Фигуралар түрлері 1 сынып

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика


Сабақтың тақырыбы: Фигуралар түрлері

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Нүкте қою, сол нүктемен бірнеше түзу жүргізіп, нүктелерді қатар-қатар жиілетіп қойып, түрлі сызықтар салғызып, кесіндінің пайда болуын түсіндіру.

2.Тәрбиелік: Геометриялық фигуралардың әрқайсысының қай жерлерде кездесетінін ескеруге,байқампаздыққа тәрбиелеу .

3.Дамытушылық: Балалардың нүкте, сызық, түзу, кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: электрондық оқулық,интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)Сабақтың мазмұны. Нүкте. Сызық. Түзу.

Сабақ жазықтық ұғымын түсіндіруден басталады. Партаның беті, еден, алдарындағы қағаздың беті, т.б. жазықтық екені түсіндіріледі.

1. Практикалық жұмыста қолдарына қалам алып, алдарындағы қағаздың бетіне ұшын тірейді. Қаламды көтереді. Не пайда болды? (Нүкте). Енді сол нүктеге жанастырып бірнеше нүктелер салыңдар. Не пайда болды? (Көп нүкте. Сызық).Сызықтың түрлері: түзу, қисық, сынық.

2. Жіпті алып партаның бетіне тастайды. Қандай сызық пайда болды? (Қисық сызық). Жіпті екі ұшынан ұстап кереді. Не пайда болды? (Түзу сызық). Сызғышпен таныстырып, қағаз бетіне бір нүкте белгілеп, сол нүкте арқылы түзу сызық жүргізіледі. Тапсырма бірнеше рет қайталанады. Бір нүктеден сансыз көп түзу жүргізуге болады деген тұжырым жасалады. Суреттегі түзулер, сымдар жайлы әңгімеленеді.

Сергіту: Балақай.

3. Интерактивті тақтамен жұмыс,электрондық оқулықтан нүкте, сызық, түзу, кесінді туралы көрсету,түсіндіру. Тапсырмаларды балаларға орындату.

4. Қарындаш тапсырмасында берілген нүктелермен түзулер жүргізу тапсырылады. Сабақта нүкте, сызық, сызық түрлері, түзу, бір нүктеден түзу жүргізу туралы мағлұмат беріледі.Бір үйден екінші үйге жету үшін ең қысқа жолға түсу. Жолдардың қандай екенін айту.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін тақырыпқа сәйкес ерікті жұмыс түрлері тапсырылады.Екі нүкте арқылы түзу жүргізуБалалардың алдына бір-бір парақ беріліп, оның бетіне екі нүкте белгілетіп, сол екі нүктені бастыра түзу жүргізеді. Осы екі түзуді бастыра тағы басқа түзу жүргізіледі. Екі түзу бір-бірімен беттескенде екі нүктеден бір ғана түзу пайда болады, - деп тұжырымдайды Тапсырмада екі нүктені бастыра жүргізілген түзулерді үстінен бастырып тағы түзу жүргізуге болатынын екі нүкте арқылы бір түзу жүргіздік деген тұжырым нақтыланады. Бір нүкте арқылы жүргізілген түзулердің үстінен тағы түзулер жүргізіп, бір нүкте арқылы сансыз кеп түзу жүргізуге болады деген тұжырымды тағы бір рет қайталайды. Оқулықта берілген суреттерге сәйкес есеп құрастырылады, Мысалы:

Қарындаш тапсырмасы берілген нүктелерді (түсіне қарай, екі қара, қара, көк) бастыра түзу жүргізу тапсырылады.

5. Кесіндінің пайда болуын практикалық жолмен меңгертеміз. Ұзын жіпті (арқан) алып, екі балаға керіп ұстатып, сол түзу жіптен кесінді кесіп алады. Алынған жіптің кесіндісі арқылы оның ұзындығының белгілі бір өлшемі бар екендігін түсіндіреміз.

Оқулықта көрсетілген шаршының қабырғалары өзара бірдей 4 кесіндіден; үшбұрыштың қабырғалары 3 кесіндіден; балтаның қабырғалары 6 кесіндіден; қарға тұяқтың қабырғалары да 6 кесіндіден тұратындығын балаларға үйрету. Кесіндінің ұзындығын циркульдің көмегімен өлшеп салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Сол сияқты үшбұрыш, шаршы, тұмарша, ботакөздердің әрқайсысының қабырғалары неше кесіндіден тұратындығы анықталады. Берілген геометриялық фигуралардың орнын ауыстыру әрекетінің алгоритмін балалардың ездеріне тапсыру. (Үшбұрыш бірінші торкөзге ауыстырылды, оның орнына шаршы ауысты). Бұл сабақта кесінді туралы ұғыммен, дәлдікке үйрету көзделеді.

Сабақты қорытындылау: Сабақ ұнады ма? пікірлесу


© 2010-2022