Екінші кіші тобына арналаған ұйымдастырылған іс-әрекет Тазалық құралдары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылатын оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы.

Білім беру:Қатынас

Бөлімдері: Тіл дамыту

Тақырыбы: Тазалық құралдары

Мақсаты:Балаларға тазалық туралы түсінік беру, мәдени-гигиеналық және өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік: Мәдени-гигиеналық дағдылары туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Сурет бойынша cөз тіркестерін құрастыруға,ойлау,есте сақтау

қабілеттерін дамыта отырып,сөздік қорларын байыту.

Көрнекілік құралдар:Тазалық құралдары салынған сурет.

Әрекеттердің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық оятушылық

Жылулық шеңбер:

Басым менің ақылды,

қолым шебер, денем шымыр,

аяғым жүйрік.

Бірге жасайды.

Ұйымдастыру

іздеушілік

Бүгінгі, оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын біз сендермен бірнеше артикуляциялық жаттығуларды жасап алайық.Қане, кім қандай жаттығу біледі?

Өте жақсы.Ендеше, балалар айтылған жаттығуларды әдемі етіп, жасайық.

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр:

Ертемен күнде сен,қолыңа сүйкейсің.

Кетіп кір ласың,тап-таза боласың. Бұл не?

(Сабын)

Шомылған баланы,аймалап алады.

Сүртеді қолыңды,сүртеді жоныңды. Бұл не?

(Сүлгі)

Қолы жоқ,сөзі жоқ,бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар.Бұл не?

(Тарақ)

Иілсең иіліп,түйілсең түйіліп,

Қарайды кісіге,ұқыпты ісіне.

(Айна)

Жұмбақтардың шешімін дұрыс таптыңдар.

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің Тақырыбы:

«Тазалық құралдары»

Тыныс алу жаттығулары:

Сылдырлайды мөлдір су,

Су қалай сылдырлайды?

Мөлдір суға қолыңды жу.

Қолымызды қалай жуамыз,

Нені қолданамыз?

Қолымызда сабынның көпіршіктері қалып қойды,қанеки,сол көпіршіктерді үрлейікші.

Тазалық дегеніміз не?Не таза болуы керек?

Дені сау адам қандай болады?

Балалар,тыңдаңдаршы бір дауыс естілетін сияқты.

Осы кезде топқа, жуынбаған қуыршақ кіреді.

Балалармен амандасады.

Көмек сұрайды.

Сергіту сәті.

Бала-бала, балақан,

Қане, қайсы алақан.

Саусақтарын әйбат,

Былай-былай ойнап

Топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса алтын күн,

Жаса-жаса жарқын күн.

Балалар мұқият тыңдайды.

Балалардың жауабы(әдемі күлкі,сағат,тәтті тосап)



Балалар мұқият тыңдайды ойланады,жұмбақтардың шешімін табады.









Ш-Ш-Ш-Ш

Қимылмен көрсетеді.

Сабынды.

Балалар, қолдарындағы көпіршіктерді үрлейді.

(қол,киім,ой)

(көңілді,мықты)

Балалар тыңдайды.



Сергіту сәтінің сөздерін қайталайды,қимылдарын жасайды.

Рефлексті

түзетушілік

Қуыршақ, балаларға дидактикалық ойын ойнатады.

«Кім шапшаң?»

Ойыннан соң, балалар тазалық құралдары салынған, қорапты қуыршаққа сыйға тартады.

Қуыршақ алғысын айтып,шығып кетеді.

Сендерге сабақ ұнады ма?

Ұнаса несімен ұнады?

Балаларды мадақтау.

Балалар, ойынға белсене қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Адамның тек қана тәні таза болмауы керек,оның ойы да,жаны да таза болуы керек.

Қандай түсініктерді игерді:Тазалық болған жерде- денсаулық болады.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Тазалық-денсаулық негізі,денсаулық-байлық негізі.





№ 12-кішкентайлар тобының

Ұйымдастырылатын оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру: «Қатынас»

Бөлімдері: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Жиһаздар»

Білімділік: Жиһаздар туралы түсінік беру.

Дамытушылық:Ой-қиялын дамыту, белсенділігін арттыру.

Түзетушілік: Ұсақ қол қимылдарын нығайту.

Тәрбиелік:Үлкендер еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:Жиһаз түрлерінің аттары.

Өткізген мұғалім:Мұхаммедина С.Ғ

Күні,айы,жылы: 11.02.2013ж

Әрекеттердің

кезеңдері

Логопед-мұғалімнің әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық оятушылық

Жылулық шеңбер

Біз көңілді баламыз,шаттық әнге саламыз.

Би билейміз дөңгелеп,біз өнерлі боламыз.

Балалар мұқият тыңдайды.

