Семинар: «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Семинар: «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту»

Семинардың мақсаты: Педагог тәрбиешінің тәжірибелік қызметінде келесі денсаулық сақтау технологияларын қолдану және меңгеру. Балабақша мамандарының, оқыту-тәрбиелеу процестерінің нәтижелерін көтеру, педагогтар бойында балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған құнды бейімділіктерді қалыптастыру, балабақшаларда денсаулық сақтау технологиясын жүзеге асыру негізінде педагогтардың ойлау белсенділігін арттыру.

Міндеттері:

Денсаулық ұғымына түсінік беру.

Қатысушы педагогтарға дене тәрбиесін дамытуші орталықтары арқылы денсаулық сақтау технологияларын тәжірибеде қолдануға бағыт сілтеу.

Өткізу түрі: педагогикалық шеберхана.

- Қайырлы күн, құрметті педагогтар. Бүгін мен сіздермен денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту туралы семинар өткіземін.

- Мен біздің кезекті кездесуімізді өздерімізді жақсы қырынан таныстырумен бастағым келеді. Қазір мына доп кімнің қолына барса Сол адам өзінің атын айтады және атынның бірінші әріпіне сай сипаттама береді. Мысалы; Айгүл-ақжарқын, Бағила бейбітшіл деген сияқты. Доп дайындау

(танысу - сәлемдесу).

- Біз өзімізді таныстырдык, енді семинар жұмысын бастасақ болады.

Бүгінгі біздің кездесуіміз, құрметті әріптестер, теледидар бағдарламасы түрінде өтеді "Денсаулықты сақтаймын - өз-өзіме көмектесемін!" (музыка қосылады). Әсерлі, сезімтал, жағымды музыка

2. Бағдарлама басында

Сөйтіп, «Денсаулық туралы» айдарына өтеміз.

Жаттығу "Әуе шары" (адам денсаулығының құндылығы туралы).қағаздар дайындау

Жерден ұшып бара жатқан әуе шарының суретін саламыз. Әуе шарының себетіне адамның суретін салу. Бұл сізсіз. Сіздің айналаңызда көк аспан, күн шұғыласын шашып тұр. Осы суреттің қасына сіз әуе шары мен саяханқа шыққанда алып шығатын өзіңіз үшін 9 құндылықты жазыңыз. (мысалы, ақша, денсаулық, отбасы, жұмыс, махабат, т.б.). Енді көз алдыңызға елестетіңіз, әуе шарыңыз аяқастынан төменге құлдилады және сізге төменге құлап түсетін қауіп төнді. Сізге бірінші төбеге көтерілу үшін, балласттан (әуеде ұшу аппаратының ұшу биіктігін тәртіптейтін жүк) құтылу керек. Балластты тастаңыз, демек жазған 3 сөзді сызып тастаңыз, (тағы 3 сызыңыз). Тізімде не қалдырдыңыз?

Өмір құндылығы негізінде шеңберге алу. Жүргізуші тақтаға жаза бастайды. Егер сөздер қайталанса + белгісін қояды. Қосу белгісінің санына қарай өмір құндылықтарына рейтинг жасайды. Мысалы, 1-орын денсаулық, 2-орын отбасы және т.с.с.

Жүргізуші: Жұртқа мәлім, мықты денсаулық сәтті оқыту мен тәрбиелеуге жағдай жасайды, ал сәтті тәрбие мен оқыту -денсаулықтың жақсаруы. Яғни, білім мен денсаулық ажырамас ұғым.

Кейде балаға алғашқы сұрақ қойсаң, « адам өміріндегі ең қымбат әрі құнды нәрсе не», десең, олар көбіне былай жауап берді «ақша», «көлік», «алтын» немесе т.б. Кейде жетекші сұрақтар негізінде «денсаулық», «өмір» дейді, кейденегізгі құнділіқтардың атын атамайтын кездері де болады. Кейде сұрасаң: «Сіздер ауырасыңдар ма, балалар?» Барлығы тату: «Ия» - «Сендерді немен емдейді?» - «дәрі береді». «Ал, балалар дәрісіз емделуге бола ма?» - «Жоқ!» Осындай жауаптар, баланың денсаулығын сақтауға жетелейді. Балалық шақтан «бала өмір бойы денсаулығындағы сақталған нәрсені төзуіне тура келеді».

