4 саны және цифры/МАД тобы/

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Кіші сала: Математика

Тақырыбы: 4 саны және цифры. 4 санының жасалу жолдары. .

Мақсаты: 4 саны және цифрымен таныстыру, 4-ке дейін ретімен санауға үйрету,бірнеше заттар тобын салыстыра білуге,үлкен санды тани алуға жаттықтыру. Көрнекі құралдар: 1-4 цифры, суреттер:,геометриялық пішінге ұқсас (төртбұрыш)

Билингвалдық компонент: төрт - четыри

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Ынталандыру-оятушы кезең.

Тосын сый:

Армысын алтын күн.

Армасын жер - ана.

Армысын балалар.

Сәлеметсіз бе, апай!

Қонаққа мысықтар келеді.

Балалар шеңберге тұра-

ды, сөздерді қайталайды

бір -біріне қарап күледі.

Балалар қызыға қарсы алады

Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең.

Тақтада 4 үйшік және 3 мысықтың (ақ және сұр) суреті ілінген. Әр түрлі үйде 4 мысық өмір сүріпті:

-біріншісі ... (ақ)

-екіншісі ... (сұр)

-үшіншісі ... (қоңыр)

-төртінші... Бірақ ол қайда? Мүмкін мен дұрыс санамаған шығармын? Балалар санап ойланып қорытынды санды айтады.

-а-а, ол, міне жасырынып қалыпты. 3 мысық болған еді, тағы біреуі жүгіріп келді. Неше мысық болды? төртінші мысықтың түсі қандай?

-Қара мысықтың не үшін тығылып қалғанын мен білетін сияқтымын. Үш мысықтың үйшігінде цифрлар бар, ал оның үйшігінде цифр жоқ. Қане, біз оған көмектесіп, үйшіктерді санайық. Барлығы неше үй? Қара марғаудың үйінде қандай цифр тұру керек?

-Ал ол қалай жазылады, мен білмеймін. Кімнен сұрасақ екен? Қоянның суреті пайда болады.

-Міне, данышпан қоян, ол бәрін біледі. Бірақ балалар таныс цифрлар неге ұқсайтынын еске түсіріңдер?

Қоян ризашылығын білдіріп, 3 цифрының артынан 4 тұратынын айтып, жазылуымен таныстырады. Тәрбиеші мен балалар қоянға рақметтерін айтады, қоян қоштасып кетеді. Тәрбиеші қара мысықтың үйшігіне 4 цифрын жазады.

Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті. Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.

Тікірейіп құлағы,

Менімен бірге тұрады.

Бойын жазып керіліп

Беті қолын жуады

Мяу, мяу.

Мысықтар жарысып, қуып ойнағанды жақсы көреді. Ендеше балалар бізде ойын ойнайық.

Ойын: «Мысық пен тышқан» Балалар қызыға қатысады.

Қорытындылау

Бүгін біз қандай санмен таныстық?

Қандай фигурамен таныстық?



© 2010-2022