Жыл мезгілдері ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жыл мезгілдері

Г.Д.Кенжебаева

Шалқар қаласы «Бәйтерек» мектепке дейінгі балалар мекемесінің тәрбиешісі

Жыл мезгілдері ашық сабақ

Білім беру саласы:Таным.Қатынас

Оқу іс-әрекеті:Экология

Тақырыбы:Жыл мезгілдері

Мақсаты:Балалардың күз туралы білімдерін тиянақтау.Танымдық қабілеттерін қалыптастыру.Өз ойларын жүйелі түрде байланыстыра сөйлеуге,бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас орнатуға,қорытынды жасай білуге үйрету.Табиғатты сүюге,аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Билингвальды компонент:Қыс-зима-winter.Көктем-весна-spring.Жаз- лето-summer.Күз-осень-autumn.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің басқару әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Музыка ырғағымен балалар залға кіреді.

Күндей жарқырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір,

Таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Шаттық шеңбері:

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шаттығын.

Тілейміз сізге ақ таңның,

Қуанышын шаттығын.

Балалар залға музыка ырғағымен кіреді.



Шеңбер бойымен тұрып,шаттық шеңберін орындайды.

ізденімпаздық ұйымдастырушысы

Күз мезгілі туралы әңгімелеу.

Слайдтағы суретті көрсету.

Жыл мезгілдері туралы сөйлесу.Слайдтағы жыл мезгілдерін қазақша-орысша-ағылшынша айту,түстерін ажырату.Балалардың назарын үстел үстіндегі суретке аудару.

Конвертті ашып оқу.

Суретті талқылау.Тақтамен жұмыс.Жыл мезгілдерін құрастыру. «Жыл мезгілдері» әлеміне саяхат.Жыл мезгіледеріне арналған тақпақтарды сұрау.

Енді балалар,мен сендерге сиқырлы тапсырмалалар орындатқым келеді. Бірақ ол тапсырмаларды орындамас бұрын әуен тыңдап,қиялдап көрейік.Балалар осы жыл мезгілдеріне арнап Италия елінің атақты композиторы Антонио Вивальди музыка

жазған. Көктем,жаз,күз, қыс суреттері арқылы Вивальдидің музыкасын тыңдап, қиялдап, ойларыңды жинақтап жауап беруге дайын болыңдар.

Тәрбиешінің сиқырлы тапсырмаларын орындату. Балалар мен үстіме жыл мезгілдеріне арналған сиқырлы белдемше кидім.

Сендерге тапсырма әр жыл мезгіліне сай табиғат ерекшеліктерін орналастырыңдар.

Күз туралы өз ойларын ортаға салады.Слайдқа қарайды. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Балалар суретке қарап, Дымбілместің қатесін түзейді.

Жыл мезгіліне сай түстерді құрастырады.Балалар көздерін жұмып,қанаттарын

қағып,жыл мезгілі әлеміне саяхатқа ұшып барады.

Тақпақтарын айтады.

Балалар музыканы тыңдайды.

Сиқырлы белдемшенің тапсырмаларын орындайды.

Рефлексивтік-түзетушілік

Балалар сендерге бүгінгі ойын ұнады ма? Кімге қандай жыл мезгілі ұнайды? Табиғатты қорғауға,сүюге арналған ойларын арттырып тиянақтау.





Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:Жыл мезгілдерін біледі.

Нені игерді:Табиғат ерекшеліктерін игерді.

Нені білді:Табиғатты қорғау,аялай білу дағдыларын меңгерді.

© 2010-2022