Януш Корчак былай дейді: «Балалар үлкендер сияқты дені сау, мықты болғысы келеді, сол үшін не істеу керек. Түсіндірсе сақтануға тырысады»

3. Сөйтіп, «Балабақша да» айдарында

Біз бүгін біздің балабақшамызда денсаулық сақтау технологияларын пайдаланудағы тәжірибемізбен бөлісеміз. Қазір сіздерге ересектер тобындағы ұйқыдан кейінгі жаттығулар кешенін көруді ұсынамын. Тәрбиешісі Нуржауова Бағила. (ұйқыдан кейінгі жаттығулардың орындалуы туралы тәжірибелік бейнеролик). Бейнероликті көрсету.

4. «Біздің шеберхана» айдары. БАЯНДАУ және ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Балабақшада денсаулық сақтау технологияларын орындау.

«Дене жаттығуларымен қалыпты және өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді».

Әбу Әли Ибн Сина.

Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі.

Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжіриебиесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке-дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет.

Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды.

Осыған орай жұмыстың обьектісі - мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау болып саналады.

Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты - балаларға адам өмірі мен денсаулығына саналы көзқарас қалыптастыру, денсаулық туралы білім қорын толықтырып және дамыту біліктілігін сақтау, қолдап және қорғауға, валеологиялық құзыретін көтеріп, мектеп жасына дейінгі балаға салауатты өмір салтын және өмір қауіпсіздігі ережелерін дербес және нәтижелі шешуге ерік беру.

Міндеттері:

  • Баланы сауықтыруда, оқытуда, дамытуда адекватты жағдай жасау,

  • Балалардың денсаулығын сақтау және қимыл белсенділігі және ақыл ойының еңбекке қабілеттілігін көтеру,

  • Қалыпты эмоционалды күйін және психоэмоционалды күшін түсіруге жағдай жасау.

Басқа сөзбен айтқанда, біздің балаларымыз үлкен өмірге қадам басқанда тек қана жоғары денсаулық потенциалы болу емес, салауатты өмір салтын және оны дұрыс жүргізуге арналған білім қоры болк керек.

Біздің балабақшада денсаулық сақтау технологияларын толыққанды пайдалануға нақты жағдай жасамаған. Бірақ денсаулық сақтау технологияларын күн тәртібі және оқу іс әрекеті барысында топта немесе алаңда жүргізуге болады.

Денсаулық сақтау технологиялары 3 бағытта жүргізіледі:

- Денсаулықты сақтау және ынталандыру

- СӨС жүргізуге оқыту

- коррекциялық

Денсаулықты сақтау және ынталандыру бағытына мына технологиялар кіреді: ритмопластика, динамикалық үзілістер, қимылды және спорттық ойындар, релаксация, саусақ жаттығулары, тыныс алу жаттығулары, пальминг, игровая оздоровительная гимнастика.

Ритмопластика - аптасына 1 рет жүргізіледі. Ритмопластика жаттығуын жүргізу кезінде балалардың музыкалық есту қабілеті, ырғақ сезімі, икемділігі және әсемдігі дамиды және дұрыс сымбаты қалыптасады. Көркемдік құндылығына, тұлғаның физикалық жүктемесіне және оның жас ерекшелік көрсеткішіне сай келуіне назар аударылады.

Динамикалық үзіліс баланың шаршағанына қарап, оқу іс -әрекеті барысында 2-5 мин жүргізіледі. Динамикалық үзіліске көзге арналған жаттығулар, тыныс алу жаттығулары, саусақ жаттығулары мен т.б. жаттығулары элементтері кіріктіріліп, оқу іс-әрекетінің түріне қарай жүргізіледі.

Қимылды және спорттық ойындар дене шынықтыру оқу іс-әрекетінің және сенуеннің бір бөлімі ретінде, топта аз, орта дәрежелі қимылда жүреді. Ойындар баланың жас ерекшелігіне, уақыты мен орынына сай жүргізілу керек.

Релаксация. Жағымды және жағымсыз эмоциясының теңгерімділігі баланың психикалық денсаулығына қажет, жанының жайбарақаттығын сүйемелдеу және өмірді сүйетін мінез-құлық қамтамасыздандыруы. Жұмыс жүргізу үшін жайлы әуен қажет (Чайковский, Рахманинов, Моцарт, өзіміздің ұлттық композицияларымыз), табиғат әуендері.

