Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптатыру Қызықты пішіндер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 14.01.2016.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)

Мақсаты:

  • жұп заттармен таныстыру; 5 көлемінде санауды, заттың пішінін анықтауды, геометриялық пішіндерді (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) танып, ажырата білуді және орналасу реттілігін сақтауды үйрету;

  • ұқыптылыққа тәрбиелеу;

  • математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: фланельтақта, Буратина(жалпақ бетте жасалған), қысқы киімдердің қима суреттері, қағаздан жасалған геометриялық ұсақ пішіндер және қолғаптар.

Билингвалды компонент: қызық-интересный, пішіндер-фигуры, жұп-пар.

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Жаңа тақырыпқа кіріспе

Топ бөлмесіне Буратино келеді.Балаларды фланельтақтаның жанына жинап, жыл мезгілі туралы, қыста қандай қызықты ойындар ойнайтындары туралы сұрайды.

Буратиноға конькимен сырғанауды үйретуді ұсынады.

Кейіпкермен амандасады, сұрақтарына жауап береді.

Буратиноға көмектесуге қуана келіседі.

Ұйымдастыру- іздестіру

Жаңа тақырып

«Мұз айдынына барайық» дидактикалық ойыны

Мұз айдынына бару үшін Буратиноға қандай заттардың керек екенін сұрайды.

Фанельтақтада Буратиноны киіндіруді ұсынады.Бірақ оның киімінің(қолғаптың, шұлықтың, конькидің)сыңары жоқ екенін, олрды «жұп заттар» деп атайтынын түсіндіреді.

Суреттегі киімдердің жұптарын тауып, оларды сызықпен қосуға тапсырма береді.

«Мұзайдынына кім бірінші келеді?» дидактикалық ойыны

«Екінші, үшінші, төртінші, бесінші» сөздерін қолдануға үйрету үшін фланельтақтаға бір ұатардан сол жақтан оңға қарай әкесін, анасын, қызын, ұлын қояды. Санатады, сұрақтар қояды;

-Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

-Кім бірінші келді?

-Кім екінші келді?

-Үшінші келген кім?

-Әкесі нешінші болып тұр?

«Жұбын тап» дидактикалық ойыны

Отбасы мүшелерінің шаңғымен сырғанауға барайын деп жатқанын, бірақ шаңғыларын ауыстырып алғанын айтып, үстел үстінен шаңғының сыңарын тауып беруді ұсынады.

Буратиноны киіндіреді, киімінің сыңары жоқ болғандықтан, оны осылайша апара алмайтындықтарын айтады.

Киімдердің жұптарын тауып, сызықпен қосады.

Фланельтақтадағы суреттерді тамашалайды.

Санап сұрақтарға жауап береді.

Отбасы мүшелерін атап көрсетеді.

Сурет бойынша әңгімелейді,сұрақтарға жауап береді.

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру- іздестіру

«Қолғапты тап» дидактикалық ойыны

Буратиноның мұз айдынында қолғабының сыңарын жоғалтқанын, енді көмек сұрайтынын айтады.

Тәрбиеші пішіндерден жасалған оюлары бар қолғаптарды көрсетеді. Сұрақтар қоя отырып, сыңарын тапқызады.

Сергіту сәті

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сұрт, сарт-сұрт,

Шапалақты соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ-топ, топ-топ,

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз,

Тонды киіп аламыз.

Зу-зу, зу-зу,

Шанаменен зулаймыз.

Дәптермен жұмыс

«Етіктің өрнегін тап»

Балаларға Буратиноның етіктерінің жыртылып қалғанын айтып, өрнегін тауып, жамауға тапсырма береді.

Қолғаптардың сыңарын табады.



Тәрбиешіні мұқият тыңдап, қимылын бірге жасайды.


.

Етіктің өрнегін (пішіндерін) тауып жамайды.

Рефлексивті- түзетушілік

Қорыту

Сұрақ қоя отырып, сабақты қорытады.

Сұраққа жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

геометриялық пішіндерді (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) танып, ажырата білуді және орналасу реттілігін сақтай білуді.

Нені игереді

«екінші, үшінші, төртінші, бесінші» реттік сан есімдерін дұрыс қолдануды.

Нені біледі

жұп заттарды танып, киімінің, аяқкиімінің сыңары болатынын.


© 2010-2022