Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымын қалыптастыруда инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математикамен бала күнінен айналысқан адамдар өзінің ілтипатын дамытады, миы мен еркін жаттықтырады, көздеген мақсатына жеткізетін жігер мен табандылықты қалыптастырады.

Маркушевич А.И.

Кіріспе

Республикамызда білім беруді дамыту қазіргі кезде оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық үрдістерге ауысатын өтпелі кезеңінде және «инновация» ұғымы соңғы жылдардың ішінде білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасауы, меңгеруі, қолдануы және таратуға байланысты бір бөлек қызметі тұрғысынан түсіндіріледі.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа инновациялық сипатты талап етеді. Заман талабына сай әр ұжымның, әр педагогтың білім беру жүйесіндегі жаңалықтар мен қайта құруға, өзгерістерге баса назар аударып, өзіндік ізденісі арқылы инновациялық үрдіске ену қажеттілігі туындайды.

Осы талап шығармашылық жұмысымды «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі» деп алуыма негіз болды.

Шығармашылық жұмыстың болжамы: егер шағын орталықта қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру барысында инновациялық технологияларды тиімді қолданылып отырса, онда балалардың танымдық қабілеті артады, өйткені инновациялық ықпалдың өзі балаларды жан-жақты дамытып, өз ойын айтуға итермелейді.

Жұмыстың мақсаты: шағын орталықта қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабақтарын инновациялық ықпалмен, шығармашылық тұрғыда жүзеге асыру жолдарын іздестіру.

Осы мақсатқа орай келесі міндеттерді шешуді көздейді:

- инновациялық еңбек жолымен танылған озат педагогикалық тәжірибелермен танысу;

- балалардың математикалық даму қабілеттерін бақылау;

- тәжірибе жұмысын жүргізу және қорытындылау

Жұмыстың жетекші идеясы: шағын орталықта қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабақтарын инновациялық ықпалмен ұйымдастыру педагогтың шығармашылық шеберлігін шыңдайды және балалардың таным қабілетін дамытуға негіз болады.

Жұмыстың негізгі қағидалары:

- «инновация» ұғымының теориялық алғышарттарын негіздеу;

- балалардың танымдық қабілетін арттырудағы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру жолдары және әдістемелік жүйесін талдау;

- шағын орталықта қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабақтарын инновациялық ықпалмен, шығармашылықпен жүзеге асыру.

Жұмыстың әдіснамалық негізі: Балаларға математиканы оқыту мәселесі көптеген ғасырлар бойы ғалымдарды қызықтырып келді. 17-19 ғғ. Я.А.Коменский, Дж.Локк, К.Д.Ушинский, М.Монтессори және т.б. мектеп жасына дейінгі балаларды арнайы математикалық дайындықтан өткізу қажет деген тұжырымға келді.

Альткауз, Грин т.б. авторлар математиканы артық жүктемесіз оқыту қажет деді [2; 5].

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негізделген дидактикалық жүйесін А.М.Леушина ұсынған еді [10].

Әлемдік математика ғылымына біздің қазақ ғалымдары да зор үлес қосты. Математиканы оқыту мәселесімен А.Байтұрсынұлы бастаған оқымыстылар айналысты. Олардың ішінде М.Дулатұлының «Есеп құралы», С.Қожановтың «Есеп тану құралы», ал бүгінде мектепке дейінгі балаларға математиканы оқыту мәселесін көтерген М.С. Сәтімбекованың еңбектері бірден бір құрал болды.

Арнайы ұйымдастырылған оқыту үрдісі баланың дамуы үшін жағдай құрады деген (Л.С.Выготский) түсінік маңызды болып табылады.

Л.А.Венгер, З.А.Михийлова, еңбектерінде математика сабағында алуан түрлі ойындарды қолданудың тиімділігі атап көрсетілген. Ойын барысында ойлаудың логикалық құрылымын қалыптастыруға ықпал ететін логикалық конструкциялар моделденеді, сондай-ақ математикалық білімді қолдану үшін оңтайлы жағдай құрылады.

