Ертеңгілік: Алтын күз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ертеңгілік: Алтын күзКүз сыйы.

Жүргізуші: Қуантып біздерді.

Мерекелі күз келді,

Кел жемісті алтын күз.

Кемелденсін халқымыз!

Армысыздар, құрметті қонақтар, бармысыздар жадыраған ұстаздар! Бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Мерекемізді әсем әнмен бастаймыз.

Ән:

Тосын сәт. Дымбілмес әндетіп келеді.

- Ой, сен кімсің?

Дымбілмес: Мен Дымбілмеспін. Атым солай болғанмен мен тақпақ білемін. Би де билеймін , далада ойнағанды өте жақсы көремін. Жапырақтарды шашамын, торғайларды атамын, беті қолымды жумаймын. Өйткені суды, сабынды жақсы көрмеймін. Тек қана күні бойы ойнағанды ұнатамын.
- Дымбілмес , сен қазір жылдың қай мезгілі екенін білесің бе? (Қыс мезгілі).
- Балалар , Дымбілмес дұрыс айтып тұр ма?
- Жоқ, қазір күз мезгілі. Күзде күн суытады, жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады.

Дымбілмес: Балалар, менімен дос болғыларың келе ме?

-Жоқ.

- Неге менімен дос болмайсыңдар?

- Сен ештеңе білмейсің ғой?

Жүргізуші: Балалар, бізге күз ханшайымы қонаққа келіпті.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен Дымбілмеске жасап жүрген істерінің дұрыс емес екенін айтып түсіндірейін. Торғайларды атуға, жапырақтарды шашуға болмайды. Беті қолымызды жуып тап-таза болып жүруіміз керек. Жеміс-жидекті жумай жеуге болмайды. Түсіндің бе?

-Иә.

Дымбілмес: Бұдан былай ақылды бала боламын. Күз ханшайымы, мені кешіріңіз.

Жүргізуші: Балалар, олай болса әрі қарай ертеңгілігімізді жалғастырайық.

Күз ханшайымы: Иә, менде сендердің өнерлеріңді тамашалауға келіп едім.

- Енді кезекті кішкентай бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына берейік.


Мен алмұртпын, алмұртпын, Жания.
Аузындамын бар жұрттың.

Мен жүзіммін, жүзіммін Кәусәр.
Моншақ болып тізілдім .

Мен өрікпін, өрікпін Асылжан.
Табиғатқа көрікпін.

Мен алмамын, алмамын Камилла.
Тандайда қалар бәр дәмім.

Жүргізуші: Иә, міне бізге бақшадан жемістерімізбен көкөністерімізде келіп қалыпты.

Шиемін мен шиемін, Піскенше тон киемін. Іңкәр.

Тал шыбығым бұралып, Данара
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Картоп: Нұрбақыт.
Картоп біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.



Өсіремін бойыңды, Бекасыл . Дамытамын ойыңды. Қоянға да азықпын, Сәбіздерміз жазықсыз.

Күз ханшайымы: Өнерлерің өрге жүзсін.

Би: Күзгі жапырақ.

Тосын сәт. Қоян жылап кіріп келеді.

Жүргізуші: Қоян сен неге жылайсың?

- Мен орманда адасып жүріп сәбіз теруге шамам келмей қалды? Аяқтарым ауырып тұр. Енді не істеймін?

Жүргізуші: Сен жылама, біздің балалар саған көмектеседі.Балалар көмектесесіңдер ме ? Олай болса Қоянға сәбіз теріп берейік.

Ойын: " Сәбіздерді теріп беру"

Қоян: Қандай өнерлі балалар.

Жүргізуші: Қоян, сен біздің балаларға қандай сыйлық әкелдің?

Қоян: Мен сендерге ойын алып келдім.

Ойынның аты: " Жаңбыр мен Күн"

Ойынның шарты:

Күн дегенде билейміз. Жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыламыз.

Ән: Сұр қоян.

Жүргізуші: Біздің балалардың өнері сізге ұнады ма?

Күз ханшайымы: Ұнағанда қандай керемет өте өнерлі балалар екен. Мен сендерге сыйлығымды үлестірейін.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Осымен "Балапан " тобының "Күз сыйы" мерекелік ертеңгілігі аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

КМҚК « Балбөбек - бөбекжайы »











Ертеңгілік:





Приозерск қаласы, 2015 жыл

© 2010-2022