Ертегілер әлеміне саяхат ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шалқар қаласы «Бәйтерек» мектепке дейінгі балалар мекемесі.

Тәрбиеші:Кенжебаева Гүлмира Дүйсенғалиқызы.

Білім беру саласы: «Таным» «Қатынас» «Шығармашылық»

Оқу іс-әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ертегілер әлеміне саяхат»

Мақсаты:Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету.Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін,қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.Сөздерді анық айтуға дағдыландыру,есте сақтау қабілетін дамыту.Ермексазбен жұмыс істеуге үйрету,конструктордан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау. Достыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: «Шалқан» ертегісіне арналған костюмдер «Шалқан» муляжі,ертегі мазмұнына сәйкес-таблицалар,шұбар тауық муляжі, «Үйшік» ертегісінің мазмұнына сәйкес-таблицалар.Аю костюмы,магнитті тақта,үнтаспа.

Әдіс-тәсілдер:Ертегі айту,сахналау,сұрақ-жауап.

1)Балаларды ынталандырып,сезімдерін ояту мақсатында Шаттық шеңберінен бастаймыз:

Күн шығыпты,алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң! Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін.

Сәлеметсіз бе!

Бәріміз күндей жарқырайық,

Бәріміз тату болайық!

-Достығымыз жарассын,-деп келген қонақтармен амандасайық.

-Бүгін бізде өзгеше сабақ болады.Біз сиқырлы поезға отырып барлығымыз ертегілер еліне аттанымыз.(балалар бір-бірінің иығынан ұстап А.Қалаубаеваның орындауындағы «Ертегілер»әнінің ырғағымен поезд болып қозғалады).

1 аялдамаға келдік-қане,мына аялдамадағы суретке қарап аялдаманың атын тауып көрейікші? (Магнитті тақтаға бекітілген ертегі кейіпкерлерінің суреттеріне қарап отырып балалар «Шалқан» ертегісі деп жауап береді.)

-Қане,балалар,біз «Шалқан »ертегісін есімізге түсірейікші(Балалар жарты шеңбер құрып отырады. Ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киген балалар ертегіні сахналайды.)

-Ал, енді саяхатымызды жалғастырайық.

2-аялдама-мына жерде қызықты суреттер ілініп тұр балалар.Қане қарайықшы,бұл қандай ертегі?

Суретте не бейнеленген?(Қабырғадағы суреттерге қарап,балалар бұл «Үйшік» ертегісі екенін айтады.)

Сұрақ-жауап:-Үйшікке кім бірінші болып келді? Тағы да кімдер келді? Үйшікте барлығы нешеу

болып тұра бастады? 4-ші болып кім келді? Соңынан кім келді? Аю не деді?

Ғажайып Сәт:Есік қағылып,аю жылап келіп тұр. (Аю костюміндегі бала)

Аю,саған не болды? Неге жылап тұрсың?

Аю үйшіктің құлап қалғанын айтып,балалардан үйшікті құрастыруға көмектесуін сұрайды.

-Аюға көмектеміз бе,балалар? (Балалар «ия» деп жауап береді)

-Олай болса,алдымен аюды көңілдендіріп алайық,иә,балалар:

Сергіту сәті:Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.(Балалар тиісті қимылдар жасайды)

-Аю,сен бізбен бірге саяхатқа жүр.Біз саған келесі аялдамаға барғанда үйшігіңді құрастыруға көмектесеміз.

3-аялдама:Магнитті тақта бұрышында орналасқан шұбар тауықтың муляжі,тақтада сурет -таблицалар:

-Балалар,мынау не? (тауық)

-Қандай тауық? (Балалар шұбар тауық-деп жауап береді)

-Олай болса бұл қандай ертегі? («шұбар тауық» ертегісі)

Үнтаспадан шұбар тауықтың дауысы:-Саламатсыңдар ма,балалар?Сендер мына суреттерге қарап ертегіні айтып бере аласыңдарма? (Балалар сурет арқылы ертегіні естеріне түсіреді)

-Енді сендерге өтініш:менің балапандарымның қарындары ашып қалыпты,соларға арнап тары дайындап бере аласыңдарма? (балалар жарыса иә -деп жауап береді)

-Қане,балалар ,бәріміз бірігіп аюға үйшік құрастыруға,шұбар тауықтың балапандарына тары дайындауға көмектесеміз е? (Балалар екі топқа бөлінеді.Ұл балалар аюдың құрастырмалы үйшігін құрастыруға,қыз балалар шұбар тауықтың балапандарына тары дайындауға көмектеседі)

Риза болған аю мен шұбар тауық балаларға алғыстарын айтады.

Балалар поездарына мініп,көңілді әуенмен топтарына қайтады.

Сұрақ-жауап:Балалар,біз бүгін қайда бардық?Не көрдік? Не істедік?

-Балалар,біз бүгін сиқырлы поезға отырып ертегілер еліне бардық. «Шалқан», «Үйшік» «Шұбар тауық»,ертегілерінің кейіпкерлерімен кездесіп,ертегілерді еске түсірдік,аюға,шұбар тауыққа көмектестік,-деп балалар жарыса жауап береді.

-Бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнадыма? (Балалар барлығы да ұнағандарын айтады.)

Күтілетін нәтиже:

Білді:Суретке қарап мазмұнын айта білу.

Меңгерді:Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін,қимыл-қозғалысын келтірді. Ермексазбен,конструктордан өз еріктерімен жұмыс дағдыларын көрсетті.

Игерді:Сөздерді анық айтып,есте сақтау қабілеттерін дамытты.


© 2010-2022