Жұмысты жүргізу кезеңдері:

Бірінші кезеңде - шығармашылық тақырып негізінде психологиялық-педагогикалық әдебиеттер теориялық негіздеу арқылы тұжырымдалды: зерттеудің ғылыми аппараты даярланды; шағын орталықтың оқу үрдісіндегі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық ерекшеліктері анықталды; жұмыстың мақсаты мен міндеттері нақтыланды.

Екінші кезеңде - теориялық-әдістемелік тұрғыдағы жұмыстар; қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабағының үлгілері дайындалды, оқу бағдарламалары талданып, математиканы оқытудағы инновациялық ықпалдың педагогикалық мүмкіндіктері зерделенді.

Үшінші кезеңде - тәжірибе қорытындылау жұмыстары; тәжірибелік -педагогикалық жұмыстардың нәтижелері жүйеге келтірілді; пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтірілді; тұтас жұмыс бойынша қорытынды жасалды.

Осы жұмыста, ең алдымен «инновация» ұғымына сипаттама берілді; шағын орталықтың оқу-тәрбие үрдісіне инновацияны енгізудің қажеттілігі баяндалды; мектепке дейінгі мекемедегі қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудағы инновациялық ықпал - мектеп жасына дейінгі балаларға математикалық білім беру ерекшелігін зерделеу, инновациялық жұмыстарды (ойындар жинағы, сабақ үлгілері, диагностика) тәжірибеге енгізу жолымен дәлелденді.

I. Білім беру жүйесіндегі инновацияның теориялық негізі

1.1. «Инновация» туралы жалпы түсінік

Қазіргі педагогикада инновация - білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді амалдарды, құралдарды, жаңа тұжырымдарды жасап, оларды қолдану ретінде анықталады.

«Инновация» термині, ағылшын тілінің «innovation» сөзінен шыққан, аударғанда «жаңалық, жаңашылдықты енгізу» деген мағынада қолданылады [12].

«Инновация» ұғымына түрліше анықтамалар беріліп келеді. С.И.Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық [21].

Қазақстандық педагог ғалымдар Ш.Таубаева мен Қ.Құдайбергенова берген анықтаманы негізге алсақ, «инновация-бұл қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже» [27].

Қазақстанның білім беру жүйесінде инновациялық үрдіс кеңінен етек ала бастады. Инновациялық үрдіс - білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, қоғамның, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында жаңа қоғамның, жаңа әлемнің жаңа педагогы қажеттілігінен туындаған үрдіс.

Инновациялық үрдіс-білім беру үрдісіне тұрақты жаңа құраушылар кіргізетін, жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуіне апаратын жаңалық, жаңадан өндірілетін әрекет. Білім беру ұйымдарының жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты қызметінен тұрады. Білімдегі инновациялық үрдістің нәтижесі теория мен практиканың тоғысында пайда болатын - теориялық та, практикалық та жаңалықтарды пайдалану болып табылады. Мұнда білім жүйесіндегі инновация білім мақсатын жаңашылдықты енгізуді көздейді.

Ш.Таубаева өз еңбегінде педагогтардың инновациялық бағыттары ғалымдардың зерттеу аймағына айналғандығын айта отырып, инновациялық үрдіс білім беру жүйесінің жаңару және даму тенденциясы ғана емес, жаңа талап тұрғысынан шығармашылығы мол дара тұлғаны, зерттеуші педагогтың қажет ететін құбылыс деп атап көрсетті.

Инновациялық үрдісте педагог тұлғасы шешуші рол атқарады. Педагогтардың инновацияға, қоғамдағы өзгерістерге психологиялық қарым-қатынасы инновацияны құрудан да маңызды. Өйткені білім беру жүйесіндегі өзгерістерді жетістікпен жүзеге асыру педагогтардың инновацияға деген көзқарасы және оған қатысуға деген дайындық ерешелігімен анықталады [28].

Шағын орталық - мектеп жасына дейінгі балаларға тамыры терең тәрбие өнегесі мен қарапайым білім негізін беретін орта болғандықтан оқу мен тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіріп, инновациялық технологияларды сабақта тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырады.

