Аяз атаға қонаққа барамыз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Денсаулық Аяз атаға қонаққа барамыз

Бөлімі: Денешынықтыру

Тақырыбы: "Аязатаға қонаққа барамыз"

Мақсаты: Екі аяқпен екпінмен серпіле, аяқтың ұшына тұруды үйрету.Сап -тізбекте өз жұбын есте сақтау қабілеттерін дамыту.Доғалдың астынан өту, орындықтар арасынан және керілген секіргіштің үстінен аттап өту қимылын дамыту.

Аязата туралы түсінігін қалыптастыру.

Қолданатын құрал - жабдықтар: Аязата, Аю, шырша, шырша ойыншықтары, доға, сылдырмақ,саңырауқұлақтар,құлпынай,хат.

ҰОІӘ барысы:

Балалар залға кіреді.

Шаттық шеңбер

Аспан шайдай ашылды,

Жерге сәуле шашылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң,қайырлы күн...!

Тәрбиеші: Балалар,далада жылдың қай мезгілі?

Балалар:Қыс

-Қыс мезгілінде қандай өзгешіліктер болады?

-Қар жауады,салқындайды,боран болады.

Қыста жылы киініп,жылдам жүрмесек тонып қаламыз.

Ендеше біздер сапты бұзбай біріміздің артынан біріміз жүру керекпіз.

Жаттығулар жасау

1 Саппен шеңбер бойымен жүру.

2Сылдырмақпен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары()

3Белгі бойынша бағытты өзгерте жүру(алаңның бір шетінен екінші шетіне жүгіру арақашықтығы 10метр)

(Есікті қағып аю келеді,қолында хаты бар)

Тәрбиеші:Сен кімсің?

Аю: Мен Аю панмын.Мені сендерге Аязата жіберді.Мына хатты жолдады.

Тәрбиеші: Қане оқиық

Хатта былай деген:

«Саламатсыңдар ма балалар! Мен сендерге сыйлық әзірлеген едім, берейін десем,сендерге бара алар емеспін.Жолда көп кедергілер бар екен.Сондықтан мен сендерді қонаққа шақырамын. Асыға күтемін.Сәлеммен Аязата» депті.

Тәрбиеші: Балалар,кане, Аяз атаға қонаққа барамыз ба?

Балалар: Иә!

Тәрбиеші: Балалар,Атамыз алыста тұрады ол үшін біздер мына орманнан өтеміз онда қандай жыртқыш аңдар мекендейді?

Балалар:Қасқыр,түлкі,қоян.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар мына қоян қасқырдан өтеалмай тұр екен көмектесеміз бе? бізді естіп қалмасын аяқтың ұшымен жүрейік.

1)Аяқтың ұшымен жүру.

Мынаны қараңдар алдымызда үлкен тау бар екен соның астынан Мына тышқандар өтуге қорқып тұр тышқандарға көмектесеміз бе? біріміздің -артынан кезектесіп итермей өтейік.

2)Доға астынан өту

Келесі кедергіні қараңдар мына судан қалай өтерін білмей қоян тұр екен

көмектесеміз бе?

3)Шығыршықтардан секіру.

-Балалар,мына Ботаны қараңдар керілген секіргіштің үстінен аттап өту керек

4)Керілген секіргіштің үстінен аттау.

Тәрбиеші: Мінекей Аяз атаның үйіне де келіп қалдық(есікті тұртеді ішінен Ата шығады).

Аяз ата:

-Қош келдіңіздер! Қандай тамаша балалар екенсіңдер! Маған жету қиын болды ма?

-Ой қорбаңбай аю мына ойыншықтарды шашып алдың ба?

Менің шыршамның ойыншықтары шашылып қалды,маған ойыншықтарды жинап шыршаға тағып беріңдерші.

Тәрбиеші: балалар, көмектесеміз бе?

Ойын «Шырша ойыншықтары».

Аяз ата: -Жарайссыңдар, көп рахмет сендерге.

-Балалар,маған жеткенше кедергілердің бәрін ? .Сендер мықты екенсіңдер спортпен көп жаттықсаңдар денсаулықтарың мықты болады.Сендерге сыйлықтарымды берейін.Мен немерем Ақшақармен Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға келемін.Жаңа жылда көріскенше!Сау болыңдар!

Аю:

- Мен сендерді шығарып салайын.

Тәрбиеші:Балалар мына кедергілерден тездетіп өте аламыз ба?

-Кәне қандай шапшаң екендеріңді көрсетейік.

1)Аяқтың ұшымен жүру.

Мынаны қараңдар алдымызда үлкен тау бар екен соның астынан Мына тышқандар өтуге қорқып тұр тышқандарға көмектесеміз бе? біріміздің -артынан кезектесіп итермей өтейік.

2)Доға астынан өту

Келесі кедергіні қараңдар мына судан қалай өтерін білмей қоян тұр екен

көмектесеміз бе?

3)Шығыршықтардан секіру.

-Балалар,мына Ботаны қараңдар керілген секіргіштің үстінен аттап өту керек

4)Керілген секіргіштің үстінен аттау

Тәрбиеші:Балалар,шаршадыңдар ма?

Аю панға рахмет деп құр шығарып салмайық ойын ойнасақ қалай болады?

Ойын «У медведя во бору»

(жинаған құлпынай мен саңырауқұлақты аюға сыйға берейік)

Аю: -балалар көп рахмет. Сау болыңдар!

Тәрбиеші:Балалар біздер кімге қонаққа бардық?

Балалар: Аяз атаға.

Тәрбиеші:Бәріңе көп рахмет.Мадақтау бағалау.

Аяз атаға қонаққа барамыз



Саламатсыңдар ма балалар!

Мен сендерге сыйлық әзірлеген едім,

берейін десем,сендерге бара алар емеспін.

Жолда көп кедергілер бар екен.Сондықтан мен сендерді қонаққа шақырамын.

Асыға күтемін.

Сәлеммен Аяз ата



© 2010-2022