Тіл дамыту Білім еліне саяхат

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі:Тіл дамыту.

Тақырыбы:Білім еліне саяхат.

Мақсаты:Білім әлемі туралы түсінік беру. «1 Қыркүйек-Білім күні» екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, балабақша табалдырығын аттаған балаларды құттықтау.Саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту.Ұжымды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Қостілдік құрам:мектеп-школа, сынып- класс, қыркүйек- сентябрь.

Оқу іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивация-лық кезеңі.



Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

-Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір-біріміздің жүзімізді көреміз, бір-бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз. Бүгін - мереке. Еліміздің түпкір-түпкірінде білім күнін атап өтуде. Бүгінгі мерекелік көңіл күймен бір-бірімізге қуаныш сыйлайық.

-Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

-Балалар, бір-бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіңдіңдер?

-Жылылық, қуаныш т.б

Өлеңді қайталап айтып, не сезінгендерін айтады.

Ұйымдастыру, іздену








Дәптермен жұмыс.








Тәрбиеші балаларға «Білім» еліне саяхатқа шығатындарын, алдарында қызықты тапсырмалар күтіп тұрғандығын айтады. Оқу іс-әрекеті барысында бірнеше аялдама болатындығын, әр аялдамада сұрақтарға жауап беретіндіктерін, тапсырмаларды орындайтындықтарын және дыбыстар мен әріптер, сандар жайлы мәліметтер алатындықтарын хабарлайды.

«Әдебиет әлемінде» аялдамасы.

Бұл аялдамада өлең-тақпақтар, жұмбақ-жаңылтпаш, ертегілер, қызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.

-Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер?

2. «Әріптер әлемінде» аялдамасы.

- Дыбысты айтамыз, естиміз.

- Әріп-дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз.

- Балалар, әрқайсысың есімдеріңнің қай дыбыстан басталатындығын айтыңдар.

Тәрбиеші дауысты «а» дыбысының әртүрлі интонациямен айтылатынын мысалдар арқылы айтып көрсетеді. Содан соң балалар бірнеше рет қайталайды.

Дәрігерге келген бала ауызын кең ашып: «А-а-а»,- деп айтады.

Қыз бала: «А-а-а»,-деп әндетеді.

Анасы сәбиін: «А-а-а»,-деп әлдилейді.

3. «Математика әлемі» аялдамасы.

Бұл аялдамада балалар математикалық ұғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады.

1. Балалар онға дейін санайды.

2. Тәрбиеші геометриялық фигуралардың суретін көрсетеді, балалар айтады. Мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш т.б.

3. Математикалық есеп шығарады. Мысалы: Ағаш бұтағына 3 торғай қонып отыр. Бір торғай ұшып кетті. Бұтақта неше торғай қалды? (Жауабы: 2 торғай)

-Балалар, «Білім» елі сендерге ұнады ма? «Білім-сарқылмас қазына» дейді. Өмірде тек білімді ғана емес, мейірімді, қайырымды болу керек. Білімді, тәрбиелі адам Отанының өсіп-өркендеуіне үлесін қосады.

1. Мереке, білім, мектеп, оқушы, мұғалім, қоңырау деген тірек сөздерді пайдаланып және жетекші сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру.

Сурет бойынша қойылатын сұрақтар:

1. Балабақшада не үйрендіңдер?

2. Балалар мектепке не үшін барады?

3. Мектепте оқитын баланы кім деп атайды?

4. Мектепте қоңырау не үшін соғылады?

2. Оқу құралдарымен таныстыру. Осыдан кейін дәптерлеріндегі сөмкеге қажетті оқу құралдарын сызықпен сызып көрсетеді.

3. Дәптерде берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру, жаттату.

Мектеп, балалар суреті



Кеспе әріптер




Сандар. Пішіндер



мектепке, балабақшаға кетіп бара жатқан балалар

дың суреттері.

Өлең, тақпақ, ертегілер айтады.


Балалар есімдерінің қай дыбыстан басталатынды-ғын айтады.




Математика-лық тапсырмалар-ды орындайды.





Тапсырмаларды орындайды.



Рефлексивті түзету

Сұрақ-жауап әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытындылау.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: мектеп туралы ойын нақтылайды.

Қолданады: білім, әріп, сандарды қолдана біледі.

Түсінеді: білім туралы түсінеді





© 2010-2022