Методическую разработку музыка Көкек

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 1 9. 20

Өткізілген мерзімі: 18 . 11. 2015 ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Көкек» әні

Мақсаты: . әнді мерекелік көңіл күймен жеткізе білуге үйрету;

. құстарды сүйе білуге тәрбиелеу;

. музыка характерін қимыл- қозғалыспен бере білуге жаттықтыру.

Қажетті құралдар: қарлығаш, ойыншылар санына сәйкес музыкалық балғалар,

көкектің суреті.

Билингвалды компонент: көкек- кукушка, қарлығаш- ласточка, балға- молоток.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Тәрбиеленушінің іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Жетекші музыка ырғағы бойынша балалармен амандасады.

Марш ырғағы ойналады.

Қарлығаш ұшып келіп, амандасады. Өзінің жылы жаққа ұшып кеткенде балалардың кішкентай болғандарын, олардың әндерін сағынғанын айту.

- Балалар, ендеше қарлығашқа қыс бойы не үйренгенімізді көрсетейік.

Музыка жетекшісімен амандасады .

Марш ырғағымен шеңбер бойында жүріп,аю, қоян, түлкінің қимылдарын жасайды.

Орындарына барып отырады

Қарлығашпен амандасады.

Ұйымдастырушы- лық ізденістік





Ұйымдастырушы- лық ізденістік

Музыка тыңдау

И. Глинканың «Полька» әнін тыңдату.

Дауыс жаттығуы.

«До, ре, ми» жаттығуын айтып, дауыстарын жаттықтыру.

Көкектің суреті көрсетіледі.

Ән айту

«Көкек» әнін үйрету.

(Әні: Н. Дүкенбай, сөзі: М. Жаман-балинов)

«Серуен» ойыны

Балалар шеңбер бойымен отырады. «Балалар, біз қазір серуенге шығамыз, бірақ ерекше серуен. Біз топта серуендейміз, ал музыкалық балғалар бізге көмектеседі. Міне, біз сендермен баспалдақпен төмен түсіп бара жатырмыз»,- жетекші ақырын, баяу балғашықпен алақанға соғады. Балалар осы ырғақ бойынша қайталайды.«Ал енді біз далаға шықтық,күннің көзі жарқырап тұр, барлығы қуанып жүгіреді. Міне, солай!»- жиі қағыстармен жүгірісті береді. Балалар қайталайды. «Айзере қолына допты алып, ақырын жерге соғады»- жетекші тағы да балғамен баяу қағыстар соғады. Балалар қайталайды. «Қалған балалар тез секіре бастай-

ды»,- балғашықпен тез соғады. Балалар қайталайды.«Бірақ, кенет аспан бұлттанып, күннің шуағын жауып тастайды, жаңбыр бастала-

ды. Басында кішкене тамшылады, содан кейін қатты жаңбыр жауды»,- жетекші балғашықты соғу ырғағын тездетеді. Балалар қайталайды. «Балалар, шошып, балабақшаға жүгіріп кетеді»,- жылдам ырғақпен балғашықты соғады.

Әнді тыңдайды.

Дауыстарын жаттықтырады.

Суретбойынша әңгімелейді.

Әнді жаттайды.


Ойынды ойнайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Қарлығаш балалардың қыс бойы өсіп қалғандарын айтып, қоштаса-

ды. Марш ырғағы ойналады.

Қарлығашпен, жетекшімен қоштасып, музыка марш ырғағымен шығып кетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

әнді мерекелік көңіл күймен жеткізе білуді.

Нені игереді

ырғақты дұрыс соғуды.

Нені біледі

музыка характерін қимыл- қозғалыспен бере білуді.

Тәрбиеші: Карпеева.Г.О.

Тексерген: Оразбекова.М.Т.







© 2010-2022