Конспект урока в подготовительном классе Сауат ашу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепалды дайындық тобы

Күні:26.02.2015 ж

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сауат ашу және жазу

Сабақтың тақырыбы: «К к дыбысы және әрпі»

Сабақтың мақсаты: «К» дыбысы және әрпімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: К дыбысы бар сөздерді талдау. К дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын, әрпін таныту;

Дамытушылық: сөз, сөйлемді оқыту арқылы оқушылардың тіл байлығын молайту, буындардан сөз құрау, сөзді буынға бөлу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, ұлттық өнерімізді дәріптеуге баулу, табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, нұсқау беру, ойын, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер,текшелер,кеспе әріптер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  2. Психологиялық дайындық

Кел,балалар,күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Қане,балалар,көңіл-күйлерің қалай?Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.Қазір сауат ашу сабағы.

Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонаққа апайлар келіпті. Өзіміздің тәртіпті, тәрбиелі, ақылды, білімді балалар екенімізді көрсетіп, сабаққа қатысып отырамыз.

-Балалар,біз сауат ашу сабағынан не үйреніп жатырмыз? (жазу, оқу, әріп, дауысты, дауыссыз дыбыс)

-Дыбыс дегеніміз не? (айтамыз, естиміз)

-Дыбысты немен таңбалаймыз? (әріппен)

-Әріп дегеніміз не? (жазамыз, көреміз, оқимыз)

-Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге)

-Қандай? (дауысты, дауыссыз)

-Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? (қызыл)

-Дауыссыз дыбыстарды ше? (көк)

3.Жаңа сабақ.

Жақсы, бүгін біз жаңа дыбыспен танысамыз,ол үшін мына бір жұмбақты шешу керек.

Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан.

(Күн)

-Балалар,ұйқыдан тұрғанда даладан нені көресіңдер?

-Күнді,күннің нұрын көреміз.

-Күн бізге несін береді?

-Жылуын береді.

Енді бәріміз тақтадағы суретке назар аударайық.

-Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Күннің.

-Дұрыс айтасыңдар.Енді осы күннің несі жоқ?

-Ия,күннің шуағы жоқ.Ендеше осы шуаққа мен түрлі тапсырмалар бердім.Сендер берілген суретке қарап,атын атап,неше дыбыс,неше буыннан тұратынын айтасыңдар.

«Күн» деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр? (К дыбысынан)

-Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы К дыбысы мен әрпі.

-Әліппе-дәптерімізде түрлі суреттер берілген,сол суреттер тақтада тұр,бәріміз назар аударайық.Күшік,кірпі,бүркіт сөздеріне дыбыстық талдау жасау.Кеспе әріптермен жазу.Текшелермен белгілету.

-Қане, бәріміз айтып көрейікші? (К-К-К). ерніміздің, тіліміздің қандай қызмет жасап тұрғанынын айтайықшы?Тіл таңдайға тиіп айтылады.

-Қалай айтылып тұр? (қысқа, кедергіге ұшырап айтылып тұр)

-Демек, қандай дыбыс? (дауыссыз дыбыс).

4.Дәптермен жұмыс:

-Ал , енді к дыбысының әріп таңбасымен танысамыз. Баспа және жазба түрімен таныстыру.

Ауада жазу Жоғарыдан төмен қарай түзу таяқша саламыз.Одан соң көлбеу кішкентай таяқша ,содан соң қиғаш таяқша саламыз.

Қаламды қолға аламыз,

Дәптерді қиғаш қоямыз.

Денемізді тік ұстап,

Әдемі етіп жазамыз.

-Енді, дәптеріміздегі нүктеленген кіші және бас әріпті бастырып шығамыз. (тақтаға өзім бастырып көрсетемін).

Сергіту сәті.Қаражорға.

-Енді мен сендермен «Кім зейінді?» деген ойынды ойнағым келіп тұр.Алдымен мен сендерге кеспе әріптерді таратып беремін.Онда біз өткен әріптер бойынша суреттер берілген.Сендер сол сурет бойынша сөйлем құрайсыңдар.

5. Қорытындылау.

Сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды мадақтап, сабақты қорыту.

© 2010-2022