Дос бәрінен де қымбат

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Не үйрендік, не білдік

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, балалар. Бүгін міне балалар 1 жыл оқып даярлықты аяқтағалы отыр. Осыған байланысты не үйрендік, не білдік атты ертеңгілік ұйымдастырып отырмыз.

Тіл-қатынс құралы. Адам өз ойын тілі арқылы жеткізеді. Әр ұлттың өз тілі бар. Қазақ халқының тілі- қазақ тілі. Қазақ халқы өз тілін ана тілі деп атаған. Тілге деген махаббат адам баласының бойына ананың ақ сүтімен дарыған. Тілге құрмет-елге құрмет.

Ұлт тіршілігінің өлшемі тіл екені белгілі.

Мақалдар:

1.Көз жетпеген жерге, сөз жетеді.

2.Өнер алды қызыл тіл.

3.Тіл жүйріктен де озады.

4.Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

Тақпақтар:

Ана тілің арың бұл Тілім бар да мақтанам

Ұятың боп, тұр бетте Тілім менің аппақ ән

Өзге тілдің бәрін біл Бірлігімді бүгінгі

Өз тіліңді құрметте. Ана тілім сақтаған

Туған тілді мақтаймын Елдің атын жазамын

Салт-дәстүрді сақтаймын Жердің атын жазамын

Білім алып, ер жетіп, Туған тілге тазамын

Ел сенімін сақтаймын. Мен мектепке барамын.

Батаңды бер, қазағым!

Жүргізуші:

Білім ошағы - мектеп. Білім теңіз, мектеп-кеме. Бүгін тарыдай болғанмен, ертең-ақ таудай болып мына мектепті біріресіңдер. Білім мен өнер жиып, үлкен азамат болуларыңа тілектеспін.

Мақал- мәтелдер:

1.Білім қымбат,

Білу қиын

2. Ойна да күл,

Оқы да біл.

3. Оқу білім бұлағы

Білім - өмір шырағы

4. Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді

Тақпақтар:

Сәлем саған сүйікті Білім алар адам

Алтын ұя-мектебім Жақсы нәрсе жоқ одан

Сен әпердің білікті Қызыға кеп оқимын

Сенен өстім, көктедім. Кітап көрсем жаңадан

Білім деген байлық бар Саған білім жемісін

Еш байлық оған жетпейді Оқулығың береді

Жасыңда оқып, жинап ал, Талай адам сол үшін

Тепкілесең кетпейді. Маңдай терін төгеді.

Ән: Әріптер

Жүргізуші:

Санамақ айту баланың сан үйренуіне ғана емес, жақсы мен жаманды ажырата білуіне де көмектеседі. Тәрбиелік маңызы зор.

Біріншіден не жаман? Екіншіден не жаман?

Беті-қолың кір-кір боп, Ессізденіп, желпініп,

Берекесіз ыржақтап Екіленіп, ерігіп,

Бейбастық өссең сол жаман Ерке боп өссең сол жаман.

Үшіншіден не жаман? Төртіншіден не жаман?

Ұшып қонып жүретін Төменде тұрған өздерің

Шегірткедей жеңілтек Төбеде тұрған алмаға

Ұшқалақ болсаң сол, жаман Талассаңдар сол жаман.

Бесіншіден не жаман?

Бар кітабың шашылып,

Берілген сабақ оқылмай,

Екі алсаң сол жаман

Не жақсы?

Біріншіден не жақсы? Екіншіден не жақсы?

Биязы мінез, тіл алғыш Ерте жатып мезгілмен

Бал-бұл жанып жүретін Ерте тұрып төсекті,

Бауырмалдық сол жақсы Ерінбей жисаң сол жақсы.

Үшіншіден не жақсы? Төртіншіден не жақсы?

Үйдің ішін тазалап Тал шыбықтай таңертең

Үстіңе де қарайлап Тартылып кеп оянсаң

Үлгере алсаң сол жақсы. Тамаша әдет, сол жақсы

Бесіншіден не жақсы?

Былдырламай көбірек

Байыпты да байқағыш

Бала болсаң сол жақсы.

Жүргізуші:

Жұмбақтар жасыру бала ойының зерек, ұшқыр болуына себепші болады. Баланың дүние танымы кеңейеді.

1.Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама Жауабы: кітап

2. Үйреткен ілімді

Қырық екі білімді Жауабы: альфавит

3. Өшірді, сүртті

Өзгені құртты

Өзін де ұүртты Жауабы: өшіргіш

4. Алты қырлы

Алтын сырлы Жауабы: қарындаш

5. Мен ақ-қалам, ақ-қалам

Жазған сайын жоқ болам Жауабы: бор

Ойын:

Жүргізуші:

Ағылшын тілінде тақпақтар:

Ән: Ағылшынша

Орыс тілінде тақпақтар

Ән:Мен мектепке барамын

Би. Флешмоб

Қорытынды:

Жол ашқан бүлдіршіндеріміз даярлықпен қоштасып, 1-сыныпқа қадам басқалы отыр. Қадамдары құтты болсын деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

© 2010-2022