Айналайын, ақ мамам мектепалды даярлық тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Айналайын, ақ мамам

Жүргізуші: Өмірдегі ең әдемі сөз - «Ана». Дүниенің тірегі де, өмірдің бастауы да ана. Ананың мейрімі шексіз. Көктем күнімен бірге басталатын аналар мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз!

Мерекелеріңізбен, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, қадірменді қыздар!

Қадыр тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар! (басын иеді)

Музыка қосылып: Сол кезде әжей кіріп келеді. Сәлеметсіздерме, құрметті аналар бүгінгі мерекелеріңіз, көктем мерекесі құтты болсын! Бұл - аналардың жылына бір рет келетін төл мерекесі. Дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болсын. Әжейдің соңынан немересі Нұрсая еріп келеді. «Әже, әже мен сізбен барамын, мен сізден қалмаймын!» Жүр онда балам біз екеуміз көгалды аралап қайтайық

«Бәйшешек биі»

Ән:

Тақпақтар:

Нурислам: Құттықтаймын, анашым!

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе,

Мейірімді күннен де.

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын, анашым,

Сегізінші наурызбен!

Арай: Сен жалықпай жетектеп,

Мен шыңыма жетермін.

Айтқаныңды екі етпей

Ақ сүтіңді өтермін.

Мереке: Айналайын, анашым,

Жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенше,

Шын сағынып қаласың.

Мадина: Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі төгілген

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен

Асан: Әжем

Әжемдей данадан

Ертекке қанамын.

Шақырса даладан

Жүгіріп барамын. (Р. Наурызбаева)

Айжан: Құшырланып өпкенде

Күлкің нұрлы көктемдей

Жақсылығы жалғанның

Саған үйіп төккендей

Төлеби: Менің апам

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын,

Апашымды сыйлаймын. (А. Бақтыгериева)

Жұлдыз:Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әженіде ардақтап,

Әдеппен бас иеміз

Асем: Ең жақын адам

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім» дейтін. (Ф. Оңғарсынова.)

Нұрсұлтан: Біліп тұрсаң, жан анам,

Міндеті үлкен ботаңның.

Күтері сол баладан

Ана менен Отанның!

Әжей: Ой, менің немерем Нұрсая қайда кетті

Немересі Нұрсая: Әже, әже мен мұндамын. Әже мен ойнап жүріп, балабақшадағы достарымды көрдім.

Әжей: Жарайды жақсы болған екен. Енді бұлай айтпай кетіп қалма жарайма.

Жүргізуші: Әжей немереңізді таптыңызба? Онда бір ойын ойнайық. Әжей сіздің көзіңізді байлаймыз, содан соң мына балалардың арасынан немереңіз Нұрсаяны тауып аласыз.

Жүргізуші: Араларымызда ойын ойнағысы келіп отырған аналарымызды шақырамыз



Алия: Апама

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген, апатайым.

Салем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын. (М. Хакімжанова.)

Абылай: Айналайын, анашым,

Аялайсың, бағасың.

Менің үщін не керек -

Бәрін іздеп табасың.

Нұрсая: Әжем

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.

Өскенде мен ал, енді,

Аралаймын әлемді,

Сыйлық әкеп әжеме,

Таң қалдырам бар елді.

Өте жақсы көремін

Өйткені мен әжемді. (С. Оспанов)

Асқаржан: Үмітіңдей көзіме,

Көп қарайсың үңіліп.

Еркелеген сөзімде

Ертеңіңіз тұр күліп.

Рауан: Аралаймын әлемді.

Сыйлық әкеп әжеме,

Таң қалдырам бар елді.

Өте жақсы көремін,

Өйткені мен әжемді.

Ринат: Ата менен ананың

Айтқан тілін аламын

Үлкен кісі жұмсаса

Қайда болсын барамын

Мен деп тыным таппаған

Бақыты үшін баланың

Аман - сау бол ақ мамам

Жансая: Менің мамам - дәрігер

Тіс ауырса, іш ауырса

Мамам дәрі береді

Барлық ана, барлық бала

Оны жақсы көреді.

Нурсейт: Ана

Мәпелейсің мені, анам.

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Асылхан: Айналайын, анашым,

Көкте күн боп жанасың

Ет жүрегің елжіреп,

Құшағыңа аласың.

Али: Анаға сыйлаймыз

Көктемде көңілді

Құстар кеп жатқанда

Құлпырып өңірді

Гүлектік бақтарға

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір - бірден

Анаға сыйлаймыз.

Жүргізуші: Қане, балалар өз қолымызбен жасаған сыйлықтарымызды Аналарымызға, Әжелерімізге сыйлайық.

Бізде қыздарымыз ғана биші емес, сонымен қатар ұлдарымызда биші. Онда біздің ұлдарымыз, қыздарымызға «Қара жорға» биін билеп береді.

«Қара жорға» Ұлдар қыздарды биге шақырады

«Жалпы би» Ата - аналармен бірге



Алимұса: Ел жатқанда жатпаған

© 2010-2022