Ұйымдастыру

ізденушілік

Артикуляциялық жаттығулар:

«Ине»,Түтікше,Сағат.

Балалар бүгін біз сендермен үйге, мынау келіп жүрген балабақшаларына қажетті жиһаздар жайында мағлұмат алатын боласындар.

Жиһаздар бірнеше түрге бөлінеді:

ас үй жиһазы,қонақ бөлмесіне арналған жиһаз,жатын бөлмеге арналған жиһаз,түрлі ғимараттарға арналған жиһаз түрлері болады.

Күнделікті өмірде бұл жиһаздардың маңызы өте зор.

Сергіту сәті:

Ал,балалар,тұрайық,алақанды

ұрайық.

Оңға қарай иіліп,бір отырып,

бір тұрып,сәл тынығып алайық

«Кім шапшаң?» ойыны.

Іс-қимылмен көрсетеді.



Көңіл қойып,тыңдайды.

Суреттерді қарап,жиһаздардың түрлерін атайды.(диван,кресло,

төсек)



Сергіту сәтінің сөздерін айтады, қимыл қозғалыстарын қайталайд

Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексті

түзетушілік

Балаларды мадақтау.

Тақырып бойынша сұрақ қояды.

Бізде қандай сабақ болды?

Біз сабақта не істедік?

Сендерге сабақ ұнады ма?

Ұнаса несімен ұнады?

Сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Жиһаздардың бірнеше түрлері болады.

Қандай түсініктерді игерді:Жиһаздар түрлі ағаштардан,материалдардан жасалады.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Жиһаздарға мұқият қарау қажет.





т





№ 1. 2-кішкентайлар тобының


Ұйымдастырылатын оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру: «Қатынас»

Бөлімдері: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Жаңа жыл қызықтары»

Мақсаты:

Білімділік: Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беруді жалғастыру.

Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Түзетушілік: тілдің лексико-грамматикалық құрылымын қалыптастыру

Тәрбиелік: Мерекеге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Жаңа жыл қызықтары-новогодние развлечение.

Өткізген мұғалім Мұхаммедина С.Ғ. Күні айы:29.12 .2012ж

Әрекеттердің

кезеңдері

Логопед-мұғалімнің әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық оятушылық

Артикуляциялық жаттығуларды жасайды. «Сағат», «Ине», «Жымию»

Артикуляция жаттығуды қайталайды.

Мұқият тыңдайды.

Ұйымдастыру

іздеушілік

Балалар үйде қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелескендері туралы айтады

Балалар,біз таза ауада ойнаған кезде су болған қолғабымызды аяқ киімімізді кептіруіміз керек.Не үшін?суық тиіп қалмау үшін.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Қолымызды созайық,

Айнаға қарайық.

Отырайық,тұрайық.

Біз тынығып алайық.

Тынығып біз алған соң

Орнымызды табайық.

Өте жақсы балалар өз орындарына отыра қойыңдар.

Балалардың жауабы



Өз ойларымен бөліседі.



Сергіту сәтінің сөздерін қайталайды.

Рефлексті

түзетушілік

Балаларды мадақтау.

Тақырып бойынша сұрақ қояды.

Бізде қандай сабақ болды?

Біз сабақта не істедік?

Сендерге сабақ ұнады ма?

Ұнаса несімен ұнады?

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Қыс-өте көңілді мезгіл.

Қандай түсініктерді игерді:Қардың әр түрлі қасиеті бар.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Қағаздан да шырша жасауға болады.









№ 1. 2-кішкентайлар тобының


Ұйымдастырылатын оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру: «Қатынас»

Бөлімдері: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Жасыл шырша»

Мақсаты:

Білімділік: Жыл мезгілдері және оның ерекшелігі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Түзетушілік: Қолдың жалпы және ұсақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Достыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:Жасыл-зеленый;шырша-елка Күні:24.12.2012ж

Әрекеттердің

кезеңдері

Логопед-мұғалімнің әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық оятушылық

Статикалық жаттығулар. Қайталау. «Төбешік», «Түтікше»

Статикалық жаттығуды қайталайды.

Ұйымдастыру

Іздеушілік

Балаларға жұмбақ жасырылады.:

Тікен-тікен тік пісте,

қысы- жазы бір түсте

(Шырша)

Әр халықтың жаңа жылды қалай қарсы алатыны туралы айтып беремін.

Жапондар Жаңа жылды түнде қарсы алмайды.Олардың Жаңа жылы ертеңіне қаңтардың бірі күні таңмен басталады.

Польшада Жаңа жыл он-он екі күнге созылатын бүкіл халықтық карнавалмен басталады.т.б

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өніп-өсіп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Қолды биікке созамыз

Мұқият тыңдайды.



Балалардың жауабы.





Сергіту сәтінің сөздерін қайталайды.

Рефлексті

түзетушілік

Балаларды мадақтау.

