Тақырыбы: Өз тілімді суйемін!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балбөбек» бақшасы КМҚК



Тақырыбы: Өз тілімді суйемін!







Тақырыбы: «Өз тілімді сүйемін»

Мақсаты: Балаларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, өз тілін ана-тілін сүюге тәрбиелеу, сөздік қорын молайту, тілін дамыту, ана тілінде анық сөйлеуге, байланыстырып өз ойын дұрыс айтуға үйрету.

Көрнекілігі: Топты тақырыпқа сай безендіру, нақыл сөздер.

Балаларды ұйымдастыру.

Балалар апайлармен,қонақтар мен амандасады.

Таңғы шеңбер: Армысың алтың күн,

Армысың жер Ана

Армысың көк аспан

Қайырлы күн, балалар!

  • Қәне, балалар орнымызға отыра қояйық.

Бүгінгі оқу іс -әрекетіміздің тақырыбы.

«Өз тілімді сүйемін» деп аталады.

Ең алдымен Қазақстан Республикасының Гимінін айтайық.

Жарайсыңдар, балалар.

  • Енді мына суретке қараңдаршы?

Суретте не көріп тұрсыңдар

  • Ана, бала, бесік.

Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар. Бұл суретте баласың жұбатып отырған ана, бесік бейнеленген.

Ана тіліміз ананың ақ сүтінен әлдилеген бесік жырынан құлағымызға сіңіп, бойымызға дарыған екен. Әр халықтың өз ұлты, өз тілі, өз салт - дәстүрі бар.

Тіл - ұлттың белгісі, халықтың мұрасы.

  • Балалар біздің ұлтымыз кім?

  • Біздің ұлтымыз қазақ.

  • Біз қай тілде сөйлейміз?

  • Біз қазақ тілінде сөйлейміз.

  • Біздің еліміз қалай аталады?

  • Қазақстан Республикасы

  • Біздің елбасымыз кім?

  • Н.Ә.Назарбаев.

Балалар біздің ұлтымыз қазақ, өзіміз қазақ тілінде сөйлегендіктен, біздің ана тіліміз қазақ тілі. Сондықтан біздің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

(Осы кезеде, есік қағылып Әже бесігімен кіреді)

Сәлеметсіздер ме балалар, сәлеметсіздер ме қонақтар.

Балалар, мен сендердің дауыстарыңды алыстан естіп, әдейілеп келдім. Сендердің жақсы қасиеттеріңді, өнерлеріңді көрейін деп келдім.

Иә, әже дәл келдіңіз, төрлетіңіз, біздің айтқан өлең, тақпақтарымызды тамашалап отырыңыз.

  • Кәне, балалар біз әжемізге қандай өнер көрсете аламыз.

Тақпақтарымызды айтайық.

Ақерке: Ана тілім -елдігім,

Ана тілім - ерлігім

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім

Рауан: Ана тілім ырысым

Ана тілім қылышым

Нұр: Ана - тілсіз тарылар,

Кең дүниеде тынысым

Айбек: Ана тілі асыл күні бабамның

Қуатымсыз ақ сүтіндей анамның

Алдияр: Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдар,

Туған тілді жаттап өскен баламын

Тағы да тақпақтар айталық.

Айбек: Мен кішкентай баламын

Айтқан тілді аламын

Мамам нанға кеткенде

Үйде ойнап қаламын

Ия, балалар сендер ана тілінде тақпақ айтып, ана тілінде сөйлеулерің, ананың ақ сүтінен әлдилеген бесік жырынан құлағымызға сіңген. Сендерде кіп -кішкентай бөпе болып бесікте жаттыңдар.

  • Сендер кішкентай сәби болғанда, аналарын бесікте қандай ән айтты.

Бесіке жырын.

  • Кәне балалар барлығымыз бесік жырын айтайық.

(Бесік жыры орындалады) Әже бесігін тербетіп, балалармен бірге айтады.

Әже: жарайсыңдар, сендердің өлеңдерің маған ұнады, енді мен сендерге тіл туралы

мақал - мәтел айтайын.

Естеріңе сақтап жүрерсіңдер.

Әже:

1 .- Өнер алды қызыл тіл.

2. - Тіл тас жарады

Тас жармаса бас жарады.

3. - Шебердің қол ортақ

Шешеннің тілі ортақ


4. - Басқа бәле тілден.


  • Рахмет, әже есімізде сақтаймыз, келесі оқу іс -әрекетімізде қайталайтын

боламыз.

  • Енді балалар, қазір біз «Суреттерді ата» деген дидактикалық ойын ойнаймыз.

Мен сендерге бірнеше суреттер көрсетем. Суреттердің атын атайсыңдар.

Мынау не ? (нан)

Мынау не ? (алмұрт)

Мынау не ? (лақ)

Мынау не? (кеме) т.с.с.

Жарайсыңдар, балалар.

Сонымен, біздің ұлтымыз кім? (қазақ)

Біз қай тілде сөйлейміз? (қазақ)

Балалар, сендер бүгінгі оқу іс -әрекетімізде ана тілімізді, қазақ тілінің мемлекеттік тіл екенін білдіңіздер, ана тілі туралы тақпақ, өлеңдер айтып үйрендіңдер.

Әжеміздің айтқан мақал - мәтелін келесіде жаттап алатын боласыңдар.

Барлығыңда ойынға да жақсы қатыстыңдар жарайсыңдар.

Туған тілім -бабам тілім өз тілім

Туған тілім - анам тілім өз тілім

Туған тілім - далам тілім өз тілім

Туған тілім - адам тілім өз тілім

  • Кәне, балалар бүгінгі оқу іс - әрекетімізді «Бала, бала балақан» әнімен

аяқтайық. Хош, сау болыңыздар!



© 2010-2022