Ашық сабақ Жолда жүру ережесін білеміз бе?

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖШС «Салтанат-Эль» мектепке дейінгі балалар мекемесі.

Тәрбиешісі: Ақбаева Зита Түгелбайқызы


Тобы: «Айгөлек» ортаңғы тобы

Тақырыбы: Жолда жүру ережесін білеміз бе?

Мақсаты: Жолда жүру ережелері туралы түсінік бере отырып, көше , жол , жаяу жүргіншілер туралы түсініктерін жетілдіру; жол белгілерін ажырата білуге үйрету, бағдаршам туралы түсініктерін кеңейту; көшеде тәртіп сақтап жүруге байқампаздыққа , сақтықпен жүруге тәрбиелеу, тілін , есте сақтау, ойлау қабілетін,қағаздан құрастыру дағдыларын дамыту.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті



Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Біздер жолға шығайық.

Ұзын-қысқа жолдарды

Біліп біздер алайық .

Оңға қарай бір қарап,

Солға қарай бір қарап

Бойымызға күш жинап

Біз демалып алайық.

Күтпеген сәт

Топқа Қонжық пен көжек кіреді.

Ашық сабақ Жолда жүру ережесін білеміз бе?

- Балалар, Қонжық пен Көжек не ісеп жүр екен сұрайықшы.

-Біздер көлік жолында велосипед теуіп ойнадық.Сол кезде машинадан қашамыз деп велосипедтің дөңгелегін сындырып алдық.

- Балалар, Көжек пен Қонжықтың жолда ойнағаны дұрыс па?

-Ал енді қайда ойнаулары керек еді?

Балалар шеңбер құрып, сергіту сәтін орындайды.


Балалар қызығушылық білдіреді.




Балалардың жауабы.

Балалар, арнайы ойын алаңдарында ойнаулары қажет.Жаяу жүретін адамдар жолдың оң жақ жағымен тротуармен жүрулері керек. Ал егер біз жол ережесін білсек біз аман- есен болар едік. Олай болса, балалар Қонжық пен Көжекпен бірге жол ережесін үйренейік.

Тәрбиеші берген мағлұматтарды тыңдап, сұрақтарына жауап береді

Іздену-ұйымдастырушы

-Жол ережесін үйрену үшін бізге тағы не керек?

Бағдаршамның қызметі туралы таныстыру.

-Ал,енді балалар бағдаршамды қағаздан құрастырып үйренейік.

Ашық сабақ Жолда жүру ережесін білеміз бе?Ашық сабақ Жолда жүру ережесін білеміз бе?

Ашық сабақ Жолда жүру ережесін білеміз бе?

Сергіту сәті «Көлік түрлері»

Ашық сабақ Жолда жүру ережесін білеміз бе?

Тәрбиеші- МАИ қызметкері өзінің атқаратын қызметі туралы мағлұмат береді.

-Балалар,ал біздер қандай бағдаршам,жол ережесіне байланысты тақпақтар білеміз?

Көжек пен Қонжық балалармен бірге жолда жүру ережесін үйренеді, балаларға рахметін айтады.

Ашық сабақ Жолда жүру ережесін білеміз бе?

-Балалар,көліктердің пайдасымен бірге зиянды жақтары да бар екен.

Мысалы: апатты жағдайлардың болуы,ауанын ластануы.


Сурет бойынша әңгімелеседі,сұрақтарға жауап береді.

Балалар қағаз бөліктерінен бағдаршамды құрастырады.




Әртүрлі көлік түрлерінің қимылын жасайды.


Бағдаршам, жол ережесі туралы өлең жолдарын айтады.





Балалар слайдтан көліктердің зиянды жақтарын қарайды.

Рефлексивті-коррекциялау

Ойын «Бағдаршам»

Шартын түсіндіру Балалар- көліктер, тәрбиеші- бағдаршам.

Ашық сабақ Жолда жүру ережесін білеміз бе?

Көжек пен Қонжық балалармен бірге жолда жүру ережесін үйренеді, балаларға рахметін айтып, жасаған жұмыстарын мадақтайды.

Жол тәртібін білейік,

Аман есен жүрейік

Олай болса, балалар көшеде жол ережесін сақтап, айналамызға қарап, сақтықпен жүрейік.


Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.


Қонжық және көжекпен қоштасады.

Біледі: Бағдаршамның қызметін ,көлік түрлерін,

Үйренеді: Қағаздан бүктеу арқылы бағдаршамды құрастыруды

Игереді: Жол ережесін сақтап жүруді және жол белгілерін



© 2010-2022