Салауаттану – болашағыңды сәулелендіру сынып сағаты

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Салауаттану – болашағыңды сәулелендіру сынып сағатыТәрбие сағатының тақырыбы: Салауаттану - болашағыңды сәулелендіру»

II.Тәрбие сағатының мақсаты: Денсаулықтың қадірін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Темекінің зиянды жақтарына тоқталу

III .Тәрбие сағатының тәрбиелік мәні: оқушыларды темекі сияқты зиянды заттардан аулақ ұстауға үгіттеу, салауаттылыққа тәрбиелеу, өз денсаулықтарының қадірін жете білуге тәрбиелеу

IV .Тәрбие сағатының әдісі: спорттық жаттығулар, сұрақ-жауап, сызба-нұсқа, бейнетаспа

V .Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивті тақта, доп, слайдтар

VI .Тәрбие сағатының барысы.

І. Ұйымдастыру.( Сынып бөлмесін тәрбие сағатына сай безендіру)

Мұғалім: Балалар жүректеріңді тауып, екі қолдарыңды көкіректеріңе қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші.

Енді жүректің орнына күннің бір бөлшегін елестетейік. Күннің жарық әрі жылы нұрлы шуағы бүкіл денемізге, қолымызға, аяғымызға тарайды. Күннің нұры көп болғаны соншалық, біздің денемізге сыймай барады. Балалар, енді осы жылулықты келген қонақтарымызға жіберейік. (Қолды алдына созып, алақанды тік ұстау)

(Балалар орындарына жайғасады. Көңілсіз әуен ойнатылады. Ауруға шалдығып, зиянды нәрселерді қолданатын бір оқушы бала кіріп келеді)

-Уа, халайық, назар аудар мына затқа,

Өмірде бақыттысың осылар барда.

«Денсаулық - терең бақыт» деген сөзді

Құр айтқан даналар мен дараларда

Оң болсын десең егер тіршілігің

Ішіп тартып мен сияқты болып жүргін

Өмірдің бар рахаты осында ғой

Тастама сөзді жерге, қолдан бүгін!

Мұғалім: Сабыр ет, Әділет. Балалар, Әділет не деп кетті? Оныкі дұрыс па? Жоқ , әрине.

1-оқушы: Әділет, сен,

Ауырдың күндіз дерт емдің,

Терледің, түнде өртендің

Көзіңнен ыстық бу атып

өзіңнен-өзің жиіркендің

Қорықтың мына сұрыңнан,

Бет-аузың әбден бұзылған

Құтылмай қойдың біраз болды

Сарнаған залым ызаңнан

2-оқушы: Уа, халайық, назар аудар денсаулыққа

Өмірде бақыттысың денің сауда

«Денсаулық терең бақыт» деген сөзді

Құр айтпаған даналар, дарамыз да

Мұғалім: Олай олса, денсаулықтың қадірін ұғындырып, өмір салтын насихаттау мақсатындағы бүгінгі « Салауатты өмір салты» тақырыбындағы тәрбие сағатын Әділеттей тура жолдан тайынған балалардың өміріне арнайық.

-Денсаулыққа зиян келтіретін қандай заттарды білесіңдер?

Барлығы бірге қосылып -Темекі

3-оқушы: Темекі жапырағында никотин уы бар. Ол жүректі, миды, өкпені, уландырады. Сондықтан да шылым шекпейтін адамдарға қарағанда .шылым егетіндер көп ауырады.

4-оқушы. Темекі тарту «жаман ауруға» душар етуі де мүмкін. Өңеш, өкпе ауруы пайда болуы мумкін.

5-оқушы: Темекі шегушілер үшін күніне тартқан 1 қорап темекі 10 жыл өткен соң жүрек ауруына шалдығу қаупін туғызуы мүмкін.Сондай-ақ темекі шегу салдарынан болған өкпе қатерлі ісіктің қаупі темекі шегуді тоқтатқанда біршама төмендеуі ықтимал.

6-оқушы:Темекі шегудің жақын арада тигізетін кері әсері.

-қан қысымының жоғарлауы

-жүрек соғуының жиілілігі

-қанға улы газдың қосылуы

-өкпедегі темекі қойырпағының шөгуі

-ауаның улануы

-қан тамырлары мен бастағы ми тамырларының қысылып қалуы

7-оқушы: Темекі құрамындағы ең қауіпті зат-никотин. Ол адам ағзасында жүрек ауруы мен қатерлі ісіктің өршуіне ықпал етіп қана қоймай, ең қауіптісі -оның темекі шегуге деген ынтасын арттырады.

8-оқушы: біздің қоғамда темекі шегу өлімнің бірден-бір себепкері болып табылады.

Темекі шегушілер шекпейтіндерге қарағанда жүрек ауруына жиі шалдығады.Жыл сайын темекі шегуге байланысты туындаған жүрек ауруына н 170000 адам көз жұмады.

9-оқушы: Темекі шегу әсерінен өкпе, кеңірдек, қуық қатерлігі ісігі, панкреатит, және бүйрек қатерлі ісігі жоғары көрсеткішті көрсетуде.Қатерлі ісіктен өлгендердің 30 пайызы ( жыл сайын 130000 мың адам) темекі шегуден қайтыс болады.

VII . Қорытынды: Мұғалім сөзі: Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді де өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз. Екен. Сондықтан да өмірлеріміздегі ең жарқын жарқын жастық шақтарыңызда дендеріңіздің саулығына бүгіннен бастап қамқор болыңыздар. Жастық шақтарының тамырына балта шабылмасын.

Өзіміздің өмір сүріп отырған ортада өміріміхге қауіпті темекі сияқты зиянды заттарға әуес болмайық. Біздің болашақ өміріміздің жалғасы, тірегі сендерсіңдер!

Барлық оқушы: Қазақстанның дені сау, парасатты, мәдениетті, сауатты, еңбекқор, адал ұлдары мен қыздары болып өсуге ант береміз.







Жамбыл бастауыш мектебі











Караменди 2015

© 2010-2022