Оқу іс-әрекетінің жоспары Білімнің бастауы - балабақшада

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу іс-әрекетінің жоспары Білімнің бастауы - балабақшадаБілім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Білімнің бастауы - балабақшада.

Мақсаты:1 Қыркүйек - білім күні мерекесінің мағынасын түсіндіру, сезіндіру. Мәнерлеп

оқуын дамыту, сөздік қорын байыту. Мерекелік көңіл күй сыйлау.

Көрнекілікте, қажетті құралдар: Білім күніне арналған слайдтар , жұмыс

дәптері , қарандаш, ойынға арналған қоржын.

Шаттық шеңбері:

Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды.

Маған « жылдам бол » дейді,

« Оқуыңа » бар дейді.

Қайырлы таң апайлар,

Мейірімді жарандар.

Біз бастаймыз оқуды,

Бақылаңдар қараңдар!

I - Кіріспе бөлім:

-Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміз ерекше болмақ. Өйткені , біз бүгінгі оқу іс - әрекетінде

білім күнін атап өтпекпіз. Жаз өтті. Сендер бір жасқа есейдіңдер,

бүгін күздің алғашқы күні. Яғни , 1 Қыркүйек - Білім күні.

Бір жылдан кейін балар, сендер мектепке барасыңдар, қолға қалам ұстап,

әліппені ашасыңдар.

( Дәл осы кезде қатты жылаған дауыс шығады)

Дымбілмес кіреді.

Дымбілмес: Мені мектепке алмады. Мұғалім « әлі кішкентайсың » -деді. Ал мен мектепке

барғым келеді.

Тәрбиеші: Ренжіме, дымбілмес. Біз сені өзіміздің ересек « Балдырған » атты тобымызға

аламыз, біздермен бірге білім алып, келесі жылы балармен бірге мектепке баратын боласың.

( Балалармен бірге отыра ғой, олардың өнерін, білімін тамашала)

Тәрбиеші: Мектептегі оқушыларды сабақ күтіп тұрса, біздерді балабақшада

түрлі ойын - сауықпен қызықты оқу іс - әрекеттер күтіп тұр. Біз әлі бір жыл

бойы білім алатын боламыз.

Ал енді, балалар, біз орта тобындағы оқу іс - әрекеттерінде үйренген, білгендерімізді есімізге түсірейік.

Тәрбиеші: Балалар біз қай Республикада тұрамыз?

Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының Президенті кім?

Балалар: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаев.

Тәрбиеші: Өте жақсы. Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.

Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы біздің балабақша қалай аталады?

Балалар: №3 « Ер Төстік » балабақшасы деп.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздерің Қазақстан Республикасы жайлы барлығын білдіңдер.

II - Негізгі бөлім:

Ал, енді мына суреттерге қараңдар.

Бұл ненің суреті? ( қоңырау )

Балалар қайда бара жатыр?( мектепке )

Балаларды мектепке барғанда кім күтіп алады ? ( мұғалім)

Мұғалім не істейді? ( оқытады)

Дұрыс айтасыңдар. Осы тұңғыш қоңыраудан бастап, күнделікті оқу басталады. Балалар

жақсы, білімді,тәрбиелі азамат болу үшін ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу

керексіңдер.

Ендеше, біз бүгінгі мерекеге арналған тақпақтарымызды айтып, оқу іс -

әрекетін жалғастырайық.

Тақпақтар:

Сергіту сәтін орындау:

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

III -Қорытынды бөлім:

Балалар бүгін қандай мереке? ( Білім күні).

Бізге қонаққа кім келді? ( Дымбілмес келді).

Білімді болу үшін не істеу керек? ( көп оқып, іздену керек).

Дымбілмес: балалар мерекелерің тағы да құтты болсын.Сендерден көп нәрсе үйрендім.

Рақмет, сау болыңдар.

Тәрбиеші: Балалар, мерекелерің құтты болсын! Келесі жылға дейін білім

қоржынын жинақтап, әлі талай белестерді алатынымыз сөзсіз.







Венера: Оқысаңыз балалар, Алихан: Қыркүйектің ақ таңы,

Шамнан шырақ жағылар. Атып келе жатты әні.

Тілегенің алдыңнан , Ұзтаздар мен шәкірттің,

Іздемей - ақ табылар. Қауышатын шақтары.

Ақерке: Жаңа оқу жылы жемісті, Арай: Ішінде бір кеменің,

Мерейі үстем жыл бролсын. Өткізетін белеңін

Шәкірттеріміз жемісті, Дәл бүгіннен басталар,

Елім дер ұл мен қыз болсын. Іздеу білім тереңнен.

Нұрым: Жаңа оқу жылы құт болып, Сырым: Жүздерінде - қуаныш,

Ізгілік оты жағылсын. Жүздерінде - жұбаныш.

Бөбек пен түлек жұп болып, Келе жатқан шәкірттің,

Алғашқы қоңырау қағылсын. Барар жері « тым алыс» .

Райымбек: Өмірдің бебіт бағы гүл , Абзал:Таудай болып талабы,

Асудан асып асқарлы. Үрекетемей жанары.

Мінекей биыл тағы бір, Шәкірт енсін мектепке,

Жаңа оқу жылы басталды. Құтты болып қадамы.

Таңірберген: Егемен елдің төсінде, Райым: Қалықтайды құс аппақ

Шуағын шашсын арай күн. Бала жүр гүл құшақтап.

Азамат болып өсіңдер, Алғаш келген шәкіртті,

Қызыға жұрттар қарайтын. . Мектеп жатыр құшаққа ап.

Самат: Отанның біз ұл - қыз, Мадина:Қанатым талмайды,

Халықтың біз жұлдызы. Қиялым самғайды.

Оқимыз ақын - жырларын, Ақын да, ғалым да,

Оқимыз еңбек сырларын. Ұстазсыз болмайды.

Мереке күніңмен,

Құттықтап бүгін мен.

Ойыма ой қосам, Сен берген біліммен

«№3 Ер Төстік балабақшасы»

(Ашық оқу іс - әрекеті)









Дайындаған: Дуйсебаева А.Е.













Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы

2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022