«Ақпараттық технологиялар білім сапасындағы арттыру құралы»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№38 «Шаттық» балабақшасының

тәрбиешісі С.Т.Мусаева



Ақпараттық технологиялар білім сапасындағы арттыру құралы

Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі - бүгінгі жас ұрпақ. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар мен тәрбиешілер сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Бүгінгі таңда білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.Технология ұғымы ақпараттық технологиялар саласынан келіп шыққан. Нақ осы сала техникалық тұрғыдан едәуір көбірек зерттелген сала болып табылады. Оқыту технологиялары мен ақпараттық технологиялардың бірдей емес екенін ескерте кетейік. Себебі, біріншіден - оқыту технологияларына ақпараттық емес технологиялар (мысалы, сыртқы бөлімдегідей оқытушының қатысуынсыз, дербес оқу жоспарына сай оқулықтар бойынша оқыту технологиясы) да жатады. Екіншіден - ақпараттық технологиялар оқу үдерісіне тікелей қатысы жоқ көптеген мәліметтерді (мысалы, мәліметтерді кодтау және өңдеу, желі бойынша мәліметтерді беру, магниттік таратушыларға мәліметтерді жазу механизмдерін және компьютерлік техниканың көптеген басқа да ерекше элементтерін) қамтиды. Сондықтан, ақпараттық технологиялар мен оқыту технологиялары кішкене ауданда өзара қиылысқан екі түрлі салалар болып есептеледі[3].

Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану тәлімгерлерге, оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге, тәрбиешілерге сабақ беруде көмектесетін қажетті құрал болып табылады.

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Осыған байналысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді.Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Қазіргі бала ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау керек. Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білудіталап етеді. Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың маңызы зор. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы обьектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдаланса тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмай уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Себебі, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады. Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсат- баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта балаларға сапалы білім беруде компьютердің атқаратын ролі ерекше.

Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді.Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін байқауға болады. Бірінші бағыт тұрғысы ақпараттық технолологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, балалардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі.

  1. Оқу үрдісін дербестендіру. Мысалы, компьютер арқылы оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді,

  2. Компьютер арқылы әрбір тәрбиеленуші өзінің білімін бақылауға, тексеруге, бағалауға мүмкіндік алады,

  3. Материалдарды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады,

  4. Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқыту,

  5. Ақпараттық технологияны енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту,

  6. Білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру.

Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап,көзімен көргенді ұнатады, қызығады. Осыған орай, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойынтехнологиясын кеңінен пайдаланған жөн. Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі- бұл пәнаралық байланысты күшейте отырып, балалардың дүниетанымын кейейтуге және жеке қабілеттерін көре отырып, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі- бұл балаларға өзбетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістіктеріне қуануына мүмкіндік беруі.

Жалпы, қазіргі жаңа ақпараттық технологиялардың оқыту тиімділігін 20-50%-ға ғана емес, бірнеше есе көтеруге қабілетті екені анық аңғарылады. Мамандарының жүргізген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, компьютерлік оқыту кәдімгі лекция тыңдау кезіндегіге қарағанда білімді 10 есе көп игеруге септігін тигізеді екен.

Проекторлар, аудио және бейне магнитофондар, теледидарлар секілді біз үйреніп қалған құралдарға қарағанда технологияның орындайтын қызметі (бірінші кезекте, оқыту-үйрету қызметі) мейлінше көп. Ендеше, технология бұл оқытушыға оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жай оқыту құралы ғана емес, оқытудың күллі қызметін орындайтын және оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде жұмыс істей алатын маңызды құрал. Сондай-ақ, ол - бүкіл оқу үдерісін сапалы жаңа деңгейге де көшіретін, зор мүмкіндіктері бар, жоғары деңгейдегі жаңа оқыту құралы.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы.

  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы-1981

  3. Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі. Алматы-1985.

  4. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.Алматы, Рауан-1994.

  5. Интернет желі жүйесінен материалдар жиынтығы.

  6. Бала мен балабақша. Республикалық педагогикалық журнал.№9,2014ж

  7. Бала тәрбиесі. Республикалық Қоғамдық педагогика-психологиялық басылым. №7, 2015ж.



© 2010-2022