пе, соган неге айтпайсың?

Маша: Мен аққаланы Мишаға жаңа жылдық сыйлық ретінде тарту етпекшімін.

Тигр: Жарайды, Машенка, біз саған көмектесейік. (барлығы аққала жасайды.)

Маша: Ой, алақай, қандай әдемі аққала, рахмет достар, енді Мишаны мұнда шақырып келейік. Мишаны іздеп кетеді.

Осы кезде Қасқыр ортаға шығады.

  • Қоян қайда, балалар қайда? Қарным ашты.Сендер не істеп отырсыңдар?( балаларға қарап)

Түлкі келіп қылымсиды.

  • Қасеке, сіз оларды неге іздейсіз? Одан да сен тәп-тәтті Маша қызды жесейші. Әне өзі де кетіп бара жатыр.

Қасқыр: Солай ма? Қазір мен ол қызды мына қақпаныма түсірейін.

Жіпті Машаға қарай лақтырғанда, Маша жіпті ұстап аладыда Қасқырдың өзін жіппен матап тастайды.

Қасқыр: Ой-ой-ой, құтқарыңдар, бұл не деген пәле.

Маша:Қазір, қазір, құтқарамыз!- деп жанынан укол алып, қасекеңе салып жибереді.

Қасқыр: Ойбай ай, ойбай, бай- бай-бай!!!!Қойдым, болдым!

Маша: Аха-а-а, солай ма?Жауыздық жасауды қоясың ба, мына балаларға уәде бер!!!

Қасқыр: Қойдым, қойдым,балалар, мені кешіріңдер!!!

Осы кезде ортаға Миша шығады: - Жарайды,Машенка, бір ашуынды маган бер. Жана жылды жаксы коніл- күймен тойлайык.

Маша: -Миша досым, сен кайдан келдін? Мен саған сыйлық даярлап қойдым, қарашы.

(Музыка ойналады)

Осы кезде Жалмауыз тың тыңдап:

  • аааа жаңа- жыл тойламақшысыңдар әәәәә!! Мен сендерге көрсетейін тойлағанды.Қазір мына сыйқырлы таяғыммен бәріңді қатырып тастайын бәлем. фунти, фунти, фунти мат, қане бәрің қат!!!! Аңдар қатып қалады.

Жалмауыз кемпір ортаға шығып: - ха-ха-ха солай ма !!! Әй, сендер кімсіңдер, мұнда не істеп отырсыңдар. ААААА сендер де жана жылды тойлауға келдіңдер ме? Жооооооқ, тойламайсыңдар, тойлатпаймын. Мына шырша неге жанып тұр, қазір жанғанды көресетейін. -фунти, фунти, фунти мон, қанееееее шыршаааа тезірек сөн!

Жалмауыз кемпір: Ойбай белім, ойбай! Маған не болды? Ойбай белім , белім. Мен біраз жата тұрайын. Шулаушы болмаңдар. (шыршаның түбіне жатады).

Осы кезде Аяз-ата, ақшақар келеді.

Аяз-ата: - Оу, мында не деген тыныштық? Неге ойын жоқ. Неге күлкі естілмейді. Амансыңдарма ұлдарым, амансыңдар ма, қыздарым? Жаңа жыл қарсаңында жүздерің неге солғын? Кім мына шыршаны сөндірген (балаларға қарайды)

  • Жалмауыз кемпір.

(Аяз-ата жалмауызға жақындайды.)

Аяз ата: - А-а-а тағы да сенсің бе?

(Жалмауыз орнынан атып тұрады)

Аяз ата: - Мен саған бұл жерге келме дегенім кайда?

Жалмауыз: - Кешір, кешір Аяз ата! Мен байқамай келіп қалдым... Мен де жаңа-жылды тойлағым келеді. Өтінем, өтінем (қолын қусырып) Мен де балалардың көңілін көтерейінші.

Аяз Ата: - бұл адамдардың қандай кінәсі болды, сен осы сиқыр деген пәлеңді қашан қоясың ааааа.

Жалмауыз: - Казір, қазір, тірілтем аташым!

