Сценарий спортивной эстафеты Зырлайды шанамыз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Зырлайды шанамыз.

Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және қысқы ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, нәтижелі болатындығына көз жеткізу.


Сайыс барысы:

Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, балалар, балабақша ұжымы, қонақтар қош келдіңіздер! Біздің «Балдәурен» тобында үлкен мереке.Біздің бүлдіршіндеріміздің ата - аналары арасында «Зырлайды шанамыз» сайысы өтпекші, сайысқа түсетін 2 тобымыз бар. (Топтарды шақыру)


«Зымыран» тобы «Ұшқын» тобы.
Топтарымызға сәттілік тілеп, қошемет көрсетейік. Музыка ойналады.

1.Таныстыру

2. «Такси» ойыны. 3. «Қар жинау» ойыны . 4. «Аққала жасау» ойыны. 5. «Қай топтың шанасы алда» сайысы.

Тәрбиеші:
Кане, бір- бірімізді қостаймыз, Бүгінгі жарысымызды бастаймыз. «Жеңіске жетеміз» - деп , Жалынды ұран тастаймыз.


Психологиялық сәт:
«Қуаныш шеңбері » ата- аналар бір - біріне жылылық лебіздерін білдіріп, сәттілік тілейді.
Армысың ару күн!
Армысың асыл жер!
Армысың көк аспан!
Армысың ата-ана!
Жылуыма жылу бер
Міне менің қолым .

Сайысымызды бастаймыз. 1. «Біздің сәтті күніміз» Зымыран тобы ұраны: Қатар өскен құрдасқа, Жарыс ұнап тұрмасқа. Қуып жету жақсы гой, Озып шығу бір басқа.
Топтың атын, ұранын, төс белгісін таныстыру.
2. «Ұшқын» тобы ұраны: Ұшақтан да ұшқырмыз , Желден озған жүйрікпіз. Жарысуға сендермен, Келіп тұрған мықтымыз. Топтың атын, ұранын, төс белгісін таныстыру

2. «Такси» ойыны. (Топ басшылары кедергілердің арасымен жүгіріп топ мүшелерін бір- бірлеп жинау)
3. «Қар жинау» ойыны. (Кішкентай шелекпен қар алып,кедергілерден өтіп үлкен шелекті толтыру)
4. «Қай топтың шанасы алда» сайысы. (Ата-аналар өз балаларын шанаға мінгізіп кедергілерден өтіп, жылдам келуге жұмыстанады) Сайысымыз аяқталып өз мәресіне жетті. Диплом тапсыру



© 2010-2022