Урок для старшей группы на тему Астана-арман қала

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы, Бұланды ауданы

Макинск қаласы

«Балдырған» мектеп- балабақшасы

Нургалиева Зейни Құттыбекқызы

Әдіскер.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»

Бөлімі: «Тіл дамыту» «Сурет»

Тақырыбы : «Арман қала- Астана»

Мақсаты: 1.Балаларға Қазақстан Республикасының астанасы -

Астана қаласы туралы түсінік беру.

2. Сабақ барысында тілдерін,шығармашылық қабілеттерін

дамыту.

3.Балаларды Қазақстан Республикасының

рәміздерін қастерлеуге,отанын сүюге тәрбиелеу

Көрнекілік: Астана суреттері, слайд, буклет.

Керекті құралдар: Желімдер,бояу қарандаштар,шаблондар.

Іс-әрекет кезең

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Қызығушылықтарын

ояту




Ұйымдастыру кезеңі


























Қорытынды кезең

Шаттық шеңбері:

- Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендерді шын жүректен шаттық шеңберіне шақырамын.

-Қайырлы таң! Қалалар мен

далалар! -Қайырлы таң! Достасқан бар балалар!

-Қайырлы таң! Біздің балабақшамыз!

-Қайырлы таң! Тәрбиеші апайлар!

-Өте жақсы. Енді жайғасып отырыңдар.

Сұрақ-жауап:

-Балалар біз қандай елде тұрамыз?

-Біз қандай мемлекетпіз?

-Еліміздің рәміздерін білеміз ба?

-Еліміздің рәміздеріне нелер жатады?

-Еліміздің туы мен елтаңбасын кім маған сипаттап береді?

-Ал әнұранды тыңдағанда қолымызды қайда қойып , қалай тыңдаймыз?

Әнұран тыңдалады.

-Балалар еліміздің президенті кім?

-Ал еліміздің астанасы қалай аталады?

-Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз «Арман қала-Астана» деп аталады.

-Енді мына тұрған ұшақпен Астана қаласына саяхатқа шығып қайтайық.

-Балалар ұшақтың қонатын жерін не дейді?

-Ұшақты ұшыратын адамды кім дейді?

-Олай болса барлығымыз ұшаққа отырып қауіпсіздік белгісін тағып алайық.Дайын болсаңдар көзеріңді жұмып , өздеріңді ұшақта отырғандай сезініңдер.

-Астанадағы әуежайға да келіп жеттік.Енді саяхатымызды әрі қарай машинамен жалғастырамыз.

-Ал енді машинаға отырып қауіпсіздік белгісін тағайық.

1-ші аялдама «Ақ орда».

-Ал енді машинаға отырып, қауіпсіздік белдігін тағып, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.

2-ші аялдама «Бәйтерек»

-Ал енді балалар үш топқа

бөлініп осы бәйтеректі құрастырып, жабыстырып, бояп безендірейік.

Кім маған «Астана» туралы тақпақтар айтып береді?

-Өте жақсы, ал енді машинамызға отырып қауіпсіздік белдігін тағып, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.

3-аялдама «Думан» ойын-сауық орталығы.

Сергіту сәті: (ойын түрінде).

Қызыл- қолмен амандасу.

Көк- арқамен амандасу.

Сары- төс түйістіріп амандасу.

Серігіп болсақ, машинамызға отырып, белдігімізді тағып, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.

4-ші аялдама «Нұр Астана»мешіті.

-Балалар, қаланың ішін аралап болдық, енді машинамызға отырып,қауіпсіздік белдігін тағып әуежайға барайық.

-Ал енді ұшаққа отырамыз.Қауіпсіздік белдігін тағып, жол қысқарту үшін «Астана» әнін айтайық.

-Мінекей, өз қаламыздағы балабақшамызға да келіп жеттік.

Жаңа біз Астананың қандай көрікті жерлерімен таныстық?

-Олай болса, «Гүл өсірсең терлеп, мұның аты еңбек» демекші өзіміз жабыстырған «Бәйтеректі» гүлдендірейік.

Қауіпсіздік ережесі еске түсіріледі.

-Өте жақсы, балалар «Бәйтеректі» әдемі етіп гүлдендірдіңдер, енді бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамытып, шапшаңдыққа үйрету.

Шарты: Тәрбиеші сөздер айтады, балалар сол сөздерге қарама-қарсы сөздер тауып айтуы керек.

Мысалы: Ақ- қара.

Жуан-жіңішке.

Өте жақсы балалар,бәрің де жылдам екенсіңдер.

Сұрақ-жауап:

-Балалар жаңа біз қайда бардық?

-Астанаға немен бардық?

-Ұшақта қауіпсіздік белдігі қалай тағылады екен?

-Ал машинада ше?

-Қаланың қандай көрікті жерлерімен таныстыңдар?


-Өте жақсы, балалар,сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сендерге көп-көп рахмет!


Қолдарын жоғары көтереді.

Қолдарын алдыға созады.

Алдыға еңкейеді.

Қолды кеудеге қойып бастарын иеді.

Біз Қазақстан деген елде тұрамыз.

Тәуелсіз мемлекетпіз.

Иә, білеміз.

Туы, елтаңбасы, әнұраны жатады.

Бір бала шығып сипаттап береді.

Қолды кеудеге қойып,орнымыздан тұрып тыңдаймыз.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Астана қаласы.


Әуежай дейді.

Ұшқыш дейді.

Балалар қауіпсіздік белгісін тағып, көздерін жұмып,өздерін ұшақта отырғандай сезінді


Балалар машинаға

отырып қауіпсіздік белгісін тақты.

1-ші аялдама «Ақ ордаға» келді.

2-ші аялдама «Бәйтерекке» келді.

Балалар 3 топқап бөлініп іске кірісті.

Балалар өздері білетін тақпақтарын айтты.

әрі қарай саяхатты жалғастырды.

3-ші аялдама «Думан» ойын-сауық орталығына келді.

Сергіту сәтін ойын түрінде жасап шықты.


4-ші аялдама «Нұр Астана» мешітіне келді.

Балалар әуежайға келіп, ұшаққа отырды.


Жолда «Астана» әнін айтты.

«Ақ орда», «Бәйтерек», «Думан» ойын-сауық орталығы, «Нұр Астана» мешіттерімен таныстық.

Балалар «Бәйтеректі» әдемі етіп гүлдендіріп шықты.


Балалар ойынды аса қызығушылықпен ойнап шықты.



Астана қаласына бардық.

Ұшақпен бардық.

Балалар қауіпсіздік белдігін қалай тағу керектігін қимылмен көрсетті.

Астананың «Ақ орда», «Бәйтерек», «Думан» ойын-сауық орталығы, «Нұр Астана» мешіттерімен таныстық.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Астана, Қазақстан туралы түсінік

Қандай түсініктерді игерді: Елорда, Бәйтерек туралы түсініктер қалыптастырылды..

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Қоғамдық көліктердегі қауіпсіздік жағдайы


© 2010-2022