Баяндама Тәрбие - тұғыры адамгершілікте

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚМҚҚ «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы


Баяндама Тәрбие - тұғыры адамгершілікте

Тақырыбы:

Баяндама Тәрбие - тұғыры адамгершілікте




Приозерск 2013

Баланың адамгершілік атты асыл қасиетті игерген мәдениетті, нағыз адам болып өсуі, әр халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. Ол отбасына, Отанға, халықтар достығына адал, кіршіксіз көзқарасы, қарым-қатынаста болуды талап етеді. Олай болса адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруды дәріптейтін имандылық қасиеттері жайлы айтайық

Кісілік - қазақ ұжымына адамгершілік ұғымымен астарлас келетін моральдық атаулардың бірегейі - кісілік ұғым. Кісілік - өмір барысында біртіндеп қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әрекеттер мен мінез-құлқының азаматтық ар-ұжданы. Халқымыз: «Адам белар баланың кісіменен ісі бар,

Адам болмаса баланың кісіменен несі бар»,-деп тәрбиелі адамның үлгі - өнегесін жоғары бағалап, жастарға «жарлы болсаң да арлы бол» деп талап қойған. Қазақ дәстүрі бойынша үлкенді сыйлау, құрметтеу, үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, оған сәлем беру, төрден орын беріп құрметтеу, кәңіліне қарау кісіліктің нағыз белгісі.

Отансүйгіштік - әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір дәмді ой түйіндерін арнаған. Мәселен, М. Әуезов: «Отан анам, Отаным сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер күшім жоқ» десе, В.А. Сухамлинский: «Отан-өз бесігің, өз үйің, өз бесігіңді ұмыта көрме» дейді. «Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған» дейді Ж.Ж. Руссо.

Мақсаткерлік -бұл адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстанған бағыт-бағдарына танымы мен сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы. «Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара» депті орыс жазушысы И.С. Тургенов. Мақсаткер адам ылғи да жалындап жанады, бықсу дегенді білмейді, ол жеңілмеу үшін күреседі.

Ақылдылық - бұл жан-жақты жетілген білімді, салмақты да байсалды қарапайым да кішіпейіл, аса ізетті адам. «Ақылды адамға екі дүниедеде жол ашық» деген Ж. Баласағұн. Қазақ мақал-мәтелдерінде де «Ақылды кісі озбайды», «Ақылды ақымақтан да бірдеңе үйренеді», «Ақылды айттырмай біледі» деп ерекше мән берген.

Борыш пен жауапкершілік - бұл адамның әке-шеше, үй-іші, тума-туыстарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет.

Мұның негізінде өзінің әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғара алып түсіну, соедай-ақ, осы арадағы өз парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру жатады. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәрежесі байқалады.

Ар-ұят - халқымыз «малым-жанымның садағасы, жаным- армның садағасы» деп арды жаннан да қымбат есептейді.

Ұят- адаигершілікті сақтай білудің, имандылықтың жотасы, Ұят нышандары сәбилік шақтан қалыптаса бастайды. Бұл жан толғаныстар арқылы бет-бейнеден, инабатты іс-әрекеттерден байқалады. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» депхалық ұятсыздықтың негізі қанағатсыздық, ұрлық, мақтаншақтық, өтірік айту, адамгершілік қалыптыбұзу деп есептейді.

Мейірімділік пен ізгілік - егіз қозыдай осы екі қасиет басқаларға (әке-шеше, ағйын-туыс, танысқа көңі бөлу) олардың сеніміне ие болуды айналадағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді, кісінің шат-шадымынан тіршілігі үшін маңызды.

Үй де, түзде де кісіге ізгілік, имандылықпен қара, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен мейірмандылық білдірген жанашырлық пен қамқорлық жасай білу кісіліктің, ұнамды мінездің көрінісі

Адалды пен шыншылдық - адал адам шынайы да, шыншыл адам. Адалдық сөздің таным мен сенімге ұштасуы, оның іс-әрекетке қайшы келмеуі. Адал да шыншыл, әділетті болу- еңбек пен білім алуға, жалпы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты, тіршілкке тиянақты болу деген сөз. Адалдық пен шыншылдық бар жерде әділет, кішіпейілділік, қайырымдылық та еріп жүреді, бұлар кісінің ат пен абыройына дақ түсірмейді.

Достық- адамда асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне көмектеседі. Оның маңызды белгісі- берік әрі терең эмоциялық жақындық. Ол - адамның бір-біріне сөз жүйесінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, өазара терң мүдделік, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдыр салақ адамдар бір-бірімен дос болып көгермейді.

Осының бәрін бойына сіңіріп өсірге әрбір бала, адамгершілігі мол, инабатты да ибалы, жүрегінде иманы бар, жақсы азамат болып қалыптасатынына сенімдімін.

Мен баяндамамды «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөзбен қорытындылаймын.



© 2010-2022