Ертеңгілік: Алтын күз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Алтын күз»

Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін, шығармашылықтарын дамыту; 3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Мерекеге сай безендірілген залдың сахнасына «Алтын күз» тақырыбы түрлі - түсті жапырақпен жазылып, шарлармен әшекейленеді. (Музыка әуенімен ортаға жүргізуші шығады.)
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ата - аналар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Береке ,бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз.

Балаларымызды қошеметтерінізбен қарсалайық!!

Тәрбиеші жеке - жеке балаларды атап шақырады. (Музыка әуенімен балалар сахнаға келіп орналасады.)

Тәрбиеші:

  • Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Тоңазып атырап

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Жерге кеп түседі.

Аспанды сұрғылт бұлт

Жан - жақтан жабады.

Күн бірте суытып,

Жауын көп жауады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?

Хормен (балалар): Күзде.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар!

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын:

Ағайынды - бәрі

Шықса - жасыл,

Түссе - сары. Ол не?

Балалар : Жапырақ

  • Дұрыс айтасыңдар! Қазір бізде жылдың қай мезгілі?

  • Күз!

Олай болса сендердің күз туралы тақпақтарыңды тыңдайық.

Азамат

Алтын, алтын, сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Біз мектепке баратын,

Алақай-ау, күн жақын.

Азат

Алтын сары, қызыл, көк...

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Тәрбиеші:

  • Тамаша балалар ,ендеше алтын күзге арналған «Алтын күз »әнін айтайық!

Тәрбиеші:

  • Балалар бүгін бізге қонаққа Күз ханшайымы келе жатыр екен (Осы кезде әдемі әуенмен күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы : - Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен - күз ханшайымын.Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Балалар:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Берекелі күз келді

Тәрбиеші : Балалар, күз бізге құр келмепті, ол өзімен бірге сыйлық ала келіпті.Сендердің өнерлеріңді тамашалауға келіпті, қане өнерлерімізді көрсетейік.

Келесі орындалатын «Жаңбыр-жаңбыр» әнін қарсыалыныздар!

- Балалар күзде қандай өзгерістер болады?

- Қүз айларын атайық (қыркүйек, қазан, қараша)

Тәрбиеші: Ендеше ортаға күз айларын шақырайық.

Мирас: (Қыркүйек)

Бірінші қыркүйек

Білімге бастады,

Мал мен аң жүр билеп,

Құс шарлап аспанды

Нурасыл: (Қазан)

Жаңартқан ғаламды

Жаңбырлы ғажап ай.

Осынау заманды

Орнатқан қазан ай.

Али : (Қараша)

Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық

Қарашы өрледі

Қараша ән салып.

Тәрбиеші: Міне, балалар, күз айларымен таныстыңдар.

Өнім биыл тамаша!

Көз тоймайды қараса:

Сәбіз,пияз, қияр, картоп, қызылша,қызанақ, орамжапыраққа қарашы.Көкеністер бір жерде жиыла қалып дауласты.

Балалар: Көкөністер барлығы

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішіндегі адамға

Тиеді көп пайдамы

Айсулу: (Қызылша)

Мен де бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды

Винегрет те үстелде.

Динара: (Орамжапырақ)

Мақтанғаннан не пайда ?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана.

Аяла: (Қияр)

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде!

Жаңа піскен кезімде

Бәрі жейді сүйсіне!

Бекнур: (Сәбіз)

Кім бар сәбіз шырынын?

Жастайынан ішпеген.

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

Абдулла: (Қызанақ)

Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбе

Томат шырын ішпеген?

Жания: (Пияз)

Боламын мен дәмдеуші

Барлық-барлық тағамға

Көкеністер ішінен

Мен пайдалы адамға

Наргиз К: (картоп)

Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар .

Бос айтысты қояйық,

Дауласуды тоқтайық

Тәрбиеші: Көкеністер бәрі де ,

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

Тәрбиеші:

Тапталады табанға,
Судыр - судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.

Тәрбиеші: Алтын күзге арналған қыздардың «Жапырақтар» биін қарсы алыңыздар!

Тәрбиеші:Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Жемістер мен көкөністер » деп аталады (тәрбиеші ойынның шартын түсіндіреді)

Тәрбиеші:

Алма-алмұрт албырап,

Жеміс-жидек пісіпті.

Қауын-қарбыз балбырап,

Қамбаларға түсіпті.

Жемістерімізді ортаға шақырамыз!

Арсен: (Алмұрт)

Тіл үйренген алмұртпын

Танысымын бар жұртың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім.

Алия: (Алма)

Нарттай қызыл алмам бар

Мәз болады алғандар

Жазда әдемі киінем

Тілді балдай үйірем

Аманат: (Анар)

Бұтақтан үзілген

Жарылса анармын

Моншақтай тізілген

Дәндерін аламын.

Айжан : (Жүзім)

Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім

Көктемде ерте гүлдеймін

Кешігуді білмеймін

Наргиз Т: (Өрік)

Өрікпін ,мен өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін

Баптап мені күткен соң

Талды бойлап өріппін

Бекжан: (Шие)

Мен шиемін,шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен бас иемін.

Ата - аналармен ойын: «Картоп» (Жылдам, үзбей аршу)

Тәрбиеші:

Алтын күзді қарсы алып

Би билейміз, ән салып.

Ұлы тойдай ұлы ісім,

Жаралған ел жыр үшін

  • Келесі орындалатын ұлдарымыздың

«Жігіттер»биің қабыл алыңыздар!

Тәрбиеші: «Қолшатыр» ойын.



Тәрбиеші :Күз ханшайымы, балалардың өнеріңе баға беріңіз?

Күз ханшайымы: Өте тамаша, балалар!

Тәрбиеші:

  • Балалар , сөз кезегін «Күз ханшайымына» берейік оның бізге берер сыйығы бар екен.

(Алтын күз өз себетінен жеміс жидектер алып балаларға үлестіреді

Хормен балалар:

Қош, алтын күз, алтын күз

Өзіңменен қашанда

Кемелденсін халқымыз.

Тәрбиеші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар келесі кездескенше

Осымен мерекеміз аяқталды.

«Алтын күз» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет. Қош сау болыңыздар.

© 2010-2022