Ашық сабақ: «Ұшақтар шеруі»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ: «Ұшақтар шеруі»6 «Айгөлек» тобында ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы

Күні,айы,жылы:____01.04.2015 жыл_____________

Білім беру саласы: Шығармашылық.таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: аппликация

Тақырыбы: «Ұшақтар шеруі»

Мақсаты:

1.Білімділік: балаларға ұшақтар шеруі туралы түсінік беру

2.Дамытушылық: жіңішке қиықтарды қиюға үйрету,қуанышты көңіл күй қалыптастыра отырып есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: Отанын,елін сүюге тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: шеру,ұшақтар шеруі,достық шеруі

Әдіс-тәсілдері:_____________________________________________________________________

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Педагог шаттық шеңберін ұйымдастырады.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Арайлап таң атты!

Алтын сәуле таратты!

Жарқырайды күніміз!

Жарқырайды даламыз!

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң достарым!-деп бір-бірімен амандасып,көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Іздену-ұйымдастырушы

Педагог үлгі дәптердің 82-бетіндегі көріністегі еліміздің астанасы,үлкен қалалары,сәнді үйлері туралы әңгімелейді.

-Балалар әуедегі ұшақтар неге тізіліп ұшып барады?

Бүктемедегі түрлі суреттерді көрсете отырып,балаларға шеру,ұшақтар шеруі,достық шеруі туралы салыстыра отырып түсіндіреді.

Билингвальды компонент:ұшақ-самолет,шеру-парад,мерекелік шеру-праздничный парад,достық шеруі-парад дружбы.

-Балалар,шеру қай кезде болады?

-Ұшақтар шеруі қайда болады?

Педагог:

-Бүгінгі жапсыру оқу іс-әрекетінде көп ұшақтар қиып,біз де ұшақтар шеруін жасайық.Мына үлгі қағазға бәріміз бір-бір ұшақтан жапсырып үлкен шеру жасаймыз.

-Қане,онда бастайық!

1.Үлгі дәптердің 90-бетіндегі көк жолақтағы ұшақтарды үш бөлікке қиып алады,әр қиындыны бүктеу сызығы арқылы екіге бүктейді.

Педагог қауіпсіздік ережелерін ескертеді.

Сергіту сәті.

Орныыздан тұрайық

Ұшақ болып ұшайық

Қыпанға ұқсап биікте,

Қанат қағып самғайық.

2.Үлгі сызық бойымен ұшақтың сызбасын екіге бүктеп,қиямыз.Педагог жіңішке қиындыларды кесуді өте ұқыпты,сондай-ақ абай болу керектігін ескертіп,бір үлгіні кесіп көрсетеді.

Саусаққа арналған жаттығу.

«Музыкалық аспаптар»

-домбыра тартылады;

-баян ойналады;

-күйсандық ойналады;

-сыбызғы ойналады.

3.89-беттегі сюжетті суретті шеруімен толықтырып жапсырады.Жұмыс жасау барысында көмек қажет балаларға педагог көңіл бөледі.

Әңгімені мұқият тыңдайды.

-Олар ұшақтар шеруін құрып барады.

Суреттерге балалар қызыға қарайды.

Балалар қайталайды:ұшақ-самолет,шеру-парад,мерекелік шеру-праздничный парад,достық шеруі-парад шеруі.

-Мереке кезінде

-Аспанда болады.


Балалар үлгі қағаздарын алып,оқу іс-әрекетіне дайындалады.

Тапсырмаларды орындау барысында балалар қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіреді.

Балалар:

-қолдарын жоғары,оңға,солға сермеп,еңкейе бұрылып қозғалады;

-қанаттарын жайып қалықтайды.

Педагогің көрсетуі бойынша ұшақтарды қиған кезде өздері білетін бүктеп қию әдісін пайдаланады.

Балалар қолдарымен әр аспапқа қатысты қимылдар жасайды.

Қиып алған ұшақтарын 89-беттегі сюжетті суретке жапсырады.

Рефлексті коррекциялаушы

Балалардың жұмыстары көрсетіліп бағаланады.Педагог балаларды мадақтайды.

Балалар жасалған жұмыстарынан «Ұшақтар шеруі»көрмесін ұйымдастырады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: ұшақты бүктеп қию әдісін пайдаланып;

Нені игереді: ұшақтар шеруі айтулы мереке кезінде болатынын

Нені біледі: бүктеп қию әдісін

Тексерілді

Балабақша әдіскері

Аймағанбетова С.К.

«__27_» ______03________ 2015

© 2010-2022