Саусақ жаттығулары жеке жүгізіледі, немесе топпен күнделікті жүргізіледі. Ұсақ моторикаларын жаттықтырып, сөйлеуді, кеңістікте ойлауды, зейінін, қан айналамын, қиялын, жылдамдық әрекетін ынталандырады. Барлық балаларға ұсынылады, әсіресе сөйлеуінде ақауы бар балаларға. Үзіліс уақыттың ыңғайлы кезінде жүргізіледі.

Пальминг (көзге арналған жаттығу) күннің бос уақытында көзге ауырлықтың түсі қарқынына қарай, күнделікті 3-5 минуттан жүргілдеді. Көз бұлшықеттерінің статикалық күш салуын төмендетеді, қанайналымын жақсартады. Жүргізілу кезінде көрнекіліктер пайдаланылады.

Тыныс алу жаттығулары дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының барлық түрінде қолданылады. Бала ағзасының тіндерінде оттегі алмасуын белсендендіреді, оның жұмысын тұтастай қалыптандырады және үйлесімдендіреді.

Ойын сауықтыру жаттығулары ұйқыдан кейін 5-10 минут жүргізіледі. Бұл кешенге төсекте ояну, жалпақтабандылықтың алдын-алу, дұрыс сымбатты қалыптастыру, ауқымды жуыну жаттығулары кіреді. Бізде осы мақсатта арнайы денсаулық кілемшелері дайындалған. Бұл кілемшелерде балалар ұйқыдан кейін жүріп өтеді. Кілемшелер баланың табанынын өте жақсы уқалап, бұлшықеттерін және бабанының байланыс аппаратын нығайтады, ағзаны түгел қорғайды.

СӨС жүргізуге оқыту бағытын кіретіндері таңғы жаттығулары, дене шынықтыру оқу іс-әрекеттері, өзін -өзі сылау, белсенді демалыс.

Таңғы жаттығу күнделікті әуенді сүйемелдеу арқылы 6-8 мин жүргізіледі. Әуенді сүйемелдеу әрбір жаттығуды алып жүру керек. Сонымен баланың ритмикалық дағдысы мен ептілігі қалыптасады.

Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті аптасына 2 рет жас ерекшелігіне қарай бағдарлама талабына сай жүргізіледі (дәстүрлі, мазмұнды -ойын, кіріктірілген , сауықтыру). Олар қимыл дағдысы мен ептілігін оқытуға бағытталады. Жүйелі дене шынықтыру оқу іс -әрекеті бала ағзасын нығайтып және иммунитетінің көтерілуін қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру оқу іс-әрекетіндегі музыка бала ағзасының психологиялық және физиологиялық жағдайының жақсаруына мүмкіндік береді..

Өзін-өзі сылау- бұл уқалау, бала өзі атқарады. Ол қанайналымды жақсартады, ішкі ағзалар жұмысының жүйеленуіне көмектесіп, сымбатты түзейді. Сылау адамның физикалық нығаюына ғана емес, психологиялық сауығуына да мүмкіндік жасайды. Бала үшін уқалау- сколиоздың , салқын тигеннен болатын аурудың, вегетативті дистонияның алдын - алу.

Белсенді демалыс (денешынықтыру уақыты, сауықтыру мерекелері, музыкалық уақыты, "Денсаулық күні"). Балалардың бос уақытын, мерекелерін ұйымдастыруда балалар өзара қатынаста болады. Сайыс тапсырмаларын, қимылдық тапсырмаларды орындау арқылы аса ерекше жүктемесіз қимылда болады. Өздері меңгерген қимыл дағдылары мен ептілігі негізінде балалардың өзіндік әртістік, қимылында жинақылық дағдылары байқалады. Дене шынықтыру мерекелері мен ойын -сауықтары міндетті түрде музыкамен сүйемелденуі керек, себебі музыка баланың сезімін, эмоционалдық ортасын дамытады. Музыка баланың қимыл реттін бекітеді, музыкалық шығарманың мінезін түсініп, есте сақтау, музыкалық бейімі қалыптасады. Баланың серуенде белсенді қимыл әрекетте болуы үшін спорттық құралдармен жабдықталу керек.

Түзету бағытына (Бейімделу): артикуляциялық жаттығулар, музыкотерапия, ертегі терапиясы, арттерапия кіреді.

