Күз сыйлықтары атты ертеңгілік

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Күз сыйлықтары»

Ел байлығын арттырған берекелді де, мерекелі күз мезгілі де келіп жетті. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін қамбаға сыйлайды. Алтын күз мерекесіне орай 22-қазан күні №2 мектеп-балабақша кешенінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен «Балдәурен» ортаңғы және «Балдырған» II кіші тобтары арасында «Күз сыйлықтары» атты ертеңгілік өтті. Күз сыйлықтары атты ертеңгілік

Ертеңгіліктің мақсаты - балалардың күз мезгілі туралы алынған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, көңіл көтере білу сезімдерін дамытып, сыйластыққа, әдептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ертеңгілікте балалар ата, әже, саңырауқұлақтар және әр түрлі жеміс-жидектер рөлдерін сомдап, сахналық көрініс көрсетті. Атап айтатын болсақ, алма, банан, жүзім, кәдіш, қияр, бұршақ, құлпынай, өрік, алмұрт, т.б. жемістер болып киініп, көздің жауын алды. Күз сыйлықтары атты ертеңгілікКүз сыйлықтары атты ертеңгілік

Ертеңгіліке қонаққа ертегі кейіпкерлері мыстан кемпір, аю,қоян, күз ханшайымы және оның 3 айы келіп, балалармен бірге ән айтып, би билеп, ойын ойнап, көңілдерін көтерді.

Бүлдіршіндер «Жігіттер», «Саңырауқұлақтар» биімен көзге түсіп, «Мы корзиночки несем», «Кел бейлейік», «Қуыршақ» әні мен алтын күзге байланысты өлең шумақтарын тарту етті.Күз ханшайымы балаларға «жапырақтар жинау» ойынын ойнатып, ал аю балалармен бірге «Ормандағы аю» сергіту сәтін балалармен бірге орындады. Күз ханшайымы өзінің себетіндегі күзгі жемістерін балаларға сыйлады. Сонымен қатар, балалардың ата-аналарымен бірге «Көңілді күз » тақырыбына дайындаған қолөнерлерінен көрме жасалып, үздік қолөнер жасаған ата-аналар мақтау қағазымен марапатталды. Күз сыйлықтары атты ертеңгілікКүз сыйлықтары атты ертеңгілік

Балалардың ертеңгіліктен алған әсерлері, олардың көңіл-күйлері әрбір тәрбиешінің жұмысының жемісі.

«Приозерск қаласының

№2 мектеп-балабақша кешені» КММ -нің «Балдәурен» ортаңғы тобының тәрбиешісі Оракбаева А.М.



© 2010-2022