Тіл дамыту Жыл басына таласқан жануарлар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастыру оқу-іс әрекет түрі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру. Берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып,байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету.

Әдіс тәсіл: көрсету,түсінік беру,ойын,сұрақ-жауап

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі

Өткен сабақты қайталау

Жаңа тақырыппен таныстыру.

Балалардың назарын тәрбиешіге аудару.






Іздену ұйымдастыру-

шы

«Ойлан ,тап»дидактикалық ойыны.

Шарты:балалардың білетін шығармаларын үзінді оқу. Балалар оның қай шығарма екенін тауып айту.

  • Біраз жүрген соң әкесінің қолынан бір шие жерге түседі.

  • Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала »әңгімесі.

  • Тышқан наубайханаға келді.Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.

  • «Нан қайдан келді?»ертегісі.

- Тапқан екенсің дәмді тамақты. Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ,-деді Қоян.

  • «Не дәмді?»ертегісі.

  • Шырылдауық шегіртке,

Көгалды қуып гөлайттап.

-Абай Құнанбаевтың «Шегіртке мен Құмырсқа» ертегісі.

  • Дұрыс. Бүгін сендерге өте қызық ертегі оқып беремін.

Ертегі «Жыл басына таласқан жануарлар»деп аталады. «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін мәнерлеп оқу. Ертегінің мазмұнына сәйкес сұрақтар қойылады.

  • Ертегі қалай аталады?

  • Ертегінің басы қалай басталады?

  • Ертегі қалай аяқталады?

  • Жыл басы қай жануар болды?

  • Түйе неге жыл басы бола алмады?

Сөздік жұмысын жүргізу.

Сергіту сәтін өткізу.

«Кім зерек?»логикалық ойыны.

«Қайсысы қалай дыбыстайды?» ойыны.

Тыныштық сәтін өткізу.

Ойындар ойналады.

Шығармалардан үзінді оқып беру.



Сұрақ-жауап


Сөздік жұмысы жүргізіледі.


Рефлексті коррекциялау.

Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Е.Өтеутілеуұлының «Жыл аттары» өлеңін оқып, беру, жаттату.

Дәптердегі қазақша жыл аттарын атату:

қорытынды

Білуі керек: Жыл атауларын атап беру.

Болуы керек: Жыл басына таласқан жануарлардың көрінісі және суреттері.

Баланың қолынан келуі: Ертегілерді тыңдап,сұрақтарға жауап беру.


© 2010-2022