Методическая разработка «Теңіз асты патшалығы»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Іле ауданы

Боралдай кенті

Іле ауданы әкімінің «Балдаурен» балабақшасы МҚК

Тәрбиеші Хожа К.

Еңбек өтілі - 3 жыл

87478397878











Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Заттар әлемі

Мақсаты:

1. Заттар әлемі туралы түсініктерін бекіту.

2. Заттардың адам өміріндегі маңызы туралы көзқарастарын кеңейту.

3. Балаларды айналадағы қоршаған ортаға танымдық қызығушылықпен қарауға баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар : демонстрациялық суреттер: (сағат, айна, сөмке, машина, ыдыс-аяқ, түйме, киім), ойыншықтар .

Қажетті құрал-жабдықтар: қайшы, жұмыс дәптері, фломастер.

Әдіс-тәсіл: сөздік жұмыс, ойын, әңгіме, зерттеу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері.Тәрбиешінің іс-әрекеті .Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық -қозғаушы: Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, «Төртіншісі артық» ойынын ойнайтындықтарын хабарлайды.

Ойын шарты: тәрбиеші төрт заттың атын айтып тұрып, допты балалардың біреуіне лақтырады. Бала айтылған төрт заттың біреуі артық екенін айтуы тиіс. Мысалы:Сөздердің нұсқасы:

Үстел, орындық, төсек, шәйнек.

  1. Шырша, қайың, емен, құлпынай.

  2. Қияр, сәбіз, орамжапырақ, алма.

  3. Доп, қуыршақ, зырылдауық, орындық.

Торғай, ара, бүркіт, қарлығаш т.с.с.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші жұмбақтар жасырады:

  1. Әншейінде біреусің

Қарай қалсаң, екеусің.(Айна)

  1. Кесе, шыны, пияла

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді

Олардың атын не дейді?(Ыдыс-аяқ)

Әртүрлі заттар бейнеленген суреттерді көрсетеді.

  • Қай зат не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  • Қалай ойлайсыңдар, бұл заттарды кімдер жасайды?

  • Ал бұл заттарды жасау үшін материалдарды қайдан алады?

  1. Әрине, табиғаттан алады.

Мысалы, ағаш. Ағаш табиғатта өседі. Ағаштан нелер жасалады? Тәрбиеші балалар қиналса, жетекші сұрақтар қояды.

  • Күнделікті көріп жүрген үй жиһаздары неден жасалады?

  • Үй құрылысына ағаш қажет пе?

  • Айтыңдаршы, балалар, бізге дәл осы жерде, осы балабақша тобында қандай заттар қажет деп ойлайсыңдар?

Заттарды зерттеу:

- Неден жасалған?

- Түсі қандай?

- Пішіні қандай?

- Бедері қандай?

Бізді қоршаған ортаның барлығы - заттар. Олар -табиғи заттар немесе адам қолымен жасалған заттар.

Табиғи заттар - табиғи денелер деп аталады. Барлық заттардың қасиеттері немесе құбылыстары бірдей емес. Табиғи заттар сұйық, қатты және газ тәріздес болады. (Судың суретін көрсету).

  • Мынау - су. Су табиғатта бірнеше күйде болады. Ол көбінесе сұйық күйінде кездеседі. Суық кездерде су қатып, мұзға айналады. Су сұйық күйден газ түріне де ауысады. Бұл судың булануы кезінде болады. Газ кеңістіктегі ыңғайлы жерге тарап кетеді.Жалпы адамға қажетті заттардың барлығы адам қолымен, зауыт пен фабрикаларда жасалады.

Тәрбиеші балалардың қалай түсінгендерін анықтау мақсатында топтағы кез келген заттың неден және қалай жасалғанын сұрайды.

Жалпы адамға қажетті заттардың барлығы адам қолымен, зауыт пен фабрикаларда жасалады.

  1. Сергіту сәтін өткізу.

Дәптермен жұмыс. Тәрбиеші дәптердегі тапсырмаларды қалай орындау керектігін түсіндіреді.

Рефлексиялық-түзетушілік: Тәрбиеші балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін, қандай тақырыпқа әңгімелескендерін сұрайды. Заттарды күтіп ұстау туралы ережелерді балалардың өздеріне айтуды ұсынады.

Оқу іс-әрекеттен күтілетін нәтиже:

біледі: қоршаған ортадағы заттардың барлығы адамның тұрмысы мен тіршілігі үшін қажеттілігін;

игереді: заттарды күтіп ұстауды, ұқыптылықты;

меңгереді: заттардың екіге бөлінетіні туралы түсініктерді (адам қолымен жасалған заттар; табиғат заттары - табиғат денелер).

© 2010-2022