Ал технология, инновациялық технология дегенді қалай түсінеміз? Технология - бұл өнер, шеберлік, іскерлік, белгілі бір қалыпты өңдеу, өзгерту әдістерінің жиынтығы. Инновациялық технология бұрынғы әдістемені жаңаша әдістермен толықтыру деп түсінуге болады.

Инновациялық технологияның негізгі мақсаты - оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру және нәтижеге қол жеткізу.

Педагогтың инновациялық іс-әрекетінің белгілері:

- өзінің жеке қасиеттерін еске ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілеті;

- жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;

- педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасауымен сипатталады.

Инновациялық ізденіс барысында мына жүйе сақталуы керек:

  1. Оқу бағдарламаларын оқып үйрену, талаптарын басшылыққа алу.

  2. Әдістемелік нұсқаулықтарға талдау жасау.

  3. Балалардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу.

  4. Білім беру мекемесінің оқыту құралдарымен жабдықталуы.

  5. Педагогтың өз мүмкіндігі.

XII ғасырда ғылымның қарыштап алға дамуында педагогтың инновациялық білімге деген қажеттілігі артып отыр. Педагогтың инновациялық дайындығын қалыптастыруда, ең алдымен педагогтың инновациялық белсенділігін ескерген жөн.

Педагогтың инновациялық дайындығын қалыптастыру дегеніміз - әлемдік бәсекеге қабілетті білім беруді жүзеге асыратын жаңа парадигманың қоғамды дамытудағы үлесін арттыру; білім беру жүйесіндегі инновациялық реформаларды жүзеге асыруды жеделдету; білім беру жүйесінде инновациялық өзгерістерді, оқу тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық, коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану және т.б.

Педагогтың инновациялық дайындығын қалыптастыру білім беру теориясын түсінуге мүмкіндік беретін философиялық және білім беру тәжірибесінде өзінің идеясын жүзеге асыруға көмектесетін өмірлік бағыттылығы бар әдіснамалық білімдер жиынтығын құрайды [4].

Жоғарыдағы айтылғандарды жүйеге келтіре отырып, инновация ұғымына мынадай қортынды шығаруға болады: инновация - жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі, өзгеріс, жаңа құрал, жаңа әдіс.

Қазіргі инновациялық технологияны қолдану - балалардың ой өрісінің еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, шығармашылық жағдай жасау мақсатында сабақты түрлендіріп өткізуге жол ашады. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді әрдайым іздену арқылы кеңінен қолдану қажет.


1.2. Шағын орталықтың оқу-тәрбие үрдісіне инновацияны енгізудің

қажеттілігі

Инновация - бұл педагогикалық іс-әрекеттің ерекше түрі. Жалпы білім беру тәжірибесінің дамуы мектепке дейінгі мекеменің барлық қызметкерлерінің шығармашылық, инновациялық ізденістерінің көрініс табуына әсер етті. Қазіргі уақытта инновациялық іс-әрекет аясына іс жүзінде мектепке дейінгі мекемелердің басым көпшілігі еніп отыр, инновациялық өзгерістер жүйелілік сипатына ие. Мектепке дейінгі мекемеде инновация секілді құбылыстың жаппай етек алуының себебі неде?

Мектепке дейінгі мекемелердің, ұжымдағы педагогтардың жаңашылдыққа деген оң көзқарасы келесі себептермен анықталады:

  • мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелерінің шешімін белсенді

іздестіруді енгізу қажеттілігі;

  • білім беру үрдісінің нәтижелеріне қанағаттанбау;

  • қоғамдағы өзгерістен туындаған шығармашылықтағы қажеттілік;

  • педагогикалық ғылым жетістіктері туралы жоғары деңгейде ақпараттандыру;

  • инновациялық бағыттағы практикалық тәжірибе [1].

Осылайша, бүгінгі күні инновациялық үрдіс жалғасын табады. Бұл жағдайда педагогтардың инновацияны бағалауға, қабылдауға дайын болуы маңызды.

