Тәрбиешілерге арналған ЭССЕ Қазіргі заман тәрбиешілері қандай болу керек

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазіргі заман тәрбиешісі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп. Қандай да бір мамандық өзіңше қызықты да, күрделі. Ал, осы мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандықтың бірі - тәрбиеші мамандығы. Тәрбиеші мамандығы киелі де көне мамандықтың бірі. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі, әр адам-қайталанбас жеке тұлға.

Бүгінгі тәрбиешінің мақсаты бәсекеге қабілетті өмір сүре алатын білімді, жаңадан танымы бар, білімге деген қызығушылық деңгейі жоғары, экономика деңгейіне шыға білетін ұрпақты тәрбиелеу қажет. Иә, бұл кез-келген тәрбиешінің қолынан келе бермейтін қасиет. Тек қажырлы да, өз жұмысын жақсы көретін, өз оқушыларын биік шыңға жетелегісі келетін ұстаздың қолынан келеді. Кейде, "мен шаршадым, мына дәптер, мына қағаз" сөздерін өз құлағымен естігенде, көңілім түсіп, мынадай тәрбиешіден не болады, деп ойлап жатасын. Ал мен үшін осыны бәрін женуде, өз мақсаттарыма жетудің ең бірініші төзімділігімнің арқасында. Шынында да, төзімділік бар болса, көптеген биік жетістіктерге жеттіп, өз жұмысын нақты және бапты да ойластырып, атқарасың. Төзімділік - адам бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі. Төзімді болғанда ғана жақсы бір нәтижелерге жеттуге, нақты дұрыс шешем қабылдауға болады.

Бүгінгі өмірдің ағымына сай бәріде алға жылжыуы, жаңашылдық даму кезеңі болғаны адамды ізденуге, құрастыруға, шығармашылық тұрғыда жұмыс істететін уақыт болғанын білеміз. Өз тәжірібемізде сандық технологияны қолдансақ та, балаға жаңалық түрде жеткізі аламайтын кезеңдер де болады. Неліктен? Өйткені әр қадамымыз, әрекетіміз жоспарлы түрде жасалу қажет. Бала бойындағы жеке тұлға болып қалыптасатын дәреже ге жетуіміз қажет. Сандық технология арқылы берілген білім өмірде тиімділігі бар, оны дұрыс қолдана алатын жағдайда қалыптастыру қажет. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік - дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Тәрбиеші шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі - Тәрбиеші деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет - баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл тәрбиешініңнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. балаға дұрыс білім беру арқылы біз оның жеке тұлға болып қалыптасуына арқау боламыз.

Қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағдар алынған. Сондықтан әр ұстаз жан-жақты, әлеуметтік және кәсіби белсенді тұлға қалыптастыру үшін балалардың танымдық, коммуникативті және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін белсенді қолдануды талап етеді.

Осының негізінде өз сабағымды жоғары дайындықпен жоспарлап, оқушының жеке қабілеті мен дайындық деңгейін еске отырып, оқушыны ынталандыратындай жаңаша оқыту формаларын мен бүгінгі күні тиімді қолданатын әдіс-тәсілдерді пайдалануды тырысамын. Инновациялық педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдері мен жұмыс түрлерін қолданып жүрмін: интерактивті оқыту әдістері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ойын технологиясы. Аталған әдіс-тәсілдер мен технологиялар оқытудағы бірсарыңдылықты болдырмауға жәрдемедесіп, оқушылардың шығармашылық және танымдық белсенділігін арттырады. Өзімнің педагогикалық тәжіриебемде жұптық, топтық, ұжымдық оқыту түрлерін қолданамын. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында жағдаяттық тапсырмаларды орындауды қарастырамын.

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген К.Д.Ушинскийдің сөздерін өзіме бағдар ретінде көремін. Өзімнің педагогикалық іс-тәжіриебем және ұстанымдарымен «Өрлеу» АҚ Петропавл қ. Филалының Деңгейлік бағдарламалар орталығының форумында бөлісіп, түрлі ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында мақалаларымды жарияладым. Бірнеше сайттарда сабақ жоспарларымды жариялап жүрмін.

Әр адамның мақсаты бар, менің негізгі мақсатым, ол өскелең ұрпаққа бүгінгі күні тиімді білім беріп, оларды өз Отанның ұлдары мен қыздары бола алатындай етіп тәрбиелеу, ал бұл мақсаты орындауда мен жаңа әдістерді танып, жинақтауда еңбек етіп жүрмін.





© 2010-2022