Мектепалды даярлық тобына арналған Сөздер мен дыбыстар тақырыбында сауат ашу ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұ.О.І.Ә: сауат ашу

Тақырыбы: Сөздер мен дыбыстар

Мақсаты: Сөз, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты және дауыссық болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру. Есту қабілеттерін жетілдіру.

Көрнекілігі: ойыншықтар, суреттер, фланелеграф, кеспе әріптер.

Барысы:

Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырады. Балалардың назарын өзіне аударып, есік қағады да, олардан не естідіңдер деп сұрайды?

  • Дабыл, тарс - тықылдақ.

  • Ал, мен барабанды ұрамын. Бұл дыбыс па, сөз ба?

  • Дыбыс.

  • Иә, балалар сендер дыбысты естідіңдер, дыбыстардың бәрі бірдей ме?

  • Дыбыстар әр түрлі болады.

  • Иә, А-ааа деп созып айтсақ даусымыз еркін шығады. Ал, енді балалар, «Д» дыбысы қысқа айтылады.Қане «А» және «Д» деп айтып көрейік.

  • Айырмашылығы қандай?

  • «А» созылып айтыла береді, «Д» айтылмады.

  • Иә, дыбыстар, дауысты және дауыссыз болып бөлінеді. Дауыссыз дыбыстар кедергі жасап, созылып айтылмайды. Мысалы: т, м,р,с,п.

Дауысты дыбыстар кедергі келтірмей ұзақ айтыла беріледі. А-аааа, Е-еее.

Ал, енді балалар, осы дыбыстардан сөз құрайық. Мына ойыншықтарды атаңдар.

  • Қуыршақ, машина, текше, доп.

  • Сөз бір нәрсе туралы ұғымды білдіреді. Қуыршақ бөл ойыншықты білдіреді. Сөз дыбыстан құралады. «Ана» сөзін талдайық. АНА сөзінде неше дыбыс бар.

  • 3 дыбыс бар.

  • Иә, 3 дыбыстан құралған.

Сергіту сәті:

Секіреміз топ - топ

Шапалақтап көп - көп

Сол аяқпен 1,2,3

Оң аяқпен 1,2,3

Демалайық жинап күш!

  • Балалар, «Сөз ойла, тез ойла » ойынын ойнайық.

Д/О: «Сөз ойла, тез ойла»

Мақсаты: Балаларды сөздерді дұрыс айта білуге үйрету. Шапшаңдығын арттыру

  • Ал, енді менімен бірге тақпақ жаттайық.

А деген ол аналар ғой ардақты

Ә деген ол әкелер ғой салмақты

Б деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде, үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да расында

Тұрды ол алфавиттің басында.

  • Балалар, дыбыс пен сөздің айырмашылығы қандай?

  • Дыбыс тек құлаққа естіледі, ал сөзді біз жаза аламыз, оқи аламыз.

  • Жануарлар қалай дыбыстайды?

  • Аф-аф, му-му, мәқ- мәқ.

  • Жарайсыңдар, балалар.

© 2010-2022