Инновацияны ұйымдастыру. Инновацияға деген қажеттілік қандай да бір мәселені шешу жолында туындайды, түпкі ой мен шынайы нәтиже арасында қарама-қайшылық туады.

Мектепке дейінгі мекемеде, инновацияны көздеген жаңашыл ортаны дамуды көздеген орта дейміз.

Философиялық энциклопедия сөздігінде даму өзгеріс, бағыттылық, заңдылық және қажеттілік тұрғысынан анықталады.

Дамыған мектепке дейінгі мекемелердегі өзгеріс жеңіл желпі жүрмейді, ол нақты мақсатқа жетуге бағытталады. Мәселен, баланың жас және жеке ерекшелігіне бағытталаған жаңа технологияларды қолдана отырып, балалармен жұмыс бағытын ұйымдастыруды өзгертуге болады. Ол үшін осы мәселе төңірегінде әдебиеттерді іріктеп, танысқан жөн және педагогтар оны зерттеу, іс-тәжірибеге енгізу жолдарын ұйымдастырады.

Кез келген педагогикалық ұжым, кез келген педагог инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға құқылы. Бірақ жаңашылдықты дайындау және ұйымдастыру барысында өзіне нақты міндет алуы тиіс, өйткені кез келген педагогикалық бастаманың нысаны бала екенін ұмытпаған жөн.

Оң нәтижеге қалай жетуге болады? Инновацияны ұйымдастыру барысында алға қойылған міндеттердің жүйелі және бірізді болуы маңызды. Оң нәтиже алу үшін келесі шарттарды ұстанған жөн [3].

Бірінші - инновацияны енгізуге деген мотивациялық жағдай, яғни жаңа іс-әрекетті қабылдауға, әрі қарай меңгеруге деген себеп-салдардың туындауы. Жаңашылдықтың негізгі кілті инновацияның сенің қызығушылығымен үйлемділігі болып табылады. Ең алдымен «инновация қажет пе?» деген пікір арқылы нақты ұсыныс қабылдауға болады. Инновациялық іс-әрекет жоспарын қарастыра отырып, әр педагог нақты мәселені шешу, оның жалпы нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Екінші - инновациялық іс-әрекетке дайындық - бұл құзыреттілікті қалыптастыру деген сөз. Осы құзыреттілік ақпаратты қабылдау, жеткізу және оны шынайы бағалаудан тұрады.

Инновациялық жұмыстың тиімділігі және әрекеттілігі жұмыстың өзектілігіне, педагогтың қызығушылығына және кәсіби құзыреттілігіне байланысты екенін ұмытпаған жөн.

Инновациялық ықпалды жүзеге асырудың педагог жұмысының басымдық және перспективалық бағытына қарай өзіндік ерекшелігі болады. Бұл ақиқат, өйткені инновациялық үрдісті басқару кезінде оның дамуы үшін ең маңыздысы педагогтың шығармашылық ізденіс бағытын анықтау болып табылады.

Балабақшада инновациялық жұмыстарды жүргізу үшін ең алдымен педагогтардың кәсіби құзыреттілік деңгейін, олардың инновациялық білімге, тәжірибеге деген қажеттілігін анықтау міндеті тұрады.

Мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие ісіне инновациялық ықпал жасау үшін ақпараттық қамсыздандырудың маңызы зор. Осы орайда педагогтарға ақпарат беруді ұйымдастыру формаларын қарастырады. Педагогтардың шығармашылық тобын қалыптастыру және ғылыми-әдістемелік бірлестіктер құру мақсатында белсенді формалар мен әдістерді ұсынады [17].

Дәстүрлі формалар мен әдістерді инновациялық ізденістермен толықтыра отырып, білім сапасын арттыруға болатынын тәжірибелерден көруге болады. Десекте, мектепке дейінгі мекеме жұмысына икемді, балалардың жас ерекшелігіне сай, педагогтың шеберлігін ұштайтын жұмыс бағытын дұрыс таңдау қажет. Инновациялық жұмыс бағытының ерекшелігімен және теориялық негізімен танысу үшін педагогтарды ғылыми жетекшімен және өзара әріптестерімен қарым-қатынас жасай білуге жаттықтырып, қызықтырған мәселесі бойынша нақты, сауатты сұрақ қоя білуге үйрету қажет.

