ІІ кіші топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: Күз келді

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру саласы: Таным

Бөлімі:Экология негіздері

Тақырыбы: Күз келді.

Мақсаты: Балаларды күз мезгілімен таныстыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Түрі,типі:Тәй-тәй технологиясы

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, ойын,сұрақ-жауап.

Билингвалді компонент: Күз- осень, жапырақтар- листья.

Көрнекіліктер: Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, әр түрлі жапырақтар, жемістер мен көкөністерге арналған себеттер т.б.

Сөздік жұмыс: Жапырақ, ағаш, егін, еңбек т.б.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық оятушылық

Сәлеметсіңдерме балалар!

Бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық.

Шаттық шеңбері:

Қуан,шаттан,алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Сәлеметсіз бе?

Балалар шаттық шеңберін қимыл қозғалыстармен жасайды.

Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар , мына суретке қараңдаршы, суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?Балалар қайда жүр екен?

Балалар не істеп жүр?Жапырақтардың түстері қандай?Ағаштардың жапырақтары бар ма ?

Жапырақтары қайда кеткен?Жақсы балалар.

(Балаларды күз мезгілімен таныстыру)

Қазір күз мезгілі . Жаңбыр жиі жауады. Күн салқындай- ды.Адамдар жылы киімдерін киеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түседі.

-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Күзде жеміс-жидектер, көкөністер пісіп, үлкендердің еңбегімен егіс алқабындағы егіндер жиналады екен. Балалар, күз туралы әңгімемізді орталықтарда жалғастырамыз.

Балалар,енді белсенділік орталығына барып, фишка алып екі орталыққа бөлініп отырасыңдар.

I- Кітап орталығы:

Кітап орталығындағы балалар:

«Күз» өлеңін оқып, әңгімелейді.

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің бұзық-ау.

II- Ойын орталығы:

Ойын орталығындағы балалар:

«Кім жылдам?»деген ойын ойнайды.

Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Шарты: Балалар екі себетке көкөністер мен жемістерді ажыратып жинайды.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

-Балаларды.

Ағаштардың арасында

-Жапырақтар жинап

-Қызыл, сары .

-Жоқ

-Жерде шашылып жатыр.

Күз мезгіліндегі табиғат ерекшеліктері туралы естіп , біледі.


Белсенділік орталығынан фишка алып орталықтарға бөлінеді

Балалар тәрбиешімен бірге өлеңді қайталап айтады.


Балалар ойынды қызыға ойнайды.


Балалар қимылдар жасай отырып, бойларын сергітіп алады.

Рефлексивтік- түзетушілік.


Қорытындылау: Екі орталықтың балаларын отырғызып, бүгінгі іс -әрекеттері туралы: балалар, бүгін қай мезгіл туралы әңгімеледік?

- Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады екен? т.б. сұрақтарға жауаптар ала отырып, балалардың еңбектерін бағалап, мадақтап, бүгінгі іс-әрекетті аяқтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Балалар мадақтаулар естіп, риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Күз мезгілі туралы әңгімелей біледі.

Нені игерді: «Күз» өлеңін қайталап айта отырып, жаттап алды.

Білу керек: Үлкендердің еңбектерін бағалауды, бір-біріне көмектесе білуді үйренулері керек.


© 2010-2022