Аяз ата : Мына шырша шамдары неге жанбаған. Қане , балапандарым, «шырша шамы жарқыра!» деп айғайлайықшы! Ай, жарайсыңдар,Қане көніл көтеріңдер, би билейік!!!

Бәрі билейді қуанады.

Аяз Ата: Ал, Машенка сендерге аранап акелген сыйлығымды ала қойыңдар.

Мыстан : Маған- маған деп қолын жаяды.

Аяз- ата: Сен ,Мыстан, сыйлық аяғың келсе мына балаларды күлкіге батырып, көңілін көтер. Сонан соң аласың.

Жалмауыз: Шын айтасың ба?

Аяз-Ата: Аяз ата ешқашан өтірік айтпайды.

Ендеше, Жалмауыз, биле, тоқтама! (Жалмауыз билейді)

Әбден шаршап, сілесі қатып, орындыққа отыра кетіп: УФ, ох шаршадым! (Су бар ма, су?)

Аяз ата жалмауыздың алдына бір шелек су қояды. Одан сіміріп ішкен Жалмауыз: Әй балалар, неге маған бақырайып отырсыңдар.Су ішесіңдер ме? Мә ендеше су-деп шелектегі «дождиктерді» балаларға шашып жібереді.

Аяз-Ата: Ах-ха-ха жарайсың Жалмауыз балалардың көңілік бір көтеріп тастадың. Ал енді, бір ойын ойнат балаларға.

Ойын «Арқан тартыс»

Мыстан: Қане сыйлығың? Міне (аяз атаның сыйлығын қарайды) тфу-тфу мынау да сыйлық па? Жейсің, жейсің, сосын аузыңда дәмі де қалмайды. Менікін көріңдер, міне менің ғасырлар бойы жинаған сыйым-м-м.

  1. Сиқырлы Скатерт . мынау менің сықырлы дастарханым.

1,2,3- менің қарным аш,

Банан, чипси,мороженный,

алма ,йогурт,дайын бол!-десең бәрі әп-сәтте дайын тұрады. Қане менің дастарханым кімге керек а ? мә- деп лақтырады.

  1. Көйлек көрсетеді-мынау менің күйеуге шыққанда киген көйлегім. Кім кигісі келеді мә-мә алыңдар мен сияқты әдемі боласыңдар.

  2. Мынауда сиқырлы таба. Піс десе тамақ піседі.

Мына жағы менің айнам қарасаң әп-әдемі болып көрінесің м-м-м. Мен қандай сұлумын.Кімге керек . Менің сыйлықтарым ұнады ма? -деп жинастыра бастайды.

Осы кезде Сағат соғылып, жаңа- жылдың келе жатқанын хабарлайды. Ортаға ирелеңдей басып Әб Жылан келеді.

Жаңа- Жыл:


Аяз- Ата : Қош келдің Жаң Жыл, Жаңа ғасыр, Жаңа жыр! Төрлет, төрлет, төрге оз! Төгілт ән мен жаңа жыр!

Аяз- Ата: жаңа- жылмен бірге тағы бір ойын ойнайық! Қане , Жәкесі (жалмауызға қарап) баста. Ойын : «қоңырау» - ойналады.

Маша: Аяз ата, шыршаны айналып ән салмадық қой.

Аяз Ата:Ойбай ау, Машенка, оны ұмытып кетіппіз гой, қане, балалар, келіңдер, шыршамызды айналып ән салайық.

Осы кезде радио: Аяз -ата, аяз-ата! Сізді орман аңдары жаңа жылдық шыршаға күтіп отыр.

Аяз- Ата: Ай қызым қайдасың кел, кететін мезгіл де болып қалыпты ғой, балаларымызға арналған сыйлығымызды үлестірейік. Келіңдер баларым аталарыңның базарлығынан құр қалмаңдар.


Балаларым,балғындарым, қане кімде қандай өнер бар?Ұялмаңдар, ортаға салыңдар.

Балалардың өнерлері. Әр топ өнер көрсетеді.








© 2010-2022