Развивающая игра для дошкольников

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Санамақ» ойыны

Мақсаты: «Санамақ» ойыны арқылы саусақтың аттарын үйрете отырып балалардың тілін дамыту. Сонымен қатар саусақтарының қимылын жетілдіру. «Қуырмашты» айта отырып, қой, түйе, қасқыр, жылқы, ешкі, түлкі деген сөздерді балалардың сөздік қорына енгізу.

Тәрбиеші :

-Қане, балалар, саусақтарыңды көрсетіңдерші?

Балалар қолдарын созып, саусақтарын көрсетеді.

-Ту-у-у, қолдарың қандай тап - таза, саусақтарың неткен әдемі. Балалар осы саусақтарыңның аттарын білесіңдер ме?

Тәрбиеші өзінің саусағын жая көрсетіп, әрқайсысын атай бастайды.

Балалар, бірінші саусағым - бас бармақ, ал екіншісі - балан үйрек, ал мына үшінші ұзын саусағым - ортан терек, төртіншісі - шылдыр шүмек, ал мына кішкентай ғана соңғы саусағым - кішкентай бөбек, - дейді.

Бас бармағым - бірінші,

Балан үйрек - екінші,

Ортан терек - үшінші,

Шылдыр шүмек - төртінші,

Кішкентай бөбек - бесінші.

Содан соң балалармен бірге бірнеше рет қайталайды.

Бұл ойында балалар саусақтың аттарына үйреніп қана қоймай, сандық ұғымды да түсіне бастайды. Осыдан кейін балалардың алақанын ашқызып «Қуырмаш» ойынын бастайды. Балалар тәрбиешіге қарап, қимыл жасайды. Тәрбиеші:

Қуыр-қуыр қуырмаш!

Балапанға бидай шаш!

Тауықтарға тары шаш!

Әжең келсе есік аш,

Қасқыр келсе мықтап бас.

Мына жерде қой бар,

Мына жерде ешкі бар.

Мына жерде сиыр бар,

Мына жерде жылқы бар,

Мына жерде түлкі бар,

Мына жерде күлкі бар.

Қытық!Қытық! - деп баланы қытықтайды.

Әр жануарды атағанда оның ойыншық түріндегі бейнесін немесе суретін көрсетіп тұрған жөн. Ойынды бірнеше рет қайталап ойнату керек.

Халықтық педагогика тәсілімен ойналатын осындай ойындар баланың тілін жаттықтыруға да, дүниетанымын байытуға да септігі мол.

Мұндай ойындарды жыл бойында бірнеше рет қайталаудың артықтығы жоқ.

© 2010-2022