Тақырып бойынша сұрақ қояды.

Бізде қандай сабақ болды?

Біз сабақта не істедік?

Сендерге сабақ ұнады ма?

Ұнаса несімен ұнады?

Сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Қыс -жылдың қызықты мезгілі.

Қандай түсініктерді игерді:Әр халықтың Жаңа жыл мерекесін қарсы алу өзіндік дәстүрі бар.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Статикалық жаттығуларды жасай алды.









№ 1 2-кішкентайлар тобының

Ұйымдастырылатын оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру: «Қатынас»

Бөлімдері: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Қысқы ойындар»

Мақсаты:

Білімділік: Қыс мезгілінде ойналатын ойындар туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Түзетушілік: Тілдің лексико-грамматикалық құрылымын қалыптастыру

Тәрбиелік: Бір-біріне өзара қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Қыс-зима,суық-холодно,ойындар-игры

Өткізген мұғалім Мұхаммедина С.Ғ. Күні айы.10.12.2012ж

Әрекеттердің

кезеңдері

Логопед-мұғалімнің әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық оятушылық

Статикалық жаттығуларды жасайды. «Төбешік», «Түтікше»

Статикалық жаттығуды қайталайды.

Ұйымдастыру

Іздеушілік

Фланелеграфқа қыс мезгіліне байланысты суреттер ілінеді.

«Жылдың төрт мезгілінің бірі-қыс. Қыс айлары;желтоқсан қаңтар,ақпан.Балалар бүгін біз сендермен қыс мезгілінде ойналатын ойындармен

танысамыз.Олар: «Аққала»,

«Ақшақар биі»т б

Сергіту сәті:

Әлде қарлы боранда,

Тау басынан түсті ме?

Аяз ата оралды
Ақ тон киіп үстіне.

Ақ қырауға малынған,

Сақалы да,мұрты да,

Аяз ата сағынған,

Сәлем бері жұртына.

Қызыға қарайды.



Мұқият тыңдайды.



Сергіту сәтінің сөздерін қайталайды.

Рефлексті

түзетушілік

Балаларды мадақтау.

Тақырып бойынша сұрақ қояды.

Бізде қандай сабақ болды?

Біз сабақта не істедік?

Сендерге сабақ ұнады ма?

Ұнаса несімен ұнады?

Сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Қыс мезгілінде ойналатын ойындардың түрлерімен танысты.

Қандай түсініктерді игерді:Мұқият тыңдауға, сұрақтарға толық жауап беруге.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Статикалық жаттығуларды жасай алады









№ 1. 2-кішкентайлар тобының

Ұйымдастырылатын оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру: «Қатынас»

Бөлімдері: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Тағамдар»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға тағамдар туралы түсінік беру,нанның адам үшін маңыздылығын түсіндіру.

Дамытушылық: Бақылағыштығын,қиялын дамыту.

Түзетушілік: Тілдің лексико-грамматикалық құрылымын қалыптастыру

Тәрбиелік:Нанды құрметтеуге тәрбиелеу .

Сөздік жұмыс: Тағамдар-пища

Өткізген мұғалім Мұхаммедина С.Ғ. Күні айы.14.01.2013ж

Әрекеттердің

кезеңдері

Логопед-мұғалімнің әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық оятушылық

Статикалық жаттығуларды жасайды. «Төбешік», «Түтікше»

Статикалық жаттығуды қайталайды.

Ұйымдастыру

Іздеушілік

Мұғалім балаларға жұмбақ жасырады:

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар.

(Бидай )

Дұрыс, балалар бүгін біз сендермен тағамдардың түрлерімен танысамыз.

Ыдысқасалынғанәртүрлітағамтүрлерінбалалардыңназарынаұсынады. Балаларданолартуралы не білетінінсұрайды.

Тиым сөздер.

Нанды бір қолыңмен үзбе.

Нанды жерге тастама.

«Бәліш пісірейік»сергіту сәті

Нан илейік-балалар массаж жасайды.

Нанды жаяйық-алақандарын алға-артқа жүргізіп.

Ортасына кептірілген қақ салайық -саусақтарымен шымшу.

Тосап жағайық ,гүлдермен сәндейік-арқаларына сурет салғандай көрсетеді.

Қызыға қарайды.



Мұқият тыңдайды.



Сергіту сәтінің сөздерін қайталайды.

Рефлексті

түзетушілік

Балаларды мадақтау.

Тақырып бойынша сұрақ қояды.

Бізде қандай сабақ болды?

Біз сабақта не істедік?

Сендерге сабақ ұнады ма?

Ұнаса несімен ұнады?

Сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Нан-қадірлі ас.

Қандай түсініктерді игерді:Мұқият тыңдауға, сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Статикалық жаттығуларды жасай алады





© 2010-2022