Конспект по математике на тему время

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 18.02.16

Білім беру саласы: «Таным»

Білім бөлімі: қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: «Уақыт арқылы бағдарлау»

Мақсаты:

  • балаларды кеңістікті бағдарлауға және уақыт қатынастары туралы түснік беруге үйрету;

  • заттарды белгілері мен қасиеттеріне қарай ажырату және топтарға жіктеуге, топтарды бір сөзбен атауға үйрету.

  • «Шалқан», « Бауырсақ» және т.б. ертегілер негізінде бұрын, кейін, шейін секілді түсініктерін қалыптастыру.

  • Балалар тәулік күндерін: таңертең, түс, кеш,түн мезгілін ажырата алуы тиіс.

Қажетті құралдар:әліппе-дәптер, үлестірмелі материалдар.

Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдерме балалар!

Мына жүрекшені алып, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

Сәлеметсізбе!

  • балалар ауырмаңдар

  • тентек

болмаңдар

II.Ұйымдастыру-ізденушілік кезең

№1 тапсырма. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Таңертең, күндіз, кеш, түн бейнеленген картиналар аралас орналастырылады.

№2 тапсырма.Суретте Самат пирамида құрастырып жатыр. Оның іс-әреткетінің ретін анықта. Егер 1 нүкте болса, яғни төменгі бөлшек, қалған бөлшектерді ретімен орналастырамыз.

Балалар тәулік мезгілдері туралы айтып береді.

Балалар ретін табады.

Балалар ең кіші және ең үлкен бөлшекті атайды, санайды және түсін айтады.

Сергіту сәті

Ал балалар тұрайық

Шапалақты ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Бір демалып алайық

Балалар орындарынан

тұрып,қызыға орындайды

Бекіту

3-тапсырма: Фигураларды айтылғандағыдай орналастыр. Қандай фигура шығатыны ойластыр. Фигураларды қандай ретпен құрастырғаныңды айт. Неше үшбұрыш, шаршы бар? Түстерді ата. Бірдей фигураларды тауып атап шық.

4-тапсырма: жыл мезгілдерінің атауын бекітуге арналған. Мына ағаштардың қай жыл мезгілінде тұрғанын анықта. Ағаштарды жыл мезгілі бойынша боя. Ол қай кезде болатынын әңгімеле.


Балалар жауап береді.


ағаштардың қай жыл мезгілінде тұрғанын анықтайды. Ағаштарды жыл мезгілі бойынша бояйды.

III.Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі

- Бүгін не істедік?

-Сабақ сендерге ұнады ма?

- Қиналған жерлерің болды ма?

Балаларды мадақтау,сыйлық беру.

Уақытпен таныстық.

Әртүрлі тапсырмалар орындадық.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу қажет:

- Балалар тәулік күндерін білу қажет

Не істей алады:

  • тапсырмаларды орындай алады.



© 2010-2022