Әдебиеттік оқу пәнінен Ы. Алтынсарин Өзен ашық сабағы

Раздел Дошкольное образование
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу 3 «Г»сынып 24.02.2016

Сабақ тақырыбы:

Ы. Алтынсарин «Өзен»

Жалпы мақсаттары:

Танымдық:

Өлеңді оқып, талдау арқылы туған жер табиғатын тануға, оның әдемілігін сезінуге жағдай туғызу;

Эмоциялық:

Психологиялық жағымды орта қалыптастыру арқылы олардың зейінін дамыту;

Әлеуметтік:

Ұжымдық нәтижелерге қол жеткізуге жағдай жасау;

Оқу нәтижесі

Туған жер табиғатын таниды, әдемілігін сезінеді.

Бірін-бірі бағалауға үйренеді

Негізгі идеялар

Сабақ барысында өзара әрекеттесу арқылы оқушы өзіндік танымдық қабілетін көрсетеді. Осы қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен араласады

Тапсырма көздері

  • Қосымша дерек бойынша ізденіс жұмыстары

  • Сыни тұрғыда мәтінді талдау

  • Ашық,жабық. проблемалық сұрақтар беру

АКТ мүмкіндіктерін кеңейту

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, бейнетаспа,автордың портреті, өзен, табиғаттың суреті, стикерлер

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Мотивациялық кезең

А) Сыныпты сүйікті түстер арқылы топқа бөлу

Ә) Психологиялық дайындық.

-Сабақты Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен бастайық!

-Өлеңдегі негізгі ойды атаңдар:

-Оқу ,білім бәрі де еңбекпен табылатыны.

-Ендеше бүгін сабақта біз көп еңбектеніп, жақсы нәтижеге жетуіміз керек


Үй тапсырмасын сұрау

Өткен тарауды кайталау үшін тест жұмысы алынады.

10 сұрақтан тұрады.

(Оүб-1)

Жаңа сабақ





Ой қозғау

- Қалай ойлайсың табиғат деген не? Сені қоршаған дүние -табиғат- оны неге өз үйім деп айтады? Сенің пікірің?

Сурет бойынша жұмыс: Суретте не бейнеленген? Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл күй туғызады? Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар? Суретке қарап «Табиғат және адам» тақырыбына әңгіме құр.

-Ендеше, бүгінгі өтетін жаңа тараудың тақырыбы «Табиғат- менің өз үйім» деп аталады.

Бейнебаян көрсетіледі.

(балалар алған әсерлерін айтады)

Топтық тапсырма «Мозайка құрастыру» (ОүБ -2)

(әр топ шыққан сурет пен сөзге байланысты ізденіс жұмыстарын орындайды)

1-топ-Есіл

2-топ-Ертіс

3-топ-Жайық

4-топ- Сырдария

Осы өзендерді картадан көрсетеді

Ендеше біз бүгін сендермен табиғаттың маңызды бөлігі табиғи су туралы сөз қозғаймыз.

Ы.Алтынсарин «Өзен»

- Ыбырай Алтынсарин кім? (оқушылардың жауабы)
- Қандай шығармаларын білесіңдер?
Оқулықпен жұмыс:

а) . Мұғалімнің оқуы,қосымша түсіндірмесі

ә)оқушылардың оқуы. Әдісі: іштей оқу, тізбектей, мәнерлеп оқу, «түртіп алу» стратегиясы
Топтық жұмыс. Өлеңді талдау. (ОүБ -2)

Әр топ 1 шумақтан оқып өлеңніңмағынасын ашу

Тақырыбы - өзеннің сұлулығын суреттеу.
Жанр түрі - поэзия (өлең)
Идеясы - табиғатты қорғау
Шумақ саны - 4 шумақты
Тармақ саны - 18 тармақты
Бунақ саны - 2 - 3 бунақты
Буын саны - 11 буынды өлең
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқас түріне құрылған.
Әдеби - теориялық ұғымдар - эпитет, теңеу

22-наурыз -Бүкіл әлемдік суды қорғау күні
Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмысы .Әдісі: талдау, түсіндірмелі, дәптерге жазып алу.

Өксіген - шөлдеген мақсатында,
Қынарда - жағасында

Жанабында - маңайында
Жай - орын, қоныс
теңеу сөздер: айнадай, оттай ...

Проблемалық сұрақ:Суды неліктен қорғауымыз керек? Судан келетін қандай қауіп бар?Оның қалай алдын алуға болады?Өз ойыңды білдір. Жалпы талдау.

