Сынып сағаты Қызыл телпектің саяхаты МАД

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қызыл телпектің саяхаты»
Мақсаты;
Білімділік: «Қызыл телпек» ертегісінің желісі бойынша алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын байыту, ән, өлең айту қабілеттерін шыңдай отыра, жұмбақтар шешу арқылы ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа, ұғымпаз, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Қостілдік: Қызыл телпек - красная шапочка, қасқыр - волк, әже - бабушка.
Мотивациялық қозғаушы.

Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз!
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Қане балалар бір - бірімізге мейірім сыйлайықшы, ол үшін бір - бірімізге қарап күлеміз, енді балалар бір - бірімізге жылулық сыйлайықшы, алақандарымызбен бір - бірімізге жылулық берейік. Балалар орындарымызға отырайық.
Іздену ұйымдастырушы

1. Балалар тыңдаңдаршы бір дыбыс естіле ме, біреу есік қағып тұрған сияқты?
Осы кезде залға музыка әуенімен Қызыл телпек кіреді. Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, сәлеметсіздер ме сүйкімді балалар! Мен ертегілер елінен келдім. Әжеме кетіп бара жатып, мына зәулім мектепті көрдім. Іші қандай керемет. Балалар маған ренжімеңдер, менің әжем ауырып жатыр, мен ұзақ жол жүремін. Сау болыңдар!
2. Балалар Қызыл телпекке тілек айтайықшы «Жолыңыз болсын, әжеңіз сауығып кетсін, сау болыңыз Қызыл телпек!».
3.- Қызыл телпек әжесіне тез жетсін десеңдер, біз оған көмектесейік.
- Балалар Қызыл телпек ну орманға да жетіпті, ал сендер білесіңдер ме, орманда қандай аңдар өмір сүреді, кім айтады?
- аю, қасқыр, түлкі, қоян, арыстан.
- ендеше мен сендерге аңдар мен үй жануарларының суреттерін беремін,соның ішінен аңдардың суреттерін мына ақ бетке желімдейсіңдер.
- ия,өте дұрыс

Сынып сағаты Қызыл телпектің саяхаты МАД
4. Қызыл телпек әлі келе жатыр, ендеше балалар, Қызыл телпек әжесіне тез жетсін десеңдер, біз оған көмектесейік. Ол үшін осы көрсетілген аңдар туралы, тақпақтарымызды айтайықшы.
- Аю туралы кім тақпақ айтады.


Ормандағы аюдың,
құлпынайы көп екен,
теріп - теріп алайық,
аюдан біз қашайық.
- балалар осы аңдардың ішінде кім қорқақ екен?
- Қоян, олай болса, қоян туралы кім тақпақ біледі екен?
Ұзын құлақ сұр қоян,
естіп қалып сыбдырды,
ойлы - қырлы жерлермен,
ытқып - ытқып секірді.
5. Балалар тақтаға назар аударайық, Қызыл телпекті кім аңдып жүр?
- Қасқыр.
Қасқырды біз орысша қалай атаймыз? Волк.

Көрніс:
Мына қасқыр бізге хат жіберген екен,
Осы кезде қасқыр сөйлейді: «Балалар егер менің мына жұмбағымды шешсеңдер, мен Қызыл телпекті жемеймін.
- балалар, олай болса Қызыл телпекке көмектесейік, жұмбақты шешеміз бе балалар.
6.Жұмбақ:

Күн жылынып ,қар еріп

Сай салаға құяды
Айтыңдаршы бөбектерім, бұл қай кезде болады?
- қасқыр қай мезгілді айтып отыр балалар, көктем мезгілі.
- Балалар, көктем мезгілінде не болады?
- күн жылынады,
- қандай ақылды балаларсыңдар, Қасқыр сендерге риза болды, балалар Қызыл телпек ұзақ жол жүрді, ендеше балалар Қызыл телпек әжесіне тез жетсін десеңдер.

Жыл мезгілдерінің суреттерін ретімен қояық.

7.-Сергіту сәті жасалады.
- Балалар есімізге түсірейікші, Қызыл телпектің әжесіне не болды? Қызыл телпек әжесіне не үшін бара жатыр.
- Иә балалар әжесі ауырып қалыпты, ауырған адамға біз не береміз балалар?
- дәрі - дәрмек, және жақсы көңіл - күй сыйлаймыз. Көңіл - күйі жақсы адам тез жазылады емес пе. Олай болса, балалар Қызыл телпектің әжесіне жақсы көңіл - күй сыйлайық. Кім әже туралы тақпақтар біледі.

Әже туралы тақпақ

Өте жақсы балалар, өркендерің өссін.
8.Балалар біздің келесі тапсырмамыз. Сендерге бәліш пен саңырауқұлақтар таратып беремін. Әжеміз ертегіде не жейді, бәліш жейді емес пе? Ендеше балалар мына саңырауқұлақтардың ішінен бәлішті жинап, себетке саламыз.
- Өте керемет балалар, қане тақтаға қарайықшы, Қызыл телпек әжесіне аман - есен жетіпті, қасқыр да өз уәдесінде тұрыпты. (Осы жерде есік қағылып, музыка әуенімен Қызыл телпек келеді. «Балалар сендерге көп рахмет, сендер мені қасқырдан құтқардыңдар, себебі сендер маған көмектестіңдер, әжеме жақсы көңіл - күй сыйладыңдар. Мына мектепте білімді, тәртіпті балалар тұрады екен. Әжем сендерге мына тәттілерді беріп жіберді. Бұл тәттілерді топқа барғанда жейсіңдер. Мен оны апайларыңа беріп кетемін. Сау болыңдар, кішкентай менің достарым!
- Сау болыңыз! Иә, біреу есік қағып тұр.
Балалар Қызыл телпекпен амандасады, жақсы тілектер тілейді.
«Жолыңыз болсын, әжеңіз сауығып кетсін, сау болыңыз Қызыл телпек!».
Сергіту сәті
Қорытындылау.Кері байланыс.
- Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Қызыл телпек.
- Қызыл телпекке көмек көрсету үшін біз не істедік?
- Жұмбақ шештік, өлең айттық, тақпақ айттық, сурет салдық,
Ормандағы қандай аңдармен таныстық?
- аю, қасқыр, түлкі, қоян, арыстан.
- Балалар міне сеңдердің арқаларында Қызыл телпекті қасқырдан құтқардық, әжесіне жылдам баруға көмектестік.
- Балалар көңіл - күйлерін қандай? Әрқашанда көңілдерін жарқын, аспандарын ашық, жүздерін қуаныш пен нұрға толсын деген тілекпен бүгінгі ұйымдастырылған ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



© 2010-2022