Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: «Қыс» (өлең жаттау)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:22.12.2014ж Тәрбиеші:Билялова А.Б.

3-ересек «Балдәурен» тобы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қыс»(өлең жаттау)

Мақсаты:

Білімділік: өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұның ашу;балаларға табиғат көріністерін сипаттап,қыс қызықтарын айтқызып үйрету;

Дамытушылық: өлең шумақтарын жаттату,сөздік қорларын молайту;

Тәрбиелік: табиғаттың сезіне білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс мезгілінің суреттер.

Сөздік жұмысы: бояған,шебер.

Билингвальді компонент:қыс-зима;қар-снег.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын арай таратты.

Армысың,алтын Күн!

Армысың,аппақ қыс!

Балалар дөңгелене тұрып,

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

-Балалар,сендерге қыс мезгілі несімен ұнайды?

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Қазір біз ақын ағаларың Абдрахман Асылбековтың «Қыс»деген өлеңімен танысамыз.

Қандай қызық қыс деген,

Бәрін шебер істеген.

Бақша-бауды,тауды да

Бояған ақ түспенен.

-Жылдың төрт мезгілінің бірі-қыс.Қыс-суық,қарлы,аязды болады.Қыста қар жауып,аяз болып,ағаштарға қырау тұрады.Ол табиғаттың өзі жасаған шеберлігі.

Сөздік жұмыс

Бояған,шебер сөздерінің мағынасы-айналаны аппақ қар басып,біреу әдейі ақ түске бояп қойғандай деген мағынасы білдіреді.

Шебер істеген-бәрі дұрыс жасалған мағынасында.

Билингвальді компонент:

Қыс-зима;қар-снег.

Сергіту сәті

Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймын шаттана.

Сұрақ-жауап

-Өлеңде не туралы айтылған?

Д-ойын:

«Сыңарын тап»

Ойының шарты:бірнеше қыстық киім берілген,сол киімдердің ішінен сынарын тауып қою керек.

Балалардың жауаптары.

Автор-Абдрахман

Асылбеков.

Өлеңді қайталайды.


Қыс-суық,қарлы,аязды болады.

Бояған,шебер сөздерінің

Мағынасың түсінеді.


Қайталайды.

Балалар қимылмен көрсетеді.

Балалардың жауаптары.

Берілген ойынның шартың сақтап ойнайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

-Қыстың ерекшіліктерін әңгімелеу.

Балалар өлеңді жатқа айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жыл мезгілдерін біледі,қыс ерекшелігің әңгімелеп бере алады.

Түсінеді:қыстың ең суық мезгіл екендігін,табиғат құбылыстарының өзгеріп отыратының түсінеді.

Қолданады:қыс мезгілі туралы өлеңді жатқа айтып береді.



© 2010-2022