Сценария на тему Алтын күн

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Ақ бота» балабақшасы


«Жомарт күз» мерекесі

«Балдырған» ортанғы тобы


Сценария на тему Алтын күн

Тәрбиеші:

А.Ш.Балапанова.


Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар сахнаға шығады.

Жүргізуші: Келді міне алтын күз.

Сары шашаты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар мен балалар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметтіне мерекемізді бастаймыз.

Зарина: Қайырымды күз келді,

Тартуы көп тиісті.

Шабдалы бар алқызыл,

Алмасы хош иісті.

Айдархан: Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Даша: «Алма,алма» дейсың,

Алма әкелсем,жейсың,

Айтпады екен деме,

Алманы жумай жеме.

«Күз келгенде» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қоыңдар!

Жүргізуші:- Ал , балалар, балалар.

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырамым,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін.

Қонағымызды дәл ортаға шақырамыз.

Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгілде ойлайсыз?

Дұрыс, күз мезгілі. Ал, күде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

(Балалардың жауабы).

Өте жақсы. Ендеше, ортаға қонағымыз-Алтын күзде шақырайық!

(музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді) .

Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар,қонақтар!

Мен алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.

Қонаққа келдім сендерге, сәбіз, картоп,тәтті алма!

Оған достым таң қалма!

Ойын «Не қайда өседі?»

Алтын күз: жарайсыңдар, балалар!

Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін

Мақтанбақшы сендерге көкөністер мен жемістер сан түрлі.

Асемгүл:

Асханадан шықпаймын.

Атым-пияз,бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам,

Тұмаудан бірақ сақтаймын! (Пияз)

Кирилл: Өсіретін бойынды.

Дамытатын ойынды

Оянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз! (Сәбіз)

Юля: Мен өрікпін,өрікпін,

Табиғатқа көрікпін (Өрікпін)

Т. Алина: Мен жүзім,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім (Жүзім)

Богдан: Мен алмамын,алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім. (Алма)

Игорь: Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұртттың. (Алмұрт)

Ангелина: Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін. (Шие)

Ярослав: Көк қарағай,қарағай,

Мейірбанды анадай. (Қарағай)

Ясмина: Алатауды бөктерлей

Өседі ылғи ақ қайың,

Жапырағы көкпеңбек

Жайқалады жаз сайын. (Ақ қайын)

Настя: Төрсиған бал уызға,

Кіп-кішкентай қарақат. (Қарақат)

Артем: Қуалап допша ойнаса,

Қабығы тіпті қатты екен. (Асқабақ)

Данил: Бақша ішін аралап,

Қара,күлгін, сары ала,

Қауын жатыр сүйкімді

Үлкенге де балаға. (Қауын)

Жұлдыз: Бал татитын құлпынай,

Саған құмар құлпынай

Жазда жылдам таусылмай,

Қыста өссең шіркін-ай. (Құлпынай)

Алуа: Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған мен -қызанақ.

Күнге қарап ұялып! (Қызанақ)

Алтын күз: Бәрекелді, керемет!

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Алтын күз, біздің балалар сізге қолшатырмен би

билеп бермекші.

«Жаңбыр» би


Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Қолшатырларың қандай керемет! Қандай ақылды балаларсыңдар!

Жүргізушы: Алтын күз, біздің балаларымыздың аналары ттіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Солай ғой,балалар?! Ендеше «Алтын күз-2013» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

(Ортаға жемістер мен көкөністер костюмдер балалар шығады )

Алтын күз: Қандай әдемі киімдер маған өте ұнады.

Жүргізуші: балалар тағы бір би сізге дайындады тамашалайық!

«Санырауқұлақ» би

Жүргізуші: Алтын күз орындыққа жайғаса отырыныз ,балалар сізге «Шалқан» ертегісін көрсетеді.

«Шалқан» ертегісі

Алтын куз: Өте Тамаша, қандай өнерлі балалар!

Жүргізуші: Балалар Алтын күзге тағы бір әнді орындап берейік

«Күз жомарт» әні

Алтын күз: Балалар менде сендерге сыйлық дайындадым өткені сендер өте ақылдысындар.

(Алтын күз балаларға сыйлықтарды таратады)

Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, , менің басқа балабақшаға баратын уақытым келді. Мен енді кетейін.

Жүргізуші: Балалар, алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады. Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді )


© 2010-2022