Инновациялық жұмыстарды жүргізу барысында кеңестер, семинар кеңестер өткізіледі. Осы тектес әдістемелік жұмыстар бірнеше айлап жүргізілуі мүмкін. Инновациялық ізденістер қорытындыланып (жылдарға созылатын жұмыстар болады), тәжірибе нәтижелері талданады. Озық педагогикалық тәжірибелер өңделіп, кеңінен таратылады.

Сонымен, балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіне инновацияны енгізудің қажеттілігі білім беру жүйесіндегі өзгерістермен, педагогтың шығармашылық құзыреттілігімен және бала дамуындағы оң нәтижелермен анықталады.

Инновацияның бағыты әр педагогтың шығармашылық әлеуетіне, кәсіби құзыреттіліне негізделеді.

II. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық

ұғымын қалыптастыруда инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі

2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға математикалық білім беру

ерекшелігі

Математикадан қарапайым ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі - мектеп жасына дейінгі балаларының математикалық дамуының заңдылықтарының, математикалық дамуды қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайларды зерттейтін ғылым.

Мектепке дейінгі баланың қоршаған ортаны тануға ерекше белсенді болып келеді. Ал математикаға деген қызығушылығы ерте басталады. Баланың дүниетанымы, көзқарасы, ең алдымен, көзге түскен заттардан қалыптаса бастайды. Бала өз бетімен ұстап көру, сезіну, қателесу арқылы дамиды [2].

Жинақталған тәжірибені бейнелейтін пайымдау қалыптаса бастайды. Бала белгісізден белгіліге, қарапайымнан күрделіге қарай жылжи бастайды. Бір сөзбен айтқанда, бала өз дамуында біртіндеп көтеріле бастайды.

Әрбір жаңа көтерілген баспалдағы оның мүмкіндіктерін кеңейтіп, оларды қолдану тәсілдерін жүзеге асырып, түсініктерін байытады. Жаңамен және бар білім арасында байланыс қалыптаса бастайды. Балада «жүйелеу» пайда болады [14].

Бірақ ақыл ой дамуы белгісізден белгіліге жүрген кезде ғана толық жүзеге асырылады.

Пайда болған түрлі сауалдар баланың белсенді таным әрекетін қажет етеді. Бұл заңдылықтар қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда басшылыққа алынады.

«Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру» - педагогика ғылымдары жүйесі қатарында, мектеп жасына дейінгі балаларды - бастауыш мектептегі негізгі оқу пәндерінің бірі болып саналатын математиканы меңгеруге және қабылдауға даярлау мақсатында қолданылады. Сонымен қатар қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және ойлау іс-әрекеттерін, ақыл-ой белсенділігін дамытудағы маңызын, қоршаған ортаны тануда аса маңызды болып саналатын ақыл-ой әрекетінің қалыптасуындағы әсерін зерттеп, зерделеп түсіндіреді.

Шағын орталықтарда және балабақшаларда 4-5 жастағы балаларды «Зерек бала» бағдарламасы негізінде оқытуды көздейді. Бағдарламада 5 білім саласы нақты көрсетіліп, базалық білім мазмұны берілген. Шығармашылық тақырыбыма орай қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу іс-әрекеті «Таным» саласына кіріктірілген.

Шағын оралықтарда балаларға алғашқы математикалық түсініктерді қалыптастырудағы мақсат - танымдық құзыреттілігін дамыту. [16]. Қарапайым математика ұғымдарды қалыптастыру оқу іс-әрекеті аптасына 1 рет, барлық балалармен бір мезгілде 20-25 минуттан, жыл бойына 36 сағаттық арнайы сабақ ретінде жүргізіледі.

