Тәрбиешілерге кеңес. «Ойын арқылы мемлекеттік тілді игеру қабілетін жетілдіру»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 27 бөбекжай - бақшасы» Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны.















Тәрбиешілерге кеңес.

«Ойын арқылы мемлекеттік тілді игеру қабілетін жетілдіру».





















Қостанай қаласы

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгерту, оқыту тәрбиешілердің еншісінде. Сондықтан тәрбиешілердің тәрбиленушілердің қазақша сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының көбеюіне аса көңіл бөлгендері жөн. Осы мақсатта сабақ барысында ойын технологиясын қолдану қажет.

Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдардың бірі.Ойын балалар үшін қызықты,әрі көңіл күйін жаулап алады. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы.

Ойынның жүргізілу мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру,тиянақтау, пысықтау. Баланы қызықтыра отырып, тіл үйрету. Оқыту мақсатына қарай тілдік ойындар: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық болып бөлінеді.Себебі фонетикасыз, фонетиканы лексикасыз, лексиканы грамматикасыз қалыптастыру, мүмкін емес.

Лексикалық - фонетикалық жаттығулардың негізгі мақсаты - тәрбиеленушінің сөзді дұрыс айтуын, дұрыс сөйлеуін қадағалау, интонацияны дұрыс қалыптастыру.Бұл ойын сабақтың алдыңғы сатысында көп қолданылады. Сабақтың кейінгі сатысында меңгерген лексикалық материалын практикалық тұрғыда қолдану, сөздерді бір - бірімен байланыстырып сөйлем құрау, оқушыға өз ойын жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру үшін грамматикалық ойындар қолданылады.

Ойын элеметтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдалануға болады. Оның біріншісі - баланың сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру,тілін дамыту, екіншісі - оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін арттыру және ойлау қабілетін дамыту.

Қорыта келгенде, ойын - балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Ойын баланың көңілін өсіріп қана қоймай, бір - бірімен тіл табысуп, қарым - қатынас жасауына көмектеседі.

Сондықтан сабақ барысында тәрбиешілердің ойын элементтерін пайдаланып, қызықтыра отырып, мемлекеттік тілді үйретуі тиімді әдіс болып келеді.

© 2010-2022