Ортаңғы топ. Тақырыбы Саяхат сабағы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық.

Бөлімі:Тіл дамыту, жапсыру.

Мақсаты:Балалардың үй жануарлары,ертегілер және пішіндер, түстер туралы алған білімдерін бекіту.

Сөздік қорларын молайту.Ойлау ,есте сақтау қабілетін дамыту.Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, табиғатқа, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер, технология: «Луллия»шеңбері, Д/о «Төлін тап», «Кюизинер»таяқшасы,әңгімелесу,талдау,ой қозғау.

Қолданылған көрнектілік:Сюжетті ертегілер,ән ,көктем суреті.

Билингвизм: түстер-цвета,үй жануарлары-домашные животные,

1.Шаттық шеңбер

Күн шуағы тамаша ма ?Тамаша

Жел турғаны тамаша ма? тамаша

Достарымен бірге жүрген тамаша ма? тамаша

Ана құшағы тамаша ма? тамаша

Енді бір-бірімізге қарап жылу сыйлайық. Алақанымызды жауып жылы сөз айтып, осы жылы сөзді қонақтарымызға сыйлайық.

2.Балалар бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр ,ендеше тәртіпті, тіл алғыш екенімізді көрсетейік.

Екі орталықпен жұмыс жасаймыз.Тілдамыту орталығы «Саяхат »сабағы ,ал жапсыру орталығында «Төлдер»

Ал, текшелер арқылы екі орталықты таңдап алайық .Әр аялдамаға көлік түрлерімен саяхатқа шығайық.

. -Сәттілік тілеймін.

Балалар ол орталықтарға бару үшін мына түрлі -түсті таяқшалардан алдын- ала жол жасап қойған болатынбыз,

енді, осы 1 -ші аялдамаға паровозша зуылдап барайық, жапсыру орталығының балаларын жолда тастап кетемиз.---ду -ду-ду -ду -Орталықтарға жайғасамыз,тынышталамыз.

Тілдамыту орталығы 1-ші аялдама тапсырмасы:Т ірек-сызба арқылы жұмыс жасау.

Қар мұз еріп, Су көбейіп

Сай салаға ағады,

Бүршік шашып , жапырақ ашып,

Гүл бәйшешек басады.Айтындаршы ,бөбектерім бұл қай кезде болады. КөктемКөктем мезгілін талдау, тақпақтар айту.

Жақсы, тамаша балалар!

2 аялдамаға бару керек. Оған, қанекей, ұшып барайық.Ұшақ болу.

Д/О: «Төлдерді тап» Осы «Луллия»шеңбер арқылы үй жануарларының төлдерін атай отыра әңгімелесу.Төлдерді енелерімен беттестіру.

Төрт түлікке байл тақпақтар айту, пайдасын әңгімелеу.

Осы төрт түлікті бір сөзбен айтқанда үй жануарлары дейміз ғой.

Қазақ халқы төрт түлікті жақсы көргендіктен оларды балаларына теңеген.

-«ботақаным, қошақаным, құлыншағым» деген

Сергіту сәтіне екі орталықтағы балаларды жұмылдыру.

Музыка арқылы бой жазу.

-Рахмет балалар.-

-Жапсыру орталығы өз жұмыстарын жалғастыру.

3 аялдама палас үстінде «Көңілді саусақтар»

Түрлі түсті таяқшалар арқылы әр түрлі текшелер жасау, дәлелдеу,түстерді көрсету

Санамақтар айту,саусақ жаттығуларын көрсету.

Көңілді саусақпен аспаптарда ойнау.

Тамаша ,балалар! Қандай тәртіпті, ақылды балалар!

4 аялдама «Ертегілер елінде» шеңбер арқылы Ертегі кейіпкерін топтастыру,қысқаша мазмұнын айта кету.Әр ертегі бойынша тәрбие беру.

-«Мақта қыз», «Түлкі мен тырна»,»Бауырсақ», » Шалқан»,»Жеті лақ» ертегісін талдау,ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру.

Рахмет балалар!Тамаша балалар екенсіңдер!

Орталықтағы балаларды палас үстіне шақыру.Жапсыру орталығының, Тілдамыту орталығының балаларының жұмыстарын мақтау, мадақтау,тамашалау.Балаларды орталықтармен ауыстыру.

Рахмет балалар!

Болжамды нәтиже:

Білу керек: Балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша тапсырмаларды орындай білу.

Қалыптасқан әрекет: Үлгіге сүйене отырып,бағдар бере отырып жұмыс жасай алуы.

Істей біледі: Нұсқау бойынша өз еріктерімен жұмыс жасауы.













© 2010-2022