Артикуляциялық жаттығулар - артикуляциялық аппараттарды жаттықтыруға арналған жаттығулар (ерін, тіл, төменгі жақ), дыбыстың дұрыс айтылуына қажетті, дыбыстың айтылуын нақтылауға, бұрыннан құралған дыбыстың айтылуының бұзылуын жеңуге көмектеседі. Дыбыстың айтылуында кемшіліктері бар балалармен тәрбиешілер жұмыс істейді. Оны үнемі қадағалап отырады.

Музыкотерапия - музыка балалардың психологиясына әсерлілігімен өте күшті. Ол жүйке жүйесінің жағдайына ықпалы күшті (тыныштандырады, босаңсытады немесе керісінше қобалжытады, еліртеді), әртүрлі эмоционалдық кейіпке ендіреді (тыныштықтан, қимылсыз күйден және жайсыз күйге, жабыраңқылық немесе агрессия). Сондықтан да балалармен музыка тыңдағанда мәніне көбірек көңіл бөлу керек. Музыканы жұмыс барысында қолданғанда әуеннің мінезіне ырғағына және дауыс қаттылығының ерекшелігінің бала психологиясының жағдайына әсер етуін ескеру керек. Қосымша технология ретінде күйзелістің алдын алуға, эмоциональдық күйді көтеруге көмекші ретінде пайдаланылады. Музыкатерапиясы оқу іс -әрекетін сүйемелдеуде өте кеңінен пайдаланылады (бейнелеу, құрастыру, айнала қоршаған ортамен таныстыру т.б. оқу іс-әрекеттерінде) Жайлы музыка, қуаныш сезімін шақыратын,тыныштық, махаббат, кішкентай тыңдаушының эмоционалды жағдайын үйлестіруге, зейінін шоғарландыруды дамытуға қабілетті.Сондай - ақ музыканы бала ұйықтайтын уақытында пайдалану баланың ұйқы алдында босаңсып, тыныштануына көмектеседі.Бала ұйқыға жатқанда көздерін жұмып көз алдыларына өздерін орманда, теңіз жағасында, немесе басқа да жағымды әсер қалдыратын орында жайлы музыка тыңдату керек. Соның әсерінен бала өте жақсы деалады.

Ертегі терапиясы - психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Практикалық психологияның ертегілік терапия бағыты - баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады.

Батыс пен Еуропа психологтары бала тәрбиелеу мәселесінде құрғақ ақыл айтудың, ескеру мен дауыс көтерудің жарамсыз екендігін толықтай дәлелдеді. Бұлар жаһанданулық қоғамға қадам басқан жаңа ғасыр үшін көнерген, өз күшін жоғалтқан әдістер деп танылған. Есесіне, ертегі терапиясы арқылы баланың санасын өздігінен кері нәрселерге қарсы тұрарлық күш беру шарт деген тәсілді ұсынады. «Сабағыңды жақсы оқы, қолыңды жумай дастарқанға отырушы болма, ата-анаңды сыйла, үлкенмен керіспе» дейтін ескертпелер баласы бар үйде күнде он рет қайталанады. Мың сан қайталанулардан соң бала санасы ести тұра мұндай ескертпелерді мүлдем қабылдамайтын күйге жетіп, тек өз білгенінше әрекет етеді. Өйткені, ол сабақты жақсы оқымаса не боларын немесе ата-анасын құрметтемеудің ақыры немен аяқталарын білмейді. Ал, ертегі терапия ең бірінші оған болашақ туралы сұрақтарға жауап береді, ертегінің финалында болатын нәтижелерден ол келешек туралы ой түйеді. Ертегі терапиясы-полифункционалды психотехника.Оқытудың мазмұнына байланысты, ертегі келесі даму түрлеріне жағымды әсер етеді.Ертегі терапиясы сабағын ұйымдастыруда жұмыстың мақсатын анықтаған өте маңызды: Не жоспарланып отыр? Қандай нәтижеге жетеді? Бала қандай қасиетке ие болды? Балалардың өмірінде болатын нақты қиындықтар көрсетілген «ерекше» ертегіні таңдау керек. Біреуге тәуелді болу, тіл табыса алмау, үрейлік, қорқақтық, қоршаған ортаға жағымсыздық, өзіне деген бағасы төмен,қайшылықтық.Ертегі терапиясы сабағын белгілі бір ритуалдан бастап, сонымен аяқтау маңызды. Балалар «сиқырлы» нәрселерді бар ынтасын салып орындайды.Бұл ритуалдарды орындау балаларға қуаныш әкеледі.

