Открытый урок в детском саду на тему Күн жарқырап, шөп өсті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Күн жарқырап, шөп өсті»

( екінші сәбилер тобы)

Открытый урок в детском саду на тему Күн жарқырап, шөп өсті



Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Сурет салу.

Мақсаты: Балаларға бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Бастыру тәсілін қолдана отырып сурет салуға үйрету. Сурет салу арқылы бала өзін қоршаған орта туралы, көктем мезгілі, оның ерекшелігі туралы түсініктерін қалыптастырып, шығармашылық қабілетінің дамуына зор ықпал ету. Дөңгелек және үш бұрыш пішіндерімен таныстыра отырып, заттарды бейнелеуде қолдану. Баланың жан - жақты дамуына әсер ететін эстетикалық тәрбие беру.

Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: Көрнекі суреттер, көктем бейнеленген слайд, гүл оригамми, күннің суретті, бұлттардың суретті.

Қажетті құрал-жабдықтар: қылқалам, бояулар, сүрткіштер, үлгі сурет салынған қағаз, картошка дөңгелек ойылған, бояу құйылған гупка ыдыста.

Сөздік жұмыс: Жарқырап, шөп.

Билингвальды компонет: күн-солнце.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

-қозғаушылық

Жылулық шеңбер

Үлкенге де сіз,

Кішігеде сіз.

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз біз.

Балалар жылулық шеңберге тұрып, қимыл жасайды.

Педагог жылдың қай мезгілі екенін сұрайды, көктем мезгілінің ерекшелігін айтып

түсіндіреді. Педагог балаларға иллюстрациялық суреттерді, көктем туралы слайдты көрсетіп, көктемде табиғатта болатын ерекшеліктерді айтқызады. Көктемде күн жарқырап шығатынын, айналаның бәрі біртіндеп жап-жасыл түске енетінін, құстар келіп, жануарлар ұйқысынан оянатынын айтып түсіндіреді.

Балалармен көктемгі таза ауамен дем алып, тыныс алу жаттығуларын жасауды ұсынады.

Сөздік жұмыс жүргізеді.

Балалар бүгін күніміз жабырқау екен. Себебі, бетін бұлт басып кетіпті. Күннің бетін бұлттардан ашу үшін, бұлттардың тапсырмасын орындау керекпіз.

Келісесіңдер ме?

  1. Тапсырма. Күннің түсін ата?

  2. Тапсырма. Көктемде шыққан шөптің түсі қандай болады.

  3. Тапсырма. Үлгідегі суретке не жетпей тұр толықтырып ата және сал.

Педагог балаларға демонстрациялық материялдағы көктемгі күннің аспанда жарқырап шығып тұрған көрінісін көрсетіп, әңгіме жүргізіп, толық талдау жасайды. Содан соң сурет салуға арналған үлестірмелі материалды таратып береді. Олар суретте ұшып жүрген жәндіктердің бейнеленгенін айтады.

Педагог бұл суретте ненің жетпей тұрғанын сұрайды. Балалар жерде өсіп тұрған шөптің жоқ екенін айтады. Педагог шөпті салып суретті толықтыруды ұсынады. Қылқаламмен бастыру арқылы шөпті салуды, кейін аспанда не жетпей тұрғанын сұрайды. Содан соң картошкадан жасалған мөрмен сары бояуға матырып күннің суретін бастырып салады.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп, толамыз

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Көктем мезгілі екендігін айтады.




Тыныс алу жаттығуларын орындайды.

Жарқырап, шөптер гүлдер сөздерін, сыбырлап айтып қайталайды.

Балалар суреттегі табиғит көрінісі туралы әңгімелейді. Сұраққа жауап береді.

Тапсырманы қызығушылықпен орындайды.


Суретте не көріп тұрғандарын әңгімелеп береді.

Педагог көрсеткен тәсілмен суретті салады.



Өлең жолдарының мазмұнын қимылмен

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Рефлекциялы -қозғаушылық

Педагог балалардың күнді, шөпті қалай салғандарына тоқталып, суреттерді әдемі болып шыққанын айтады.

Әр баланың суретіне жеке тоқталып, мадақтау айтылады.

Күннің риза болғанын айтып, балаларға күннің сыйлығы гүлді береді.

Кешке ата-аналарына көрсету үшін көрме жасап қоюды ұсынады

Барлығы шеңбер құрып тұрып бір-бірінің салған суреттерін қарайды. Кімнің суреті әдемі екенін айтады.

Суреттерін көрмеге қояды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көктем мезгілінің ерекшелігін.

Игереді: Көктемде күн көзі жарқырап, шөп өсетінін.

Меңгереді: Бояуға батырылған мөрмен шөпті, күнді салуды.

Шығыс Қазақстан облысы,

Катон-Қарағай ауданыны,

Үлкен Нарын ауылы.


Мәлімет: Үлкен Нарын ауылындағы «Балбөбек» балалар бақшысының тәрбиешісі Самарқанова Құралай Салтанатовна. Білімі: жоғары «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу » мамандығы.


© 2010-2022