Шағын орталықтағы осы сабақты ұйымдастыру кезінде тәрбиеші және ата-ана ең алдымен көпше-дара деген ұғымдарды қалыптастыра отырып, кейінірек сан, көлем, өлшем, салмақ, пішін, кеңістік, уақытты бағдарлау жөнінде алғашқы түсініктермен таныстырады. Арнайы өтілетін сабақ кезінде балалар жадында түрлі заттардың қасиеттері, сапалық, сандық ерекшеліктері туралы ұғымдар қалыптасады. Соның нәтижесінде заттардың пішінін, түсін, көлемін салыстыра білуге, олардың кеңістіктегі орнын ажыратуға дағдыланады. Бағдарламалық материалдарды балаларға игерту үрдісінде тәрбиеші баланы тек үстірт санауға ғана жаттықтырмай, ой еңбегіне бейімдеуге, олардың қиялын, санасын, зейінін дамытатындай есептерді ауызша шығара білуге үйретеді.

Шағын орталықта алға қойылатын негізгі міндеттердің бірі баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады. Математикалық түсініктерді қалыптастырудағы көзделген мақсат баланың ойлау қабілетін дамыту, еңбек етуге даярлау. Балалардың оқуға зердесіздігі еркіндік беруге негізделген теріс методикалық нұсқаулар салдарынан пайда болады. "Балаларға математика ұнауы тиіс, ал егер ол уысына түссе, оны ұнатуға болады" - деп жазған болатын Латышев деген ғалым. Мектепке дейінгі балаларға білім негіздерін меңгерту қабылдау, сана, сезім, таным әрекеті болып табылады. Ойындар мен жаттығуларды халықтық педагогика элементтерімен ұштастырудың табысты болуы тәрбие іс- әрекетінің мазмұнына, өткізілу түріне байланысты. Шағын орталықта бағдарламалық игерудің негізгі формалары ойын.

Математикалық алғашқы ұғымдарды қалыптастыру сабақтарында, қазақ ақын-жазушылырының ауыз әдебиет үлгілерін - санамақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды, санамаққа лайықты еңбектерін ойынға пайдалануға болады.

Балаларды санауға үйрете отырып, олардың ойлау қабілетін, байқампаздығын, сабаққа қызығушылығын дамытуға үнемі көңіл бөлу қажет.

Мектепке дейінгі мекемелерде балалар мектепке дайындық жасауы үшін жүйелі оқудан өтеді. Бұл кезеңде баланың қоршаған ортамен таныстыру, математика, тіл дамыту т.т.б. жеткілікті білім қоры, қабілеті мен шамасына сай танымы болуы тиіс.

Қандай да болмасын ұғымдарды қалыптастыру баланың ақыл-ойын, оның танымдық қабілеттерін дамыту құралы болып табылады. Әйтседе білім, ептілік, дағдыларды баланың белсенділігі мен дербестігінен, яғни оның өзіне, өзінің күші мен қабілетіне деген сенімділігінен тыс меңгерту мүмкін емес.



  1. Тәжірибелік эксперимент және оның нәтижелері

Инновациялық тәжірибе жұмыстары қашанда педагогтың еңбек жолындағы дамуына өзгерістер әкеледі.

Шағын орталықтарда балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын дамыту мақсатында инновациялық ықпал, дәстүрден тыс формаларды ұйымдастыру дамытушы ойындар арқылы жүзеге асады.

Балаларға математиканы оқытудың негізгі формасы сабақ немесе ұйымдастырылған оқу іс-әрекет болып табылады, сабақта міндеттер анықталып, әдіс-тәсілдер іріктеледі; балалардың нақты білім, білік, дағдылар көлемін меңгеруі жүреді.

Ал басқа да формалар тәжірибені байытып, сабақта меңгергендерін бекіту мақсатында қолданылады.

Математикалық мазмұндағы дидактикалық ойындар бала дамуына игі әсер етеді. Балалар сан мен өлшемді қолданатын дидактикалық ойындарды аша түсу үшін осы ойындарды жаңа мазмұнмен толықтыру қажет. Осы орайда алуантүрлі дидактикалық материалдар: сандық фигуралар, цифрлар жазылған карточкалар дайындауға болады.

Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын дамытуда З.А.Михайлованың әдістемесін, қызықты ойындарын қолданбау мүмкін емес. өйткені, оның «Игровые занимательные задачи для дошкольников» деп аталатын еңбегінде математикалық материалдар жан-жақты қарастырылған. Бұл педагогтарға сабақта балалардың ойлау процестерін белсендендіру мақсатынада көмегін тигізеді.

З.А.Михайлованың әдістемесінмен таныса отырып, педагогтар логикалық, басқатырғыш тапсырмаларды шешу жолдарын меңгереді.

Математика сабағында алуан түрлі ойындарды, оның ішінде дидактикалық ойындарды қолдануға болады. Жұмысты жеңілдету мақсатында осы дидактикалық ойындарды топтастырып жинадым, картотекасын құрдым. Картотекада мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру мақсатында қолданылатын дидактикалық ойындар жинақталып берілген. Дидактикалық ойындар жинағы математиканың бес бөлімін қамтиды және логикалық ойындар да кіріктірілді.

Мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық үрдісте ойынның рөлі ерекше екендігі белгілі. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс әрекеті ойын болып табылады. Сондықтан да оқу-тәрбие жұмысының орталық құрылымы ойыннан құралатынын ұмытпаған жөн.

Қызықты ойындар оқу үрдісін қосымша жүктемесіз жүргізуге көмектеседі. Кез келген ойын баланың толыққанды дамуына қажетті нақты тәжірибе алуға ықпал етеді. Ең бастысы қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген, игерген дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті мектепке дейінгі жастағы бала тұлғасын қалыптастырады.

Ұсынылып отырған картотекада балалардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында берілген ойындар орын алады. Онда дидактикалық, логикалық ойындардың мазмұны, шарты көрсетілген. Олар балалардың математикалық білімдерін, танымдық іс-әрекет дағыдаларын бекітуге арналған.

Берілген ойындар қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру мазмұнын аша түседі және балалардың математикалық қабілеттерін дамытады. Математикалық ұғымдарды ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз болады.

Бұл ойындарды әр педагог өзінің шығармашылық шеберлігімен түрлендіріп, балалардың жас ерекшелігіне сай ұйымдастыра алады. Жинақталған ойындарды сабақта жүйелі қолдануға болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды меңгеру ерекшелігі зерделенді және қызықты ойындар, тапсырмалар мен жаттығуларды жинақтап, сабақ барысында, сабақтан тыс жұмыс формаларында қолданып көрдім.

ШО

Экспериментке дейін

қыркүйек

Эксперименттен кейін

Мамыр

жоғары

4

8

орташа

8

14

төмен

12

2

Қазіргі инновациялық технологияны қолдану - балалар ой өрісінің еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, шығармашылық жағдай жасау мақсатында сабақты түрлендіріп өткізуге жол ашады. Сондықтан технологияның осы тәсілдерін кеңінен қолданып әрдайым іздену жолында жүремін.


Қорытынды

Инновациялық іс-әрекет педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үрдісіне ықпал жасайды.

Осы жұмыста мектепке дейінгі мекемеде балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру үрдісіндегі инновациялық ықпалдар баяндалды.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың тиімділігі теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастырылды.

Бес бөлімді білім мазмұны бойынша дидактикалық ойындар топтамасы жинақталды. Осы ойындарды негізге ала отырып, ҰОІӘ сабақтың нақты жоспары құрастырылды. Осыған орай құрылған сабақ үлгілері ұсынылды.

Негізгі идея шығармашылық жұмыс барысында тексерілді:

- білім беру жүйесіндегі инновацияның теориялық негізі тұжырымдалды

- шағын орталықтың оқу-тәрбие үрдісіне инновацияны енгізудің қажеттілігі айқындалды;

- мектеп жасына дейінгі балаларға математикалық білім беру ерекшелігі сипатталды

- тәжірибе жүргізіліп, нәтижесі алынды.

Осы жұмыс нәтижесін мектеп жанындағы шағын орталықтар мен балабақша педагогтарына және колледж студенттеріне ұсынуға болады.

13

© 2010-2022