Балаларды танып білуге деген қызығушылықтарын арттырып, әдемілікке, ұқыптылыққа, тапсырманы аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балаларды танып білуге деген қызығушылықтарын арттырып,әдемілікке,ұқыптылыққа, тапсырманы аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.Балаларды танып білуге деген қызығушылықтарын арттырып,әдемілікке,ұқыптылыққа, тапсырманы аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.Танымдық ойын

Ортаңғы топқа арналған ойын.


Мақсаты: Сұрақтарға толық жауап беруге,өз ойын айта білуге үйрету. Шығармашылық ойлауын,қиялын дамыту.Балаларды танып білуге деген қызығушылықтарын арттырып,әдемілікке,ұқыптылыққа, тапсырманы аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: доп, геометриялық пішіндер, жемістер муляждары, кубикке жапсырылған ертегілер,үй жануарларының муляждары.

Танымдық ойынға мектеп алды даярлық тобынан екі топ қатысады.Танымдық ойын 4 кезеңнен тұрады. Ойын шарттарын кезең бойынша таныстырылады.Танымдық ойынның әділқазыларын сайлап алу.

Әр ойын ұпайларын жұлдызшамен белгілеу керек.

1. кезең. «Жер,су,ауа» ойыны

Екі топтың балаларын шеңберге тұрғызады.Басқарушының қолында доп болады.Допты кез-келген ойынға қатысушы балаға лақтырып,оған «жер» деп атаса жерде өмір сүретін жануарлардың атауын атайды да допты басқарушыға береді. «Су» десе суда өмір сүретін балықтардың атауын,ал «ауа» десе құстардың аттарын атайды.Қай топтың балалары нақты және дұрыс жауап берсе, жұлдызшамен ұпай беріледі.

2.кезең. «Шашылған геометриялық пішіндер», «Араласып кеткен көкініс

пен жемістерді ажырату»








Екі топқа екі түрлі тапсырма беріледі.

1-ші топқа арналған тапсырма «Шашылған геометриялық пішіндерді жинату» Әр пішінді тиісті орнына қою,түстерін атау.Үлкен және кіші үй құрау.

2-ші топқа арналған тапсырма «Араласып кеткен көкініс пен жемістерді ажырату» Көкіністерді себетке,жемістерді ағашқа ілдіру және атауларын атау.

3.кезең. Кубизм әдісі. Кубиктегі ертегілерді атау.Кубикті иіру арқылы,кубиктің сыртындағы қандай ертегі екендігін атау.

1. «Бауырсақ» ертегісі.

2. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

3. «Түлкі мен тырна» ертегісі.

4. «Шалқан» ертегісі.

5. «Маша мен аю» ертегісі.

6. «Жеті лақ» ертегісі.

Нақты және дұрыс жауап берген топқа,жұлдызшамен ұпай беріледі.

4.кезең. «Қоржындағы жануарлар» Үй жануарлары мен дала жануарларын тең ортаға төгу. Үй жануарларын үй макетінің қасына орналастыру, дала жануарларын орманды маккеттің қасына орналастырады. Әділқазылар тапсырманың дұрыстығын тексеріп, дұрыс орындаған топқа жұлдызшамен ұпай береді. Әділқазылар қай топ қанша жұлдызша жинағанын есептеп, жеңіскен жеткен топты құттықтайды.

Танымдық ойынға қатысқан топтарға үлкен алғыс айтып, білімді ұрпақ болып өсулеріне тілек білдіріп, бүгінгі танымды ойынның аяқталғанын айту.


© 2010-2022