Ашық сабақ сауат ашу мектепалды даярлық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 20.04.2015ж Пәні: сауат ашу

Тақырыбы: Буынға бөлейік.

Мақсаты:

  1. Оқушыларға әріптерді қосып оқыта отырып, буынға бөлуге үйрету.

  2. Сабаққа қызығушылығын оята отырып өз сөзімен әңгімелеуге ой-өрісін дамыту.

  3. Балаларды ұқыптылыққа таза, көркем жазу,дұрыс оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,дәптермен жұмыс,көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд, буындар, қоржын, шар.

Сабақтың барысы:

1)Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

2) Орталықтарға бөліну.

3) Өтілген материалды қайталау.

4) Жаңа сабақ.

5) Сергіту сәті.

6) Дәптермен жұмыс.

7) Ойын: «Жоғалған буын»

8) Қорытынды

9) Бағалау

1. Ұйымдастыру.

Үнтаспадан әуен тыңдай отырып,бір-біріне гүл сыйлау арқылы тілектер айту.

Психологиялық дайындық:

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш

Сабақты біз бастаймыз

Білімнен біз қашпаймыз

2. Орталықтарға бөліну.

Үш түрлі фигура арқылы бөлінеді.Фигуралар:үшбұрыш,дөңгелек,төртбұрыш.

Үшбұрыш- «І-топ»

Дөңгелек- «ІІ-топ»

Төртбұрыш- «ІІІ-топ»

-Балалар,бүгінгі біздің сабағымыз басқа сабақтан өзгеше,өйткені біздің сабағымызға мұғалімдер қатысып отыр,олай болса мол сабырлығымыз бар білімізді көрсетіп, белсенділікпен қатысайық. Бүгін мен сендерді мына бағалау белгілері арқылы бағалап отырамын. Сабақ соңында қай топ көп жинайды, сол топ жеңімпаз болады. Жеңімпаз топқа сыйлық беремін.

3. Өтілген материалды қайталау.

-Өткен сабақта біз қандай әріп және дыбыспен таныстық?

-Ь белгісі қандай дыбыс? Ъ белгісі ше? Неге дауыссыз дыбыс?

-Қанеки, олай болса өткенімізді қайталап, Ь, Ъ белгісіне топтастыру жасап жіберейік. Тақтаға Ъ, Ь белгісі кездесетін сөздерді жазамыз.

4. Жаңа сабақ.

Тақтадағы суретке ат қою, қыз баланың есімі - Сара.

- Енді, Сара сөзі неше буыннан тұрады екен, ойлап көрелік. Са-ра.

- Бірінші буынын кім айтады?

- Бірінші буыны Са.

- Екінші буыны -ра.

- Дұрыс. Екі буыннан тұрады. Себебі екі дауысты дыбысы бар. Дауысты дыбыс жеке өзі ғана бір буын құрай алады. Мысалы, А-ша.

-Ал енді балалар, мына жерде не көріп тұрмыз?

-Қоржын.

-Дұрыс айтасыңдар, бұл қоржын. Оның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

-Мұнын ішінде сендерге арналған буындар бар. Біз сол буындардан сөз құрау керекпіз. Топ бойынша шақырып, сөз құрату.

-Жарайсыңдар ал енді барлығымыз тақтаға назар аударайық.

-Мына буындардан сөз құрап оқимыз және оны текшенің ішіне жазамыз.

А-на

А-та

Ба-ла

Ә-ке

Ә-же

І-ні

А-ға

5. Сергіту сәті.

-Қанеки, бір сергіп алайық.

6. Дәптермен жұмыс.

-Қане балалар, мына буындарды қосып оқиықшы.

Қызғалдақ

Раушангүл

Қалампыр

Бәйшешек

-Бұл ненің аттары деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс. Қане осыны дәптерге көркем етіп жаза қояйық.

7. Ойын: «Жоғалған буын»

-Мен бірінші буынды көрсетемін, сендер жоғалған буынды табасыңдар.

Ойынның шарты: Жылдам ойлап, келесі буынды табу. Қай катардағы топ бұрын аякталса, сол топқа бір-бірден ойыншық қойылады.

- Ал, енді ойынымызды бастайық:

Үй - . .., бө- -не, қар- , сауыс- , тыр- , кө- , тор-..., бүр-...

-Жарайсыңдар, балалар. Ойынымызды жақсы ойнадық.

8. Қорытынды.

-Сонымен балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Бүгінгі сабақта не істедік?

-Қанеки, енді сендерді бір тексеріп алайын. Мына шарда жазылған буындарды қосып оқи қойыңдаршы. Ұзақ, есік, аққу.

9. Бағалау.

-Жарайсыңдар, мен сендерге ризамын. Ал енді қанеки бәріміз қанша бағалау белгілерін жинадық санап көрейікші. Жеңген топқа сыйлық беріледі.

-Рахмет балалар, бүгін сендер белсенділік таныттыңдар. Қатысқандарына көп рахмет, осымен сабағымыз аяқталды.


© 2010-2022