Тақырыбы: Әжелер ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Әжелер ашық сабақ Бекітемін _______________

«Жітіқара ауданы әкімдігінің

білім бөлімі» ММ

МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы

Директоры Жаныспаева Ж.Б





Тақырыбы: Әжелер ашық сабақ



Тәрбиеші: Кульбаева А.С

2015 жыл

Мақсаты: Қазақ халқының салт - дәстүрлерін қолдана отырып балалардың

шығармашылығын арттыру, балаларға патриоттық тәрбие беру.

Хабаршы: Сүйінші! Сүйінші! Көктем келді! «Қарлығаш» балабақшасында

Наурыз тойы басталды! Естімегендер естіңдер! Тойдан қалып

қоймаңдар.

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, балабақша кізметкерлер, балалар!

Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз бәрімізге

бақ - береке әкелсін! Наурыз құтты болсын!

Қыдыр ата: Армысыздар , халайық,

Бармысыздар , халайық

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық!

Мен қыдыр атамын наурыз мерекесі құтты болсын, отбасына бақ береке әкелсін.

Ойын: «Арқан тарту»

Юлия: Наурыз бұл мереке

Құтты болсын береке

Қыдыр ата келсін

Жақсы тілек әкелсін.

Алексей: Уа, ағайын халайық

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтын

Наурыз тойы бастайық.

Байкен: Күн мен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді,

Соңы тойлар ел енді

Наурыз тойы - салтымыз,

«Көгерсін» деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

Санжар: Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі біздің әніміз.

Вадим: Жыл басы Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боянды

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!

Алихан: Көктем келді, көктем келді!

Сәлем, сәлем Наурыз!

Көктем келді, көктем келді

Би билейміз бәріміз.

Арыстан: Наурыз тойым,

Құтты болсын халайық!

Қане достар!

Шырқап әңге салайық!

Ән: «Наурыз».

Жүргізүші: Наурыз - ұлыстың ұлы күні. Наурыз мұсылман қауымның

ұлттық мейрамы. Наурызда табиғат оянады, қоршаған ортаның

бәрі жаңарып күн мен түн теңеледі. Жұртшылық өз үйін, ауласын

тазартады. Әдемі киімдерін киіп, бір - біріне қонаққа барады,

шын көнілден сыйлыққтар сыйлайды. Бұл күні барлық реніштер

ұмытылады. Әжелер қонаққа келеді.

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын,

«Қазақ» атты үлкен - кіші балдырған- деп сайысымзды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайыскер әжелерімізді қол соғып ортаға шақырамыз. Мерекеге қош келдіңіздер!

Әділдікпен бұл сайысты байқайтын,

Туралықтан ешқашанда қайтпайтын

Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасы тағайындалады.

Әжелер жеребе арқылы реттік нөмерді анықтайды.

Сайыс шарты 4 турдан тұрады.

Жүздің түсін танығанша , бірдің атын біл! (таныстыру)

Шебердің- қолы алтын. (үй тапсырмасы)

«Өнерлі- өрге жүзеді». (өз өнерлерін көрсету)

Ас адамының арқауы. (ұлттық тағам)

Ән: «Все мы друзья» !


  1. Бөлім. Таныстыру.

Жүргізуші:

Өнер қуып әжелер өтер дейміз.

Бір басына өнері жетер дейміз,

Сайысқа келген әжелер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз. (Әжелер өздерін таныстырады).

Жүргізуші:

Балаларды көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Биле биле қуана

Би: «Наурыз» биі


  1. Бөлім. Қол өнер.

Жүргізуші:

Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз дария

Қолдарымен өнерлі

Текемет , киіз, құрақ құрайды. (әжелер үй тапсырмасы бойынша қол өнерлерін көрсетеді).

  • Ендігі кезекті балаларға берейік.

Мансур: Бата беріп атамыз

Бата беріп анамыз

Тәтті болып жасалған

Науырыз дәмін татамыз

Арина: Әжем мені жасымнан

Тастамйды қасымнан

Аялайды өсірді

Сипаушы еді басымнан

Айым: Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді

Толқын: Бидай ,күріш , тары бар

Бар сүр етпен шұжығы

Ащы құрты тағы бар

Көже елдің ырзығы

Данияр: Көктем ,көктем

Нұрын төккен

Күтіп елі көптен

Келді ғой көктем

Роман: Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Байлық ,бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне

Сергей: Наурыз тойым, наурыз тойым

Құтты болсын халайық.

Ән: «Мереке»

  1. Бөлім Әжелердің өнері.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп, ал біреу ән салыпты

Бүгінгі күн сайыта бәйге алуға

Әжелер аянбай-ақ жан салыпты. (әжелер өз өнерін көрсетеді)

Жүргізуші: Мың бұралған биші ұлдарымыз « » би билейді.

Ойын: «Қол күрес»

  1. Бөлім Ұлттық тағам.

Ұлыс күні тағам толса

Ол жылы ақ мол болар

Әжелер ұлттық тағам жасаса

Қолдарынан бал тамар. (әжелер ұллытқ тағам туралы айтады).

  • Ендігі кезекті тақпақтарға берейік.

Аружан: Наурыз тойы тамаша

Наурыз тойы жанаша

Табиғаты тамаша

Тамылжып тұр жараса.

Айдана: Наурыз келді сан құрып

Жасарып жаңғырып

Құлпырды жер мен көк

Мейірім таң күліп

Сати: Наурыз тойы салтанат

Наурыз тойы мархаббат

Әр жүректен ән тарап

Шаттанады шартарап

Лилия: Қарды ертіп жылғасы

Наурыз келді жыл басы

Шуақ төкті жарық күн

Мейрамында халықтың

Марк: Қане достар, қане достар

Шырқан ән салайық.

Ярослав: Наурыз жауын, наурыз сән

Әсем әуен сазды ән:

Ән: «Көктем келді».

Қорытынды : ендеше әжелерімізді , қонақтарымызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Наурыз мерекесі құт береке, байлық әкелсін!

Би: «Қара жорға» ата- аналар мен қонақтар мен бірге билейміз.





© 2010-2022