Джентельмендер биі. технологиялық картасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 11-13.01

Білім беру саласы:«Вариативтік компонент»

Тақырыбы:Джентельмендер биі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:Бидің негізгі қимылдарын үйрету.

Іс -әрекет кезеңдері

Педагогтың іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балаларға бидің музыкасын тыңдату.

Балалар музыка тыңдайды.

Ізденістер.

Ұйымдастыру.





1-бөлім

1Таяқшаларды екі шетіне ұстап,балалар бір-біріне артынан жүреді,шеңбер бойымен келеді.

2 Бір сызыққа тұрады.Аяқтарын көтере,тұлғаларын түзу ұстайды.Оң аяқтарын бүге таяқшаларын ұстаған күйі оң жаққа қозғалады.Осы қимылды сол жаққа жасайды.

2-бөлім

1Ортаға тұрған балалардың артына жүре екі жаққа бөлініп тұрады.Аяқтарын көтере жүріп,таяқшаларын айналдыра қозғайды.

2 Екі жақ қабырғада қарама-қарсы тұрып,бастарын иеді,орын ауыстырады.Осы қимыл қайталанып,өз орнына оралады.

3-бөлім

1.Екі жақ бір-біріне қарама-қарсы жүріп келіп,ортада кездеседі,бастарын иіп қошемет көрсетеді,

2.Зал ортасында тұрып бірге қозғалып,оңға-солға аяқ ұштарын еденге қоя секіреді.

4-бөлім

1.Кері қарай бұрылып,өз орындарына оалады.Таяқшаларын еденге тіреп,бір орында айналады.

2.Таяқшаларын көтере бір орында тұрып айналады.Осы қалыпта серіппе қимылдарын жасайды.

5-бөлім

1.Балалар екі қатармен зал отасымен жүріп өтеді.Таяқшаларын айналдыра қозғап,адымдай жүреді.

2.Бір қатарға келіп тұрып,аяқтарымен бүгіп,таяқшаларын алға-артқа соза қозғайды.Әуен аяқталғанда тізерлей оң аяққа отырып,қалпақтарын шешіп,бастарын иеді.Таяқшаны оң қолымен еденге тірей ұстайды.





Балалар бидің қимылдарын жасайды.



Қорытындылау.

Балалар әуенге ілесіп биледі.



© 2010-2022