Сұрақ- жауап. Ақын өзенді қалай суреттеген? Ақынның «сарқыраған, жарқыраған, арқыраған» деген сөздері неге қатысты?(өзенге, таудан ағады). Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? Адамдар неге суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған?

Сергіту сәті.

Қорытынды

Кеңейтілген тапсырмалар


Шығармашылық тапсырма (Оүб-2)

Әр топқа постер жасау және оны қорғау тапсырмасы беріледі.

  1. топ Өзеннің адам өміріндегі маңызы (эссе жазу)

  2. топ Ақын өзенді қалай суреттеген(сурет салу)

  3. топ Су,өзен туралы мақал-мәтел айту

  4. топ Суға байланысты тыйым сөздер

Кеңейтілген тапсырмалар беру (ОүБ-5):

«Алма ағашы» ойыны

Ы.Алтынсариннің шығармаларын бәйтерек бұтақтарына орналастырып жазу, жинақтау

Белгілі бір шығармадан үзінді оқиды, оқушылар сол шығарманың атын тауып , ағашқа жабыстырады.


Бағалау

Кері байлланыс

Маған өте қиын болғаны...

Маған ұнағаны...

Сұрақ ...

(сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады)

Екі жұлдыз, бір ұсыныс,формативті бағалау

ОүБ -1 Жұптарда бағалау

ОүБ -2 Топтарда бағалау

ОүБ-5 Өзін-өзі бағалау


Үйге тапсырма

«Өзен» өлеңін мәнерлеп оқып ,жаттау




Тапсырмалар.

Толықтай жеттім

Жартылай жеттім

Талпындым

1

Тестке жауап беруі

2

Топпен жұмысқа қатысуы.

3

Шығармашылық жұмыс.

4

Сұрақтарға жауап беруі.

5

«Алма ағашы» ойыны

Бүгінгі жаңа тақырыпты түсінуі.

Бағалау парағы










« Масатындай құлпырар жердің жүзі» тарауы бойынша тест.
1. Абай атамыздың
« ... Масатындай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі» деген өлең жолдарында жылдың қай мерзімі суреттелген?
А) Қыс Ә) Жаз Б) Жазғытұры В) Күз

2. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін тап. «..... қорада шу»
А) Көбелек пен құстар да Б) Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті
Ә) Түйе боздап, қой қоздап В) Ел ешкісін қырқыпты

3. « Ел ешкісін қырқыпты,
Егіндерін жыртыпты» деген өлең жолдарында жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
А) Күз Ә) Көктем Б) Жаз В) Қыс

4. І.Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңінен келтірілген шумақтағы ұйқасып тұрған жолдарды тап: Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды- жаз кепті.
А) жел соқты-қаз кепті Ә) су ақты- жаз кепті
Б) қаз кепті-жаз кепті В) су ақты-қаз кепті

5. «Қуанышты күнің, жаңа жылдың құтты болсын,қазақ!» деген жолдарда қандай мейрам айтылған?
А) Наурыз Ә) Жаңа жыл Б) Ораза айт В) Құрбан айт

6. І. Жансүгіровтың « Жазғытұрым» өлеңін есіңе түсіріп, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой: « .... көк майса
А) желіндейді Ә) желпілдейді Б) желкілдейді В) жалпылдайды

7. « Көктем сәні» ертегісін есіңе түсір. « Көктем сәні- хош иіс» деген қай кейіпкердің сөзі?
А) Қасқыр Ә) Ит Б) Ақбөкен В) Аю

8. Қ. Аманжоловтың «Көктем» өлеңін есіңе түсір. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: « Нәзік үнмен сыңқылдап,... бұлақ еркелеп»
А) Асау Ә) Мөлдір Б) Таза В) Бұйра

9. Бөлімдегі негізгі ойы» Еңбекпен тапқан нан тәтті» деген нақыл сөзге құрылған мәтінді ата.
А) «Еңбекпен тапқан тиын» Б) М.Дулатов «Қош келдің,Наурыз!»
Ә) «Ер еңбекте сыналады В) Қ.Аманжолов «Көктем»

10. Көктемгі еңбек туралы жырланған өлеңді ата.
А) Қ. Мұқышев .» Көктем» Ә) « Көктем сәні» (ертегі)
Б) О.Сүлейменв .»Тұңғыш ғарышкер» В) Қ. Аманжолов. «Көктем»


© 2010-2022