Арттерапия - бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. "Арттерапия"- терминi (art - өнер, artterapy - өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Арттерапия - ауру адамның психоэмоциональды халiне шығармашылық арқылы ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi.

Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдiң санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады. Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия, бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды Бiрақ көптеген мамандар мұндай анықтамаларды өте кең әрi нақты емес деп санайды. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде кей кездерде "Изотерапия" және "Сурет терапиясы" терминi қолданылады, бiрақ олар ағылшын тiлдi аналогқа келiңкiремейдi және мән мағынасын тарылтады.

Арттерапия мынадай бағыттарды қамтиды: сурет терапиясы, драмтерапия, библиотерапия, музыкатерапия, кинотерапия, куклотерапия, битерапиясы.

Фрейдтің алғашқы ойлар мен күйзелістер, бейнелер және белгілер формасында беріледі деген сөзіне сүйеніп Наумберг өнерді психотерапияның бір формасы екендігін айтқандардың бірі болды.

Арттерапиялық әдістемелер жеке дара әдістеме ретінде де терапияның көмекші әдістемесі ретінде де қолданылады.

Арттерапия клиенттің өзінің шығармашылығы және өнер шығармалары (картина, мүсін, кітап, киноөнері) арқылы жүзеге асырылады. Арттерапияны бірінші кезекте күрделі эмоциональдық күйзеліске ұшырағандарға, қарым-қатынаста қиналатындарға, көп үндемейтіндерге, ұялшақтарға қолданылады.

Картиналар адамдарға үлкен әсер етеді: көңіл-күйін құлазытуы, көтеруі, сезімдерін оятады. Кескіндеме тек қана жардың сәнін келтіріп қана қоймай, оған қарағанда бойын босаңсытуға, күнделікті ағымдық шаруалардан тынығуға мүмкіндік береді.

Бейнелеу өнеріндегі күшті әсер ету құралы бұл кескіндемедегі бояу түстері. Ішкі сезіміңді сөзбен ғана емес, қолыңа, бояу, түрлі түсті қарындаш алып сурет салу арқылы білдіруге болады. Егер адам бір нәрсеге ашуланып, қиналса, көңіл-күйі түсіп кетсе, дереу сурет сала бастаса оның бойындағы жағымсыз эмоция кетіп, көңілі бірленеді.

Түсті таңдауға байланысты да көптеген нәрсе айтуға болады: қызыл түс ашу ызаны, қара-қайғыны, сұр-мазасыздықты білдіреді. Мамандар жеке түстер ерекше ішкі сезім күйін, мысалы, сары және қызғылт сары сергектік пен көтеріңкі көңіл күй сыйласа, қоңыр түстер соған сәйкес көңіл-күй береді, жасыл түс адамды тыныштандырып, көңіл көтереді, жүйкесі қозғанда тыныштандырады, ұйқысыздықты болдырмайды.

Сонымен адам сурет сала отырып, өзінің ішкі сезімін, көңіл-күйін білдіруге мүмкіндік алады, өзіне жағымсыз жайттарды жеңіл қабылдайды. Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Демек тұлға шығармашылығын дамытуда арттерапиялық әдістемелерді қолдану маңызды.

Сол арқылы жұмыс барысында денсаулық сақтау педагогикалық технологияларын қолдану тәрбиелеу -оқыту үрдісінің нәтижесін көтереді, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған, педагогтар мен ата-аналардың құндылықты бағытын, ал баланың салауатты өмір салтын қалыптастыруға табанды уәждемесі қалыптастырады.

2-бөлім. Тәжірибе «Денсаулық қалашығы»

Құрметті әріптестер! Егер сізге осы оқу жылында «Денсаулық қалашығы» атты шипажай қалашығында болуға мүмкіндік туса, келісер ме едіңіз? Келісесіз бе? Ендеше сіздерге жұмыс пен отбасылық қарбаласты уақытша ұмытуды ұсынамын.

  1. Бізге жолға аттануға кез,

Керемет бізді күтуде!

Қатысуға асық тез,

(Жолдама таратылады.) дайындау

Достарыңды шақырып.

(қолмен корсету)

Саяхатымызды бастайық,

Бәріне денсаулық тілейміз.

Біріңізді күтуде

Ритмика + пластика,

Және де гимнастика,

Және де уқалау

Не деген керемет былық!

1,2,3 менің соңымнан еріңіз!

(шығу, барлығы айнаға жарты шеңбер болып тұрады)

  1. Көз алдыңызға елестетіңіз, сіздер күннің шұғыласы түскен мөлдір теңіздің жағасында тұрсыз (слайд) (музыка) дайындау

ӨЗ басыңызды ұстағышы бар құмыра деп елестетіңіз (показ). Елестетіңіз бе? Әшекейленген құмыраны теңізге қарай қисайтып ішіндегі лас суды, ауруды, өкпе-ренішті төгіп тастаймыз. Сөйтіп өның ішіне мөлдір, жарқын сумен толтырамыз, яғни біздің басымыздағы жағымсыз сезімдер кетті!

Мен сіздерге шипажайдағы жаңалықтармен бөлісу үшін ең бірінші уқалаудан бастағым келеді.

  1. Құлаққа уқалау

Құлағымыз жақсы есту үшін, (көрсету)

Уқалайық тезірек («жүгірту» саусақпен құлақты уқалау)

Міне бүгіп, жіберіп ( алға, артқа)

Тағы біррет қайталайық. (қайталау)

Құлағымызды бүгейік (бүгеміз)

Құлағымызда саусақпен жүреміз (саусақпен құлаққа айналма қозғалыс жасау)

Алақанмен қысайық (қысу)

Қатты, қатты ысқылайық(ысқылау)

Құлағымыз дайын, енді көзімізбен атуды ұмытқан жоқпыз ба? Қане тексерейік!

  1. Көзге арналған уқалау

«Көзбен ату» (Көзді оңға, солға жүргізу)

«Көбелек» (Көзді ашып, жұму).

«Дуалша» (көзді жоғары, төмен қаратады).

«Үкіше» (Көзімізді сағат тілінің бағытымен айналдыру, кеңістікке үлкен шеңбер салу. Көзімізді сағат тілінің бағытына қарсы айналдыру)

  1. Құрметті демалушылар, көзбен атуды тоқтатып, сымбатымызды тексерейік.

Сымбатымызды тексеріп

Жаттығулар жасайық.

Денемізді тік ұстап.

Басымызды артқа, алға,

Оңға, солға, айналып.

Қолымызды жоғары тік көтеріп,

Қандай биікпіз қараңдар.

Енді бөксені билетіп,

Біздерге бір қараңдар!

Бұл даңқты жаттығумен

Көңіл күйді көтереміз!

Әрі қарай отырамыз:

Тату достай отырайық

Тату достай тұрайық.

Секіру бізге қиын емес,

Күніменен дәл доптай!

  1. Алыс жолға шығайық, бізді теңіз толқыны күтуде, (слайд артикул гимн)

Сотқар жел ұшып келіп,

Теңіз толқынын сыбдырлатты. ( мұрнымызбен ауа жинап: ш-ш-ш-ш-ш..)

Кішкене қатты желдетті

Толқындар қатты шайқалды (қаттырақ ш-ш-ш-ш…)

Өтірікші сияқты тарап кетті

Тереңдікпен жүріп өтті (мұрынмен терең тыныс алу және ұзақ ерінді шошайта тынысты шығару

  1. Құрметті демалушылар, сіздерді ақысыз уқалау салонына шақырамын

Сөйтіп, уқалау табиғаттың сыйы

Біздің демалысымыз жалғасуда!

Мөлдір су көмек беріп,

Уқалаусыз ешқандай!

Енді көмекші қараңдар!

Бүрле, тастар, (тастар дайындау)

Алақанға алыңыздар -

Ойнақтайық сәл ғана!

Мынау менің - оң қолым

Мынау менің -сол қолым

Қане тастарды басайық

Жаттығулар жасайық

Оң қолыма күш жинап

Сол қолыма күш жинап

Менің қолдарым енді

Епті, шебер болады.

Енді құралдарды орындарына қояйық, уқалауды жалғастырайық.

Біздің саусақтарымыз иілгіш,
Риза және қуанышты,
Себебі олар барлығы
Гимнаст сияқты .

Бас саусақты уқалаймыз (мидың белсенділігіне жауап береді);

Сұқ саусақ(асқазанның жағдайына);

Ортан түйрек(ішектерге);

Шылдыр шүмек(бауыр, бүйрек);

Кішкене бөбек(жүрекке).

Өте жақсы ойнадық, саусақтарды уқалап.

«Күншуақ жазығандағы» сауықтыру және жүруіміз аяқталмақта.

Біз бүгін көп нәрсе білдік, құлпырдық, күнге күйдік.

Қараңдаршы күн шуағын шашуда. Сіздерге күннің алтын шұғыласына алақандарыңды қойып, жүректеріңізге жылу жіберіп, өміріңізді нұрландыруды ұсынамын.

Сіздер білесіңдерме күн шуағы сіздердің барлығыңызда бар, сіздердің күлкіңізде, көңілдеріңізде. Осы қуаныш пен жылулықты бір-бірімізге және біздің айналамыздағы адамдарға сыйлайық.

Сіздің жүздеріңізден ешқашан күлкі кетпесін, мына күн сіздердің барлығыңызды жылыта жүрсін. («Күн» суретін тарату).

Кеңестің бәрін орындап,

Ешқашанда ұмытпай,

Барлықтарың лайықсың,

Сұлулыққа, сәндікке!

Бәріміз енді қайтайық, жұмыс бізді күтуде!

Саяхатымыз аяқталды.

«Релаксация» айдары (Түстертерапиясы)

Адам өмірі ырғағы физиологиялық және психологиялық күштерге толы. Өзімізге қажетсіз кимыл әрекетпен өзіміздің жүйке жүйеміздің жүктемесін айырлатамыз. Физикалық және ақыл-ой жүгі біздің ағзамыздың эмоциялық шолпылын жұқартып күнделікті демалумен оны толықтыра алмаймыз. Ағзаның шаршағанын сезіп, мидың шаршағанына онша көңіл бөлмейміз. Қазір сіз не істеп жатқаныңызға шоғырлана алмасаңыз, демек сіздің миыңыз шаршаған сізге көмектесетін бұл - релаксация.

БАРЛЫҚ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ТҮСТЕР МЕН МУЗЫКА ТЕРАПИЯСЫ

Сізде гипербелсенді бала болса? Немесе керісінше болбыр бала болса? Мүмкін, ол жиі ашуланып немесе жиі ренжулі жүрсе? Қалыпты музыкамен үйлескен ТҮСТЕРТЕРАПИЯСЫ- жүйке жүйесінің бұзылуына нәтижелі, қарапайым және кеңтаралған әдіс. Баланың жүйке жүйесіне нақты әсер ету, баланың дұрыс икемделуіне көмектеседі. Ұйқыдан алдын немесе ұйқыдан кейін (немесе қолайлы уақытта) балаға бейнебаянды қойып беріп нәтижесін бақылау қажет. Сеансты жүйелі жүргізген дұрыс, кемінде аптасына 1 рет.

ҚЫЗЫЛ ТҮС - БЕЛСЕНДЕНДІРЕДІ

Қызыл-әрекет түсі. Ол бас ми қыртысын және ми қыртысының жасушаларын тікелей ынталандырады. Ми қыртысына әсер ету қысымның, дене қызуының, қимыл белсенділігінің көтерілуі түрінде жүреді. Ми қыртысына әсер етуіне қатысты - қызыл түс әрекетке түрткі болады. Жұмыс белсенділігі немесе жай ғана тез әсерленудік көтерілуі маңызды емес. Психотерапевттердің ұсынысында қызыл түсті ұзақ уақыт қолдануға болмайды. Бұл жанама нәтижеге әкеліп соқтырады, мысалы қалжыратып шаршатады.

КӨГІЛДІР - ТЫНЫШТАНДЫРАДЫ

Көгілдір - ашық аспан көк. Бұл түсте тыныштындырушы нәтижеге қабілетті, бірақ сонша аспан көк түстей мықты емес. Шындығында көгілдір ешқандай түске жатпайды. Оны көбіне кеңсе ғимараттарын безендіруде қолданады, өйткені ол ойды жинақтауға көмектеседі, сезімді шоғырландырады және сөндіреді, күйзеліс пен керексіз толқуда таптырмайтын әдіс. Ол ағзаны тыныштандырып, қан қысымын төмендетуде көмегі зор. Сонымен бірге дене қызуын түсіріп, инфекцияның таралуын тоқтатады.





Семинар: «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту»

Семинар: «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту»

Семинар: «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту»

Семинар: «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту»

Семинар: «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту»

Семинар: «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту»

Семинар: «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту»Семинар: «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту»Семинар: «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту»Семинар: «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту»

Семинар: «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту»Семинар: «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту»


© 2010-2022