Ашық сабақ 16 желтоқсан

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші. Құрметті қонақтар сүйікті балалар ! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 28 жыл толды. өмір 28 жылда біраз өзгеріске Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіндер. Сәби күлкісімен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын.
Ән-ұран
Жүргізуші: Ежелден - ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытан деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы. Сол боздақтарға арналған таппақтар тыңдаңыздар:

Мирас:

Ән ұраным - жан ұраным

Айтар әнім - сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады

Республика әнұраны.

Инабат:

Елтаңбасы елімнің

Неткен көркем әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Ғибрат:

Өзіңдікі - елің де

Өзіңдікі - жерің де

Өзіңдікі - өзің еккен бақ

Тәуелсіздің төрінде.

Лағыл:

Өзіңдікі - туың да

От пен ауа скың да

Жаса,Қазақстаным

Белді бекем буын да!

Жүргізуші:
Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңуде.

Би: «Жазира»

Інжу:

Көк аспандай туларың

Желбірейтін күні бұл

Елім дейтін ұлдарың

Елжірейтін күні бұл!

Қаһарман:

Қазақ деген затым бар

Қайрат деген атым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең,атыңдар.

Айкөркем,Ажар:

Желтоқсанның ызғары-ай

Кірпікке қатқан мұздары-ай

"Елім-ай" деп егілген

Ұлдары мен қыздары ай

Мадина:

Отан-осы достарым

Көңілге мұны түйе біл!

Отан деп өс,жас жаным

Оны ардақтап,сүйе біл!

Мейрамбек:

Отан-тарих,Отан-тіл

Жасаған елің,өз халқың

Отан-өлең,Отан-жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

Көрініс.

Мейірбек:

Отан-сенің ата-анаң

Отан-досың,бауырың

Отан-өлкең,астанаң

Отан-аудан,ауылың.

Жасұлан:

Отан дейміз кең байтақ Астананы

Жасыл жайлау,жаңа жол,жас қаланы

Отанның шеті де жоқ,шегі де жоқ

Ол бірақ,өз үйіңнен басталады.

Нұрдана,Диас:

Егемен болмай ел болмас

Етек-жеңі тең болмас

Терезесі тең болмас

Енді қазақ кем болмас.

Нұрайна,Ақерке:

Қазақстан жалауы

Аспан түстес көгілдір

Тік бұрышты матаның

Ортасында төгіп тұр

Күн жаяды шапағын.

Айзада:

Астында оның қалықтаған

Қыран құстың бейнесі

Азат елдің шалқыған

Көңілі деп білесің.

Хор: «Жаса,Қазақстаным»

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!



Ашық сабақ 16 желтоқсан




Ашық сабақ 16 желтоқсан


© 2010-2022