Мүсіндеу. Тақырыбы: Көжектер (0 класс)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Көжектер

Мақсаты: әртүрлі көлемдегі цилиндр пішіпдерден мүсін құрастыру,құрастыру тәсілімен көжекті мүсіндеуді үйрету, мүсіндеу дағдыларын арттыру.

Керекті құралдар:ойыншық қоян,ермексаз,дайын жұмыстың үлгісі,тақтайша,қолорамал.

б\м: көжектер-зайчата

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.Сезімді ояту.

Жұмбақ

Қалқиып ұзын құлағы,

Елендеп қорқып тұрады.

(қоян)

Балалар жұмыс орындарын дайындайды.

Жұмбақтың жауабын табады.

Ұйымдастыру кезеңі

Ойыншық көжекті көрсету

-Бүгін бізге қонаққа кім келді?

-Көжектің түсі қандай болады?

Көжектің дене құрылысын анықтау.

-Денесін,басын,аяқтарын әртүрлі көлемдегі цилиндрден мүсіндеуге болады.

Ермексаздан көжектің жасалу жолын ретімен көрсете отырып,мүсіндеу тәсілін түсіндіру.

1.тұзды қамырдан цилиндр пішінінде басын,сопақшалап денесін,шұжық пішінінде аяқтарын (4дана), домалақтап құйрығын илеп аламыз.

2.басының жоғарғы бөлігін аздап қысып,жалпитып құлағын шығарып аламыз.

3.құлақты ортасынан таяқшамен бөліп,екі құлақтың пішінін жасау.

4.денесін бас бөлігімен біріктіреміз.

5.біріктірілген орынды сұйық қамырмен сылап,тегістейміз.

6.денесіне аяқтарын біріктіреміз.

7.осы тәсілмен құйрығын біріктіреміз

8.домалақтап мұрнын,көздерін жасап алып, басына орналастырамыз.

9.содан кейін көзін,мұрнын бояуға болады.



Ойыншыққа назар аударады.



Дене құрылысын анықтап айтып береді.









Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретіне қарап ,көжекті мүсіндейді.

Оқу іс-әрекетін қорыту

-Бүгін қонаққа кім келді?

-Нені мүсіндедік?

Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндерді балаларға көрсетіп,бағалау, мадақтау.

Балалар аяқтаған жұмыстарын көрсетеді

Күтілетін нәтиже: 1.Балалар құрастыру тәсілімен көжекті мүсіндеуді үйренеді.

2.Тұзды қамырмен жұмыс істеу тәсілімен танысады.

3.Мүсіндеу дағдылары арттады.


© 2010-2022