Денсаулық. Дене шынықтыру оқу іс -әрекеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балауса» естияр тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар: Еденге салынған тақтай бойымен қолдары белдерінде, аяқтың ұшымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 2 метр).

Жіптің астынан жанымен өту (биіктігі 40 см).

Саптізбекте үйлестірілген қимылдарды орындай білу.

Мақсаты:

Білімділік: Шектелген алаңда аяқтың ұшымен денесін дұрыс қалыпта ұстап (майтабаннан алдын ала емдеу) жүруге үйрету. Қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіріп, дәйекті түрде қырындап адымдауды орындай білуді бекіту.

Дамытушылық: Балаларға қимыл бағытын сақтап, саптізбекте бір-бірден жүгіруді үйрете отырып, еңбектеуде, таяқтың астынан өткенде оған тигізбей қол мен аяқтың жұмысын үйлестіре білуді бекіту.

Тәрбиелік: Балаларды оңға және солға бұрылып екпінмен секіруге жаттықтыруларын допты лақтыру арқылы үйрету, денсаулықтарын күте білуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: массажир, жалаушалар, музыка.

Оқу әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті







Мотивациялық-қозғаушы

Балаларды жарты шеңберге шақыру. Жарты шеңберде тұрып, үш түрлі дауыспен, түстер арқылы, қызыл түсті көрсеткенде ақырын дауыспен, сары түсті көрсеткенде орташа дауыспен, ал жасыл түсті көрсеткенде қатты дауыспен қайырлы таң деп амандасады.





Жүру түрлері:

Аяқтың ұшымен, сыртымен, өкшемен, қоян, аю сияқты жүру. Шеңбер бойымен тұрғызып,

тыныс алу жаттығуларын жасату.

Амандасады. Саптық командаларды орындайды.

-Балалар сапқа тұрып, бір - бірімен спорттық амандасулары. Сапқа тұрулары. Саппен жүру, жартылай отырып жүру, жүруді жүгірумен ұштастыру. Аңдардың жүрісін салып жүрулері. Сапқа тұрып оқу іс - әрекетке дайындалулары.

-Аяқтың ұшымен, сыртымен, өкшемен, қоян, аю сияқты жүреді.







Ұйымдастырушы-ізденістік

3 қатарға тұрып жалпы дамыту жаттығуын жасау.

Басқа арналған жаттығулар
1. Тік тұру, қол желкеде, басты 1 - ші оңға, 2 - ші бастапқы қалыпқа келу, 3 - ші солға,4 - ші бастапқы қалыпқа келу. (4 рет)
Мойынға арналған жаттығулар
1. Тік тұрып, қол белде, мойынды оңнан солға қарай айналдыру.(4 рет)

Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

  1. Қолды кеудеге қою, жан-жаққа созу,

  2. Қолды желкеге қою, жоғары көтеру, жан-жаққа созу.

  3. Қолдың саусақтарын ашып, жұму.

Аяққа арналған жаттығулар.

  1. Аяқтың ұшын жерден алмай, өкшені жоғары көтеріп, түсіру.

  2. 2-3 рет қатарынан жартылай отырып-тұру.

Кеудеге арналған жаттығулар.

  1. Қолды алға созып оңға, солға бұрылу.

  2. Алға еңкею, алақанын еденге тигізу.

Сергіту сәті.

(Қимылдарын көрсетіп орындайды)

Жып -жылы таза суда.

Балық жүзіп ойнауда,

Біресе керіледі, біресе жирылады,

Ал енді бірде құмға тығылады.

Тыныс алу жаттығулары.
Шай суыту,

шар үрлеу.

Ағаш жару.

Негізі әрекет:

Еденге салынған тақтай бойымен қолдары белдерінде, аяқтың ұшымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 2 метр).

Жіптің астынан жанымен өту (биіктігі 40 см).

Іс - әрекетті «Поезд» ойынымен жалғастыру.

Жалпы дамыту жаттығуын жасайды.



Мойындарын оңнан солға қарай айналдырады.

Аяққа арналған жаттығулар жасайды.

Кеудеге арналған жаттығуларды жасайды.

Әрбір бала негізгі әрекетті орындайды.

Балалар сергіту сәтін қызығушылықпен орындайды.

Тыныс алу жаттығуларын орындайды.





Ойынға белсенді қатысып, ережелерін бұзбай ойнайды. Іс - әрекетті ойынмен ұштастыру.





Рефлексиялық-түзетуші



  • Доппен жүгіру

  • Кегли арасымен өту

  • Секіртпемен секіру

  • Құрсаумен жүгіру

Ойын шартын түсіндіру.

Мақсаты: Балалардың денелерін, бұлшық еттерін шынықтыру, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Қозғалмалы ойындарды бірлесе ойнауға баулу.

Сапқа тұрғызу. Саптық командаларды орындау. Іс - әрекетте белсенді қатысқан балалардың мақтау - мадақтау арқылы іс - әрекетті қорытындылау.

Балалар ойынның шартын бұзбай ойнайды.



Сау болыңыз!

Балаларға марапаттау шаралары бар.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: денсаулық, дене шынықтыру жайлы түсініктерді біледі

Игереді: еденге салынған тақтай бойымен қолдары белдерінде, аяқтың ұшымен жүру игереді.

Меңгереді: денